2-Арайлым. Мақсаты мен міндеттерін анықтау. Мақсат – педагогтрадың ұйым-дастыруымен арнайы белгіленген істің нәтижесінің болжамы. Мысалы, “Жаңа жыл бал-маскарады”, “Қайырымдылық акциясы”, “ғылыми апта-лық”т.с.с.
Мақсат – тәрбие жұмысының формасында нақтыланады, өйткені бір актімен тәрбиелік ықпалды қалыптастыруға болмайды. Яғни, тәрбиеші мақсатқа жетуде бірнеше міндеттерді белгілейді. Мысалы, “Адамға музыка не үшін керек ?” – тақырыбының мақсаты оқушылардың музыкалық мәдениетін дамытуды көздесе, оның міндеттеріне:
1) оқушылардың музыкалық талғамы және қызығушылығын айқындау (сауалнама, әңгіме жүргізу, шығарма жаздыру, үнтаспа тыңдату арқылы т.с.с).
2) музыка жайында көзқарастарын және түсініктерін қалыптастыру (кеш өткізу, кездесу ұйымдастыру, театрға саяхат жасау, байқау ұйымдас-тыру);
3) әр түрлі музыка жанрларына белгілі бір қатынастарын орнықтыру (мұ-ғалімнің сөзі, оқушылардың пікірі, әңгіме жүргізу, мәдени жорық, кездесу өткізу).
2.Тәрбие жұмысының формасын таңдау, шараның тақырыбын анықтау. Мысалы, пресс-конференция, оқырмандар конференциясы, тақырып-тық сағат, демалыс кеші, көңілділер мен тапқырлар клубы, пікірталас, кездесу, дөңгелек стол т.с.с.
3.Алдын ала дайындық жұмыстарын жүргізу: шараның мазмұнын, құралдарын анықтау, қонақтарды шақыру, тапсырмаларды бөлу, безендіру жұмыстары, хабарландыру, жоспарын құру, оқушыларды психологиялық тұрғыдан даярлау.
4. Тәрбие шарасын өткізу. Оның кезеңдері:
- шараның басталуы, психологиялық көңіл-күйді орнықтыру, әдеби-музыкалық, поэзиялық, драмалық безендіру, күйтабақ немесе үнтас-па ойнату;
- ұйымдастыру кезеңі: ұйымдастырушының сөзі, шараны ашу, мақса-тын, барысын баяндау;
- негізгі бөлім: шараның міндеттері, жоспарына сай мазмұнының баяндалуы, оқушылардың шығармашылық әрекеттері,
- қорытынды бөлім: шараны қорытындылау, оқушылардың алған әсе-рін талқылау, шешім қабылдау, марапаттау, тапсырма беру т.с.с.
5. педагогикалық талдау жұмысы: шараның өту нәтижесін және оқушы-лардың белсенділігін бағалау, алдағы уақытқа бағдар құру, қолданылған тәрбие құралдары, амал-тәсілдерінің нәтижелілігіне талдау жүргізу т.с.с.
біз жоғарыда тәрбие жұмысын ұйымдастырудың әртүрлі формаларын кел-тірдік. Бірақта оларды тәртіпке салу мақсатында кейінгі кезде педагоги-калық әдебиеттерде оқушылардың сабақтан тыс әрекеттерін ұйымдас-тыру формасының картотекасын құру ұсынылуда. Атап айтсақ:
- Таным әреетін ұйымдастыру: ауызша жорнал, білім байқауы, викто-рина “Не? Қайда? Қашан?”, ғылыми-апталық, психологиялық прак-тикум т.б.
- Құндылық-бағдарлық әрекет: қызықты кездесулер, түрлі бағыттағы конкурстар, шығармашылық кештер, тәрбие сағаттары, интеллек-туалдық шоу, дебаттар т.б
- Еңбек әрекеті: мектептегі кезекшілік, техникалық шығармашылық көрмесі, көгалдандыру жұмыстары, сембіліктер, сынып бөлмелерін жөндеу жұмыстары, мектеп участкелеріндегі жұмыс.
- Қоғамдық пайдалы еңбек: дәрі-дәрмек шөптерін, қағаз, темір қал-дықтарын жинау, қайырымдылық, ынтымақтастық акциясын ұйым-дастыру, балалар бақшасын және үйін қамқорлыққа алу т.с.с.
Көркемөнер - шығармашылық әрекет: жаңа жыл, күгі және көктемгі бал кеші, көркемөнернпаздар кеші, этикалық театр, әдеби-музыкалық композиция, авторлық өлең кеші, театр, мұражай, көрмелерге бару, пікірталас және т.б.
Физкультура – спорттық әреет: денсаулық күні, туристік слет, туристік жорық, “Жүгірушілер күні”, “Көңілді старт”, “Кіші олимпиадалық ойындар”, ауызша журнал “Спорттық колидоскоп”, “Спорттық огонек”, “Салауатты өмір салты” т.с.с.
Ерікті қарым-қатынас әрекеті: авторлық өлең кеші, табиғат аясында немесе қала бойынша саяхат, концерт, байқау “Алло, біз талантты іздейміз”, поэзия кеші, психологиялық тренинг, мектеп балы.
Кейбір оқудан тыс тәрбие формалары бірнеше әрекетті өзіне қосуы мүмкін: фестиваль, жарыс, метеп мейрамдары, кездесу кеші, ғылым апталығы т.б. Мұндай оқудан тыс әрееттің әр түрлері ұжымдық ойлауды, ақылмен ойланып істелген жоспардың үлгісін құруды талап етеді.
Осындай қызықты ұйымдастырылған тәрбие жұмыстарының әр түрлі формалары оқушылардың жауапкершілігін арттырады, эстетикалық талғамдарын күшейтеді, сергекетік сезімін, өзінің туған жеріне, өскен еліне, Отанға деген сүйіспеншілігінің артуына өз ықпалын тигізеді.
4. Жеке топтық жұмыс тұлғаның қажеттілігін және қызығушылығын жүзеге асыру барысында оның дамуына мүмкіншілік тудырып қана қой-майды, сонымен бірге қабілетін де шыңдап, басқа да топтардың өзара әрекеттесуі барысында жалпы сынып ұжымының дамуына ықпал етеді.
3-Ақнүр Ұжымдық шығармашылық істі ұйымдастыру негізінен 5 кезеңнен тұрады:
1. Дайындық жұмысы. Мұғалімдер сынып ұжымымен болашақта атқарылатын шығармашылық істің жоспарын алдын-ала бел-гілейді, оның нақты тәрбиелік міндеттерін анықтайды, балаларға оның әртүрлі жобасын талқылау ұсынылады, олардың пікір-лерімен санаса отыра, жоба нақтыланады, соның барысында әрбір оқушының оған белсенділік қатысын орнықтыратын тәсілдері қарастырылады.
2. Ұжымдық жоспарлау. Балалар бұл кезеңде өздері әрекет етеді. Яғни, олар қойылып отырған мәселеге сай оның шешімін ұжым болып немесе топ-топ болып бірлесе қарастырады. Шараның құрылымын белгіліп, нақты жоспарын құрады. Белсенді топ құрылып, жауапты адамдар тағайындалады. Басшысы сайланады.
3. Ұжымдық іс-қимыл. Ұйымдастыру тобы дайындық жұмыстары-ның жоспарын құрып, оны нақтылап, қажет болған жағдайда түзетулер енгізеді. Оны ұйымдастыру барысында жекелеген оқу-шыларға немесе топқа тапсырмалар бөлініп, олардың барысын қадағалап отырады. Сынып жетекшісі бұл кезеңде оқушылардың бастауларына қолдау көрсетіп, олардың шығармашылық пен ын-талы жұмыс ітеуіне себепкер болады. Кейбір жекелеген оқу-шының бастамасы мен белсенділігін басқаларға үлгі тұтып оты-рады.
4. Шараны өткізу. Бұл кезеңде жоспар нақты жүзеге асады. Оқушылар алдын-ала дайындық жұмыстары және белгіленген жоспар бойынша өздерінің ойларын ұжым болып атқарады. Сы-нып жетекшісі шараның өту барысында ынталы топқа қолдау көрсетіп, бағыт-бағдар беріп, жағымды көңіл-күй тудырып, кейбір кемшіліктер туындап отырса, оны бейресми түрінде түзетіп оты-рады.
5. Шараның нәтижесін қорытындылау. Шараны өткізіп болғаннан кейінгі кезекте, оның нәтижесін қорытындылап, жоспар бойынша қалай белгіленгенін, ал ол қалай атқарылады деген сұраққа ұжым болып жауап іздейді. Бұл жауапкершілігі мол кезең. Сондықтан, оған оқушылардың барлығы белсенді қатысуын ұйымдастыру сы-нып жетекшісі үшін маңызы ерекше. Мұндай жағдайда оқушы-ларды асықтырмай, олардың өзара талқылауына біраз уақыт және мүмкіндік берген жөн. Шараның жетістігі мен кемшілігі сарап-талып, болашақта оны болдырмаудың жолдары қарастырылады. Пікір алмасу барысында оқушылардың ұсыныстарын ескеру қажет. Сынып жетекшісі онда айтылған пікірлерді қорытындылап, кейбір ұнамдысын өзінің қойын дәптеріне жазып отырады.
Ұжымдық шығармашылық жұмыс өзінің ұйымдастыру формасы жағынан бірден-бір қолайлы әлеуметтік және педагогикалық құбылыс. Сондықтан да оны ұйымдастырудың жолдары да әр түрлі. Соған байла-нысты сынып жетекшісінің кейбір жағдайларды ескеріп отырғаны жөн:
- сынып жетекшісі ұжымның шығармашылық мүмкіндігін қамтамасыз етуі тиіс;
- белгіленген шараға дайындық және оны өткізу барысында бұрын өткен шарамен байланысын, бірізділігін қамтамасыз ету;
- шараның мақсаттылығын қамтамасыз етуде, бұрмалаушылыққа жол бермеу;
- оқушылардың оқу-тәрбие процесінде алған білімдері мен тәжіри-бесін ескере отыра, жалпы педагогикалық тәжірибелерді басшы-лыққа алу;
- белгілі бір шараны белгілеп, оның дайындау және өткізу барысында, оқушыларға қамқоршы болуды үнемі естен шығармау;
- шараның нәтижесін қорытындылап, талдау барысында бірде-бір оқушының қалыс қалмауын қадағалау.
Ұжымдық шығармашылық әрекеттің қандай да бір формасын алмайық, оның нәтижелі болуы, мұғалімдер болсын, оқушылар болсын барынша ой фантазиясын, тапқырлығын, өзінше көзқарасын көрсету қажет. Сонда ғана ол олар үшін көңілді де қызық болады. Әрине, мұндай қатынас мұғалімдер үшін де әсерлі.
Достарыңызбен бөлісу: |