Үйірме жұмысы арқылы оқушы бойына рухани-адамгершілік және зияткерлік қасиеттерін қалыптастыру жолдары «Қазақстан-2050»



бет2/2
Дата07.01.2022
өлшемі20,08 Kb.
#17820
1   2
Байланысты:
Туризм негіздері үйірмесі. баяндама

Үйірменің мақсаты: оқушылардың бойында теориялық біліммен қатар экскурсияларға бару арқылы өзінің бойындағы қасиеттерін ашуға, айналадағы қоршаған ортада болып жатқан өзгерістердің маңызын білуге үйренеді.

Үйірме арқылы жас турист мамандығының қыры, сырын терең білуге, тәжірбие жинақтауға, шығармашылық қабілеттерін ашуға, дамытуға, мұражайлар, мұрағаттардағы танымдық материалдармен танысуға мүмкіндік береді.

Үйірме жұмысының түрлі формалары пайдаланылады:


  • Дәрістік (шолу дәрістері, әңгімелер).

  • Семинарлар.

  • Экспедициялық (материалдар жинақтау).

  • Ғылыми-зерттеу (жинақталған материалдарды зерттеу және жіктеу, әдебиетпен жұмыс, рефераттарды дайындау).

  • Жеке – топтық.

  • Далалық-эксперименттік.

Әдістер:

  • Ауызша әдістер (материалды ауызша баяндау, әңгіме, материалдарды талдау).

  • Көрнекі әдістер (бейнематериалдарды көрсету, суреттер).

  • Тәжірибелік әдістер (рефератпен жұмыс).

  • Түсініктемелік – суреттемелік.

  • Ішінара іздестіру әдістері (қала кітапханаларында, интернет залдарда жұмыс істеу).

  • Зерттеу әдістері (оқушының дербес шығармашылық жұмыстары).

Тәжірибелік бағыт әр тақырыпқа тәжірибелік сабақты енгізу жолымен іске асырылады:

  • Экскурсиялар.

  • Кездесулер.

  • Сипаттама.

  • Мәтіндер әзірлеу және қорғау.

  • Тұсаукесерлер.

  • Бейнефильмдер көрсету.

Сонымен, мектептерде туризмнің әр түрімен айналысу азаматтық сезімге, туристік мәдениетке және қонақжайлылыққа тәрбиелеуге мүмкіндік береді, іске асыру кезінде туризм экономиканың пәрменді секторы ретінде табиғат пен қоғам үшін ең төменгі салдарлар әкеле отырып, мемлекеттің тұрақты дамуын қамтамасыз етуге ықпал ететін болады.

Оқушылардың туризмін дамытуды мектептік білім беру жүйесіндегі он жылдықта жойылған мектептен тыс балалар мен жасөспірімдер мекемелерін қалпына келтіру, көптеген пәндер бойынша оқу бағдарламаларын уақыт талабына сәйкес жаңарту арқылы кешенді түрде жүргізу қажет.

Туризм – туған өлке бойынша саяхат, белсенді қозғалыс жасаудың әдісі ғана емес. Бұл іздестіру қызметі, өз туған жерін тану, оның өткені мен болашағына жақындау, халықтың салт-дәстүрімен танысу, бейтаныс жерлерді ашу және зерттеу жұмыстарын жүргізу болып табылады.

Біздің елде туризмнің перспективті дамуы үшін туристік-экскурсиялық қызметті кенінен дамыту қажет. Сонымен қатар, туристік бағдарламалардың мазмұның жақсарту керек және туризм саласында жоғары құзыреттілігі бар мамандарды дайындаған жөн.



Мектеп туризмнің дамуы үшін туристік–экскурсиялық қызметті кенінен дамыту қажет. Мектептерде саяхатты жақсы көретін оқушылар өте көп. Мектеп ондай балаларды назарсыз қалдырмау керек, олардың туризмге деген ерекше қажеттіліктерін қанағаттандыру керек. Олар үшін жастар саяхат клубын құру қажет.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет