Жинақы мәтін дегеніміз оқырманның түсінуіне ыңғайлы етіп құрылған бастапқы мәтіннің ықшамдалып (сығымдалып) берілуі



Дата28.04.2023
өлшемі238,22 Kb.
#87858
Байланысты:
Жинақы мәтін


Жинақы мәтін құрастыру
Жинақы мәтін дегеніміз - оқырманның түсінуіне ыңғайлы етіп құрылған бастапқы мәтіннің ықшамдалып (сығымдалып) берілуі.
Ықшамдау барысында мәтіннің негізгі мағыналық-құрылымдық бірлігі сақтала отырып, оқырман үшін басы артық элементтер алынып тасталады.
Жинақы мәтін - негізгі мазмұн сақталған екіншілік өңделген мәтін.
Мәтінді толықтай түсіне отырып, мәтіндегі негізгі ойды басқа формамен қысқаша бекіту үрдісі.
Түпнұсқа мәтін жинақы мәтінге айналады.
Тыңдалым және оқылым материалдары негізінде жүргізіледі.
Жинақы мәтін формалары:
Тезис
Аннотация
Презентация
Конспект
Кесте
Схема
Тезистік жоспар
Ықшамдалған мәтін
Жинақы мәтін құрастыру жолдары:
Мазмұндық өңдеу:
Мәтінді мұқият оқу және негізгі, қосымша ақпараттарды анықтау; қосымша ақпараттарды сызып тастау.
Негізгі ойды білдіретін тірек сөздерді, сөйлемдерді белгілеу.
Автор ойын, баяндау желісін сақтай отырып, мәтіндегі негізгі ойды ықшамдау.
Мәтін түпнұсқасының сілтемесін көрсету. Мысалы: Абай айтқандай..., «Ұлан» газетінде ..., Мақалада «.....» берілген, т.б.
Мәтінге тілдік өзгерістер енгізу:
алынған ақпаратты барынша қысқа беру үшін лексикалық, грамматикалық бірліктерді дұрыс таңдай білу. Мысалы:
Қайталауларды жалпылауыш сөздермен алмастыру;
Сөздерді синонимдермен алмастыру;
Бірнеше жай сөйлемді бір құрмалас сөйлемге немесе құрмалас сөйлемдерді жай сөйлемдерге айналдыру.
Жинақы мәтін түпнұсқа мәтіннен 75 % дейін қысқа болады.
Егер кітап болса, түпнұсқа мәтіні 99% ықшамдалады.
Өз ойларыңды жинақы мәтінге қосуға болмайды. Жинақы мәтін тек автор идеясынан ғана тұруы керек.
Жинақы мәтін жазудағы мақсат – оқырманды мәтін мазмұнының негізгі идеясымен таныстыру және түпнұсқаны оқуға кететін уақытын үнемдеу.
Оқылым және тыңдалым материалдары негізінде жинақы мәтін (компрессия) жазу
5.3.5.1 - оқылым және тыңдалым материалдары бойынша негізгі ақпараттарды сақтай отырып, жинақы мәтін жазу
6.3.5.1 - оқылым және тыңдалым материалдары бойынша негізгі ойды білдіретін сөйлемдерді іріктей отырып, жинақы мәтін жазу.
7.3.5.1 -оқылым және тыңдалым материалдары бойынша тірек сөздер мен сөз тіркестерін синонимдік қатармен ауыстыра отырып, жинақы мәтін жазу.
8.3.5.1 - оқылым және тыңдалым материалдары бойынша мәтіннің баяндау желісін сақтап, әр бөлігінен алынған ақпараттардан жинақы мәтін (аннотация, тезис) жазу.
9. 3.5.1 - оқылым және тыңдалым материал-дары бойынша автордың негізгі ойын сақтай отырып, перифраз тәсілдері арқылы жинақы мәтін (аннотация, тезис) жазу
Түпнұсқа мәтін
Ұлттық тағамдардың пайдасы
Қазақ халқы асты жоғары бағалап, қадірлей білген. Сондықтан қазақтар адам қажеттіліктерінің ішінде тағамды жоғары қойған. «Астан үлкен емессің», «Ерді қорласаң састырар, асты қорласаң құстырар» деген секілді ескертпе сөздер, мақал- мәтелдер осының дәлелі. Қай заманда, қалай айтылғанына қарамастан, халық асты құрметтеудің жолын, оны әзірлеудің көзін, ретін таба білген.
Жинақы мәтін
Қазақ халқы асты жоғары бағалап, адам қажеттіліктерінің ішінде жоғары қойған және оны дайындау жолдарын білген.




Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет