Ұйымдағы жоспарлауды ұйымдастыру негізі



Дата17.03.2023
өлшемі33,88 Kb.
#75118
Байланысты:
4 тапсырма менеджмен маркетинг


Ұйымдағы жоспарлауды ұйымдастыру негізі

Орындаған: Матайбаева Б

Қабылдаған: Умбеталиева А.Д


Жоспарлау жүйеге ықпал ететін белсенді басқару процесі болып табылады, сол арқылы белгіленген мақсатқа жету үшін өндірістіқ даму қарқыны, материалдық көздері мен оны жетілдіру әдістері анықталады, Басқарудың басты функциясы ретінде жоспарлау:
- ұйымның болашақтағы дамуын анықтайды;
- алға қойылған мақсатқа жетудің жолдары мен әдістерін белгілейді;
- міндетті орындауда болуы ықтимал зардаптарды көре білуді қамтид.
Жоспарлаудың маңызы болып қоршаған сыртқы орта факторларының әсері мен ұйымның ішкі мүмкіндіктерін бағалай отырып мақсаттарды белгілеу және сол мақсаттарды жүзеге асыруда тиімді әдіс жолдарын таңдап алу табылады. Нарық жағдайындағы жоспар өндіріс пен өткізу көрсеткіштерін үнемі қадағалап отыру мақсатында маркетинг жүйесі және бақылау процесімен тығыз байланыста болады.
Осыдан барып жоспарлау барысында ұйым деңгейінде жузеге асырылатын төмендегідей міндеттерді атап өтуғе болады
1 нақтылы мерзім ауқымында белгіленген мақсаттар мен оны орындаудағы іс-әрекеттер;
2. қажет етілетін адамдык, материалдык, ақпараттық басқа да ресурстары іздестіру;
3. басқару жуйесі мен ұйымдық құрылымды қалыптастыру және ақпараттар тасқынын реттеу;
4 еңбек өнімділігі мен пайда деңгейін арттыру, өндіріс барысы мен құрал-жабдықтарды ұтымды пайдалану және жақсарту жолдарын қарастыру;
сенімді бақылау жүйесін қамтамасыз ету арқылы міндеттерді орындаута қол жеткізу.
Басшылмқтың алдында турған проблемалар мен міндеттер әрдайым өзара байланысты әрекеттер жиынтығын талап етеді Осы тұста жоспарлауды ұйымның даму бағытын белгілейтін кешенді жиынтық ретінде қарастыра отырып, бірқатар бастапқы кезеңдерін атап өтуге болады.
Алғашқы кезенде ұйымның нақтылы жағдайы мен мумкіндіктерін, нарықтағы олар орнын бағалау және бәсекелестер мен қызмет жасау ортасын зерттеу орындалады.
Қаржылық жоспарлау мен болжау – бұл қаржы механизмінің қосалқы жүйесі, саналы басқарудың аса маңызды элементтерінің бірі және әлеуметтік-экономикалық жоспарлаудың құрамды бөлігі. Олар экономиканың үйлесімді және тепе-теңдік дамуына жетуге, біртұтас ұлттық шаруашылық кешенінің барлық буындарының қызметін үйлестіруге, қоғамдық өндіріс өсуінің жоғарғы қарқынын қамтамасыз етуге, халықты әлеуметтік қорғауға бағытталған. Қаржылық жооспарлаудың өзіндік ерекшелігі сол, бұл жоспарлау өндірістің материалдық-заттай элеметтері турасында, ақша қозғалысының салыстырмалы дербестігімен шарттасылған ақша нысанында жүзеге асырылады.
Қаржының табысты іс-әрекет етуі және қоғамдық үдерістерге белсенді ықпал етуі көбінесе қаржы ресурстарының қозғалысын, шаруашылықты жүргізудің барлық деңгелерінде ақша қорларын қалыптастырып, бөлуді алдын ала үлгілеуге байланысты болады. Мұндай үдеріс тәртіпті (реттілікті) анықтайтын өзара үйлесілген тапсырмалардың, көрсеткіштерін кешенді жүйесін жасауды, ақша түсімдерін жұмылдырудың прогрессивті нысандарын қолдануды қажет етеді.
Қаржылық көрсеткіштерді, белгіленетін қаржы операйияларын негіздеп дәлелдеуге, көптеген шаруашылық шешімдердің нәтижелігі сияқты, қаржылық жоспарлау мен болжау үдерісінде қол жетеді. Қаржылық жоспарлау мен болжау өте ұқсас ұғымдар. Олар экономикалық әдебиеттерде жиі теңдестіріледі. Іс жүзінде қаржылық болжау жоспарлаудың алдында болуы және көптеген нұсқаларды бағалауды жүзеге асыруы тиіс. Ұйымда қаржылық болжау сол ұйымды микро- және макродеңгейлерде қаржы ресурстарының қозғалысын басқарудың мүмкіндіктерін анықтайды. Ал қаржылық жоспарлаудың көмегімен белгіленетін болжамдар нақтыланады, нақтылы жолдар, көрсеткіштер, өзара үйлесілген міндеттер, оларды іске асырудың дәйектілігі, сондай-ақ таңдалынған мақсатқа жетуге көмектесетін әдістер анықталады.
Қаржылық жоспарлау – бұл қаржы жоспарларын әзірлеу, қаралған мерзімде оларды орындау, белгіленген мақсаттарға жетуге бағытталған үдеріс. Жоспарлау басқарудың элементі ретінде қаржы саясаты құралдарының бірі болып саналады. Ол ірі шаруашылық өзгерістерді байсалды және елеусіз жасауға мүмкіндік туғызады.
Қаржылық жоспарлаудың объектісі шаруашылық жүргізуші субъектілер мен мемлекеттің қаржылық қызметі, ал қорытынды нәтижесі қаржы жоспарлары мен қаржыландырудың жеке жоспарларынан бастап мемлекеттің жиынтық қаржы жоспарына дейінгі қаржы жоспарларын жасау болып табылады. Әрбір жоспарда белгілі бір мерзімге белгіленген кірістер мен шығыстар, қаржы және кредит жүйелерінің буындары мен байланыстары анықталады.
Қаржылық жоспарлаудың нақтылы міндеттері қаржы саясатымен айқындалады. Бұл жоспарлы тапсырмаларды орындауға қажетті ақшаның көлемі мен олардың көздерін анықтау, кірістерді өсірудің, шығыстарды үнемдеудің резервтерін анықтау, орталықтандырылған және орталықтандырылмаған қорлар арасында қаражаттарды бөлуде оңтайлы үйлесімдерді белгілеу және басқару.
Негізінде жоспарлау: экстенсивтілігімен, қарқындылығымен, тиімділігімен сипатталады.
Қаржылық жоспарлауда мынадай тәсілдемелер пайдаланылады:

  1. автоматтық (өткен жылдың деректері келесі жылға көшіріледі. Инфляция кезінде деректер инфляцияның коэффициенттеріне көбейтіледі). Бұл әдіс ең қарапайым әдіс болып табылады және әдеттегідей уақыт жетіспеушілігі кезінде пайдаланылады;

  2. статистикалық (өткен жылдардың шығыстарын қосып, өткен жылдардың санына бөледі);

  3. нөлдік база тәсілдемесі (барлық айқындамалар қайта есептелуі тиіс. Бұл әдіс нақтылы қажеттіліктерді есепке алады және олар мүмкіндіктермен үйлестіріледі).

Рыноктық экокномикада тауарлар мен қызметтерді өндіру мен өткізу үдерісіндегі байланыстың үстемдік және айқындаушы әдісі ақшаны, бағаны құн заңын, сұраным мен ұсыным заңын кіріктіретін өзінің механизмі бар рынок болады. Рыноктық механизмнің мұндай табиғаты өндіріс пен айырбас нәтижелерін анықтаудың әдісі ретінде, бірақ жоспарлаудың элементтері болатын болжаудың қажеттігін анықтайды.
Қаржылық жоспарлаудың мазмұны ақшалай табыстар мен қорланымдарды жасау, бөлу және қайта бөлуді экономикалық үдерістермен оңтайландырудың күні бұрын анықталған мүмкіндік ретінде және осының негізінде ортылықтандырылған және ортылықтандырылмаған ақша қорларын қалыптастыру және пайдалану.
Қаржылық жоспарлау экономиканы және оның буындарын басқарудың аса маңызды функциясы болып табылады.
Ұйымдардың және шаруашылық ұйымдарының қаржымен басқару процесі – басқа маңызды звеноның жалғыз қаржы – несие жүйесі - әр ұйымдардың қаржылық жоспарды құрудан басталады, бизнес- жоспарға кіретін соңғы бөлім, оның ішінде табыстар ақшалай формада көрінеді. Өндірістік және шаруашылық қызметінің басқа түрлерінің шығындары және қаржылық нәтижелері: қаржылық жоспарлар алдағы жоспарлы кезеңге ақшалай қорлардың қалыптасуы мен шығындалуы қарастырылады және осы арқылы олардың қаржыларын басқару процесі алдын ала анықталады.
Сақтандыру, несиелеу және басқа қаржы – несие жүйесінің басқаруы қаржылық жоспарға сәйкес жүзеге асырылады. Сонымен қатар қаржылық жүйенің әр звеносында басқару функциясы жетекші болып табылады.
Ұйым. Бұл қаржының басқару функциясын таңдауда және басқару органдарының құрылу жүйесінде сипатталады, бағыну тәртіптері бойынша әр ұйымның құқығының және міндетінің қаулысы болып табылады. Кең мағынада берілген функция өндіріс нәтижесінің жақсаруын сонымен қатар жаңа әдістерді өңдеу ықпалын болжайды. Мысалы: бюджетке таза табысты алу әдістерін таңдау, қаржыландырудың әртүрлі формаларының сәйкес келуі, банктік қызметтердің прогрессивті түрлерге енуі, ақшалай есептердің жандануы және тағы басқа. Ұйымның орындау нәтижесінің функциясы басқару амалдарының структурасын құруда нақтыланады және сәйкес жағдайларда тіркеледі, лауазымды нұсқауларда және тағы басқа нормативті құжаттауда анықталады.
Координация. Қаржымен басқару саласында координация ақшалай қаражаттардың шығындалған қорлары және қарастырылған жоспардың құрылу сатысы диспропорцияларды алып тастауды, қаржылық ұйымдардың бірлік әрекетінің қамтамасыз етілуін білдіреді. Бұл диспропорциялар шаруашылық шарттардың өзгеруі нәтижесінде пайда болды. Осылайша, координация ұйымдардың қаржысымен басқаруында қазіргі заманғы себептердің шығуы қаржылық жоспардың орындамаушылығы және қаржылық ұйымдардың сауығуы өндірісті өңдеу, өндірістің дамуында қаржыландырудың және несиелендірудің қосымша қайнар көздерін іздестіру, сонымен қатар уақытша қаржылық қиыншылықтардың жазылуы.
Ынталандыру. Берілген функцияны орындай отырып басқару органдары адамдардың іскерлік белсенділігін, материалдық және рухани қажеттіліктермен байланыстырады.
Қазіргі заманғы экономикалық шарттарда материалдық қызығушылықтың қолданылуы объективті қажеттілік болып табылады. Жұмысшылардың ынталандыру қызметі олардың қоғамдық, коллективтік және жеке көзқарастарының қанағаттандырылуы жолымен өтеді. Қаржы - экономикалық жүйенің көзқарастары экономикалық көзқарастармен және коммерциялық ұйымдармен, акционерлік қоғамның акционерлерімен тығыз байланысты.
Қоғам өндірістің дамуы және мемлекеттің қаржылық саясатының негізінде тиімді қалыптасуында, үй құрылысын қаржыландыру саласында, білім және мәдениет деңгейінің жоғарлауының қызығушылығын танытты. Мемлекеттік бюджетте осы қоғамдық қызығушылықтар ұйымдардың қаржылық ресурстарын есептеу арқылы қанағаттандырылады. Осы мақсатпен халықтан салық салу формасында адамдардың табыстарының бөлігі мемлекеттік бюджетке есептен түседі.
Ұйымда материалдық жауапкершіліктің тура формасына пени, айыппұлдар банктік ссудаларды уақытында жаппау, тәртіп бұзғанда алынады. Эффективті емес қызмет кезінде ұйымға банкроттық процедуралар қолданылады. Шаруашылық заңдылығын бұзған кезде ұйымның жетекшілеріне айыппұл жүйесі қолданылады. Шаруашылық ұйымдарға және басқа ұйымдардың жұмысшыларына айыппұлдар, сыйақыдан айыру, еңбек тәртібін бұзған кезде жұмыстан шығару қолданады.
Бақылау - басқару функциясының сферасында қаржылық қатынастарда ортақ мемлекеттік бақылаудың принциптері жүйесінде құрылды.
Қаржылық бақылаудың формалары мемлекеттік қаржылық саясаттың талаптарымен анықталады. Мемлекеттің қаржылық жүйесі ақшалай қаражат қорларының барлық түрлерін федеральді және региональді деңгейде, сонымен қатар шаруашылық субъектілерінің жеке деңгейінде қамтиды. Сондықтан да қаржылық бақылау көпдеңгейлі және жан – жақты болып табылады.
Мемлекеттік қаржылық бақылау мемлекеттің қаржылық саясатын өткізу және оларға өзінің функцияларының экономикасымен байланыстыру үшін арналады. Біріншіден, құрастыру - бюджеттік емес қорлар және барлық деңгейлі бюджеттердің орындалуы, бекітілуі, сонымен қатар мемлекеттік ұйымдардың және ұйымдардың қаржылық қызметіне бақылау болып табылады.
Қазіргі жағдайда ұйымның қаржысын жоспарлау саясатының негізгі нысаны - бизнес жоспар. Қазіргі кезде бизнес – жоспарлаудың қызметтері мынадай нысанда орындалады:
- бизнес стратегиясы мен оның даму концепциясын құру құралы;
- шаруашылық қызметтің жаңа бағытын бағалау құралы;
- несие тарту құралы;
- сыбайлас тарту құралы.
Бірінші функция мәні кәсіпкерлік қызметтің жаңа бағыттарын сату болып табылады. Екінші функция мәні - ұйым шаруашылық қызметін бақылау мен талдауда бизнес – жоспарды қолдану. Үшінші қызметінде бизнес – жоспар ұйымның несие қабілетін бағалаушы болады. Банкте несие беру үшін негізгі фактор болып бизнес – жоспар табылады. Банк ұйымдардан кепіл түріндегі қамтамасыз етуді емес, дұрыс жасалған бизнес – жоспар сүрайды. Төртінші қызметін орындауда кәсіпкерліктің жаңа түріне сыбайлас тарту стимулы болады.
Бизнес – жоспардың екі негізгі түрі бар. Біріншісі – 7 бөлімнен тұрады:
1. титул – ұйым рәміздері көрсетіледі;
2. ұйым қызметі мәнінің қысқаша мазмұны:
- жалпы мақсаттар, мақсатқа жету жолдары;
- бизнес концепциясы.
3. фирманың нақты жақын мақсаттары мен мақсатқа жету әдістері;
4 . нарық және бәсекелестік:
- нарық икемділігі;
- артықшылық;
- нарыққа шығу құны.
5. өнім – барлық өлшемдері, фирма көрсеткіштерін қызметтер мен олардың саласы;
6. жарнама және өткізу жоспары;
7. қаржылар туралы мәліметтер;
Бизнес – жоспардың екінші түрі 10 бөлімнен тұрады:
1. титул - ұйым рәміздері көрсетіледі;
2. кіріспе – жоба бойынша фирма қызметінің қысқаша мазмұны;
3. салаға салым сату анализі;
4. ұсыныстың жоба мәні;
5. өндірістік жоспар;
6. маркетинг жоспары;
7. ұйымдастырушылық жоспар;
8. тәуекел деңгейін бағалау;
9. қаржылық жоспар: өтелу мерзімі;
10. қосымша.
Бұл модельдер негізінде оны құрудың нұсқаулары бар, олардың мазмұны әртұрлі болады.
Бизнес – жоспардың көрсетілген түрлері онда қаржылық жоспар маңызды орынға ие екенін көрсетеді. Себебі ол алдыңғы жоспарлау кезеңдерінің ақшалай түрде жалпылауы болып табылады.
Бизнес–жоспардың бұл бөлігінің орналасуы:

  • бизнес–жоспардың нұсқасының табыстық болжамы және анықталуы;

  • болжанған бизнестің қаржылық потенциалын анықтау және болжау;

  • бизнес–жоспар үшін қажет инвесторлардың мөлшері мен мерзімін анықтау және болжау;

  • шаруашылық субъектілерінің активтері мен пассивтерінің мөлшеріне болжамдарын сату.

Бизнес–жоспар 5 жылдан кем емес уақытқа құрылады. Бірінші жылға квартал, айлар бойынша жоспар құрылады, ал қалған жылдарға бизнестің негізгі нәтижелерінің болжамдары жасалады.
Бизнесжоспарда қаржылық жоспарлаудың екі түрі ажыратылады: ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді.
Ұзақ мерзімді қаржылық жоспарлаудың негізі болып салық сомаларын амортизациялық шығындарының, табыс болжамын, капиталды меншік және қарыздыққа бөлу, бағалы қағаздарды шығару, несие алу мерзімдерін таңдауды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін капиталды қажетсінуді анықтау.
Қысқа мерзімді қаржылық жоспарлау жоспарлық қаржылық көрсеткіштерді қысқа мерзімге ( жыл, квартал, ай) есептеуді білдіреді. Қаржыларды жоспарлау басқа қызмет түрлері сияқты өз міндеттері мен мақсатына ие.
Қаржыларды жоспарлау мақсаты болып ақшалай қаражаттардың түсу мөлшері мен олардың жоспарлы кезінде шығарылуын анықтау табылады.
Жоспарлаудың міндеттері:

  • шаруашылық процесті қажет ақша қаржыларымен қамтамасыз ету;

  • бюджет, банк, сақтандыру органдары және тағы басқа шаруашылық субъектілері мен қаржылық қатынас орнату. Бұл қаржылық қатынастар түскен ақша мөлшерімен және берілген ақша көлемімен (салық, несие пайызы, сақтандыру салымдары)өлшенеді;

  • капиталды біріккен кәсіпкерлікке, бағалы қағаздарға салудың тиімді жолдарын анықтау;

  • ақша қаражатын құру мен пайдалануға бақылау сату;

  • ақша қаражатын үнемдеп қолдану есебінен табысты үлкейту.

Қаржылық жоспарлаудың маңызды мезеті жоспарлау стратегиясын анықтау болып табылады. Қаржылық жоспарлаудың стратегиясы табыс көздерінің, ақша түсу көздерінің, қаржылық жоспарды құрудың негізгі бағыттарын білдіреді.
Жоспарлаудың болмауы оларды төмендегідей жағдайға алып келеді:
болашақтағы мақсаттарын түсінбеушілік;
ағымдағы әрекеттер келешектегі әрекеттермен қандай жағдайда үзілмейтін шаруашылық үрдісі ретінде қарауды білмеушілік;
қысқа мерзімдік мүдделерді басшылыққа алып шаруашылық әлемінде бағыттан адасу және болып жатқан оқиғалардың жалпы мәнін түсінбеу;
нарықтың негізгі талаптарын анықтай алмау;
басқа нарық қызметіне қатысушылармен салыстырғанда әлсіз ұстанымда болу.
Жоспарлау ұйымның айналыста жоғары көрсеткіштерге жеткізетін экономикалық табысы, пайда түсімі және басқа әсерлі қаржылай көрсеткіштерге жеткізеді деу артық та болар еді. Кейбір мамандар жоспарлауды сондай-ақ өзара тәуелді етіп көрсетуге тырысады. Дегенмен ары қарай жеке болжамдармен іс алға жылжымайды. Қайта тәжірибе көрсеткендей ұйымның жоғары табысы мен тез өркендеуі жай түрде жоспарлауға ғана байланысты емес, кәсіпкерлік дарын мен ұйым басшылығының дұрыс шешім қабылдауына көбірек байланысты сонымен қатар, көптеген ұйымдар, соның ішінде қазақстандық ұйымдар, жоспарлауды өзінің даму кезеңінің қалыпты кезеңі басталғанда, қол жеткен табыстарын бекіту кезеңінде проблемалалар пайда бола бастағанда, нағыз өсу кезеңі өткеннен кейін қолдана бастайды. Қазақстандық ұйымдар үшін жоспарлауды қолданудың 2 түрін көрсетуге болады: [7, 98 б.]
1. Жаңадан пайда болған жеке меншік ұйымдар. Капитал жинақталуының даму үрдісі осы нысандар қызметінің шиеленісуі мен көбеюіне алып келеді, ал сонымен қатар қазіргі замандағы нарық шаруашылығындағы жоспарлау түрлерінде қажеттілікті тудыратын басқа факторлардың пайда болуына алып келеді.
Осы саладағы жоспарлауды қолдануға байланысты басты проблема – бизнес “бай болудың көзі” деген пікірде қалыптасқан жай жасалынған жоспарға сенбеу, осыдан барып болашаққа деген жеткіліксіз назар аудару қалыптасады. Осыған қарамастан көптеген жеке меншік ұйымдар жоспарлау бөлімшелерін, ең болмағанда жоспарлаушы лауазымын ендірді.
2. Мемлекеттік және бұрынғы мемлекеттік, қазіргі кезде жеке меншіктегі ұйымдар. Бұлар үшін жоспарлау қызметі дәстүрлі болып табылады. Дегенмен олардың жоспарлау тәжірибесі негізінде экономиканы орталықтан басқару кезеңіне жатады. Осыдан барып бұл ұйымдарда жоспарлау екінші дәрежелі сипат алды, жоспарлау қызметі орталықтандырылған және салалық сипат алды, осыған байланысты дұрыс талдау мен алдын-ала анықтау, нарықтық және командалық экономикадағы жоспарлауды салыстырып талдау туралы осы бөлімнің 6 параграфынан қараңыздар. Сондықтан бірінші тұрпаттағы ұйымдардағыдай, мемлекеттік және жеке меншік ұйымдарға ішкі ұйымдық жоспарлау тәжірибесін қайта ендіру қажет.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет