Ұйымды басқарудағы басшының тұлғасы



Дата11.10.2024
өлшемі9,89 Kb.
#147647


Ұйымды басқарудағы басшының тұлғасы


Басқару - адамдардың бірігіп, бірлесіп жұмыс жасауынан бастап пайда бола бастаған іс-әрекеттің түрі. Реттеуге немесе қорғауға қойылған мақсатта субъектінің нысанға әсер етуі, әрекеті болып табылады. Осы басқарудың ережелерін, субъектіге әсер ету нәтижесінде пайда болған мінез-құлықтарды, басқарудың психологиялық теориялық негіздерін ғылыми білімдер жүйесі ретінде оқутыды қара шаңырақ әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің базасында оқытылады. «Басқару психологиясы» атты пәннің оқытушысы, психология ғылымдарының кандидаты, профессор Жубаназарова Назираш Сүлейменқызының жетекшілігімен филология факультеті: қазақ филологиясы мамандығының 1-курс магистранттары «Ұйымды басқарудағы басшының тұлғасы» тақырыбында магистранттың өзіндік жұмысын орындап, зерттеулерге шолу жасады. Талдау семинары өткізіліп, онда магистранттар басшының тұлғасын қалыптастыру кезеңдеріне байланысты ситуациялық сұрақтар мен тапсырмаларды орындады.
Кіріспесі ретінде студенттер басшының болмысы мен тұлғасы қандай болу керектігі жайлы көптеген ғалымдардың еңбектерінен мәліметтер тауып келіп, сол ойларын ортаға салып, талқылау жүргізді. Барлық магистрант өз ақпараттарымен бөлісіп, «мен қандай басшы болар едім? » деген сұраққа жауап іздеп, ойларын ортаға салды. Осыған орай Базарбек Бекжан мен Аманкелді Еркін деген екі магистрантты ортаға шығарып, «сіз қандай басшысыз?» деген сұрақ қойылып, магистранттар басшы рөлінде болып, қисыннан қойылған сауалнамаларға жауап берді. Әртүрлі ситуациядағы сұрақтарды қоя отырып, сол тығырықтан шығу жолдарын іздеді. Қойылған сұрақтарға қанағаттанарлықтай жауаптар берілді. Семинардың қызық өтуі үшін, көптеген инновациялық әдістер қолданылды.
Семинар соңында Назираш Сүлейменқызы сабақтың қызықты әрі белсенді өткені үшін барлық магистранттарға алғысын білдірді. Болашақта керек білімді бергені үшін, әр магистранттың өз ойын ашық түрде жеткізуіне рұқсатын бергені үшін, қате кеткен жерлерде ненің дұрыс екенін көрсеткені үшін қазақ филологиясы мамандығының магистанттары да оқытушыларына өз жылы лебіздерін білдірді. Бүкіл ұжым үшін саналы шешім қабылдау, ол басшының ең үлкен тапқырлығы. Біртұтас ұжымды басқару үшін білімнің де орны ерекше. Осыған байланысты «Басқару психологиясы» пәнінің берер тәлімі мен білімі өте маңызды. Психологияны оқығанның арқасында адамдармен тіл табыса алып, ұйымның, ұжымның бір болуына үлкен үлесін қосады.
Жубаназарова Н.С.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ,
психология ғылымдарының кандидаты, профессор
Жубай А.Н.,
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ,
Филология факультеті, 1-курс магистранты



Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет