Ұжымдық тәрбие негіздері. И.П.Иванов бойынша ұжымдық шығармашылық істердің сипаттамасы. 1.Ару Оқушылардың нақты тәрбие әрекетін ұйымдастыру нұсқасын, олар-дың үлкендермен өзара әрекеттестігін, нақтылы істің композициялық құрылымын, оның мазмұынын, атрибуттарын, әдістемесін, дайындық және өткізу технологиясын, педагогикалық талдауын анықтайды.
“Тәрбие шарасы”. Топтық, ұжымдық әрекет ретінде ұйымдастырыл-ған тәрбие жұмысының жеке бір актісі ретінде қарастырылады (Н.Е.Шуркова бойынша)
“Тәрбиесі” ұжымдық шығармашылық әрекеттің субъектісі тұрғысы-нан қарастырылады – үлкендердің (мұғалімдер, ата-аналар жәй қатысушы-лар) және тәрбиеленушілердің (И.П.Иванова бойынша).
Қазіргі тәрбиені ізгілендіру, мектепті демократияландыру, тұлғалық-бағыттаушылық көзқарас жағдайында тәрбие процесінің тек мақсаттылы-ғы, мәні мен мазмұны ғана өзгермейді, сонымен бірге тәрбиенің ұйым-дастыру формасына тікелей қатысты, оның әдістемесі де өзгереді. Ол өзімен бірге дәстүрлі формаларды қайта қарау және қайта құруға, дәстүрлі емес формаларды шығармашылықпен іздестіруге ықпал етеді. Сондықтан оқушылардың оқудан тыс әрекеттері нақты мақсатты көздейді- белгілі бір нәрсеге қатысты нақтылы қарым-қатынасты дамыту: музыкаға, қылқалам, табиғат, кітап оқуға т.б. Осыған байланысты ұйымдастыру формасы таңдалады: тәрбие сағаты, пікірталас, оқырмандар конференциясы, лек-тория, саяхат, мектеп балы т.с.с. Содан кейін барып оқушылардың жас және дара ерекшелігіне, сынып жағдайына байланысты нақтылы тақырып атауы анықталады. Мысалы, “Адамға музыка не үшін қажет?”- пікірталас, “Оқуда менің жетістігімді кім анықтайды? ”- тәрбие сағаты, “Қоғамдағы өзгеріс, оған менің көзқарасым”- дөңгелек стол, “Батыл да, күшті, епті-лер”- спорттық ойын т.с.с. Тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру формасы қаншалықты әртүрлі болған сайын соншалықты мақсатқа жету және тәрбие міндеттерін орындау жеңіл әрі жемісті болады.
Жеке топ және шығармашылық әрекет түрінде атқарылады. Соның ішінде ұжымдық жұмыстарды ұйымдастырудың нәтижелі формасына – жеке топ болып әрекет етуді жатқызамыз. Ол барлық балаларды ұжымдық істерге қатысуға, олардың жеке мүмкіншілігін, қажеттілігін ескеруге жағдай тудырады.
1. Ұжымдық шығармашылық
Шығармашылық іс-әрекет оқушылардың бейімін шығармашылық, қызығушылығын дамы-туды, олардың шығармашылық күшін жетілдіруді көздейді. Шығарма-шылық әрекет концерттік қойылым, көркемөнерпаздар байқауы, көркем-сөз оқу, қолөнер шеберлігі және сурет көрмесінің байқауын ұйымдастыру формасында көрініс береді. Осындай әрекет барысында оқушылардың адамгершілік, әсерленушілік және ерік-жігер қасиеттерін тәрбиелеу мін-деттері атқарылады.
Ұжымдық шығармашылық әрекет формасы басқалардан тәрбиелік мін-деттерді қою және оқушылардың тәжірибе жинақтау сипатымен ерек-шеленеді. Оның негізін ұжымының барлық мүшелерінің өзара бірлескен әрекеттері, ынтымақтастығы жағдайы құрайды. Мұндай жағдайда олар сы-ныптағы оқу-тәрбие жұмыстарына қатысты жоспар құруды, тәрбие шара-ларын дайындау және өткізуді бірлесе атқарады.
3. Тәрбие жұмысының әртүрлі формасын дайындау және өткізу бары-сында оның белгілі бір үлгісі жасалуы шарт. Ол тәрбие процесін сауатты және тиімді ұйымдастыруды қамтамасыз етеді. Оның элементтері мынан-дай болып келеді.