Жинақтап бағалау тесті. 9 сынып. География. Қазақстанның экономикалық және


Қазақстан бүкіл құрлықтың қанша пайызын алып жатыр?  а) 1% ; в) 2% ; с) 3% ; д) 4% ; е) 5% . 10



Pdf көрінісі
бет2/11
Дата10.12.2023
өлшемі307,66 Kb.
#135793
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
география 9 сынып

9.
Қазақстан бүкіл құрлықтың қанша пайызын алып жатыр? 
а) 1% ; в) 2% ; с) 3% ; д) 4% ; е) 5% .
10.
Қазақстан Республикасының шекарасының жалпы ұзындығы қанша? 
а) 13394 км; в) 14394 км; с) 15394 км; д) 16394 км; е) 17394 км. 
11.
Қазақстанның экономикалық-географиялық жағдайының қандай артықшылығы бар? 
а) Жапония мен АҚШ елдерімен жақсы экономикалық қатынаста болуы; в) Дүниежүзілік 
мұхитқа тікелей шыға алмауы; с) Қытаймен және Ресеймен көрші болуы мен транзиттік 
жол торабында жатуы; д) Дайын өнім шығаруы; е) Ауа райының қолайсыздығы.
12.
Мына халықаралық ұйымдардың қайсысына Қазақстан мүше емес? 
а) МАГАТЭ; в)ТМД; с) Шанхай ынтымақтастық ұйымы;
д) Еуропалық Одақ; е) Кеден Одағы. 
13.
Қазақстанда жан басына шаққанда қанша га ауыл шаруашылығына жарамды жерден 
келеді? 
а) 9 га; в) 13 га; с) 15 га; д)18 га; е) 21 га.
14.
Қазіргі Қазақстан экономикасының басты проблемасынан қалай арылу керек? 
а) Өндірісті шоғырландыру арқылы; в) Шикізатты көптеп сату арқылы ; с) Табиғат 
ресурстарын аямай өндіру арқылы; д) Өңдеуші өндірістің өсуін ынталандыру арқылы;
е) Сырттан дайын өнімдер сатып алу арқылы.
15.
Болашақта Қазақстан экономикасының қарыштап дамуы үшін мына төмендегі 
айтылғандардың қайсысы қажет емес? 
а) Жаңа өнім шығару; в) Жоғары кәсіби маманы бар арзан жұмысшы күші; с) Шетелден 
тікелей инвестиция тарту; д) Экспортқа тек шикізаттар шығару; е) Жаңа технология мен 
ғылыми-техникалық әлеуетті дамыту.
16.
Қазақстан халқының саны дүние жүзі бойынша нешінші орын алады? 
а) 52 орында; в) 62 орында; с) 72 орында; д) 82 орында; е) 92 орында.
17.
Халықтың ұдайы өсуі деген не? 
а) Демография; в) Көші-қон; с) Ұрпақтардың үздіксіз ауысып отыру процесі; 


д) Механикалық қозғалыс; е) Жыныстық-жастық пирамида. 
18.
Қазақстанда еңбекке қабілеттіктен жастау 15 жасқа дейінгі балалар жалпы халықтың 
қанша пайызын құрайды? 
а) 20,5% ; в) 24,5% ; с) 30,5% ; д) 34,5% ; е) 40% . 
19.
Қазақстандағы еңбекке неғұрлым қабілетті жас? 
а) 18-25 жас аралығы; в) 25-39 жас аралығы; с) 25-49 жас аралығы; 
д) 29-39 жас аралығы; е) 39-49 жас аралығы. 

20.
Елімізде әерлер қанша, әйелдер қанша пайызды құрайды? 
а) Ерлер 48,2% , әйелдер 51,8% ; в) Ерлер 51,8%, әйелдер 48,2%; с) Ерлер 47,3%, 
әйелдер 52,7% ; д) Ерлер 52,7%, әйелдер 47,3%; е) Ерлер 50%, әйелдер 50%.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет