- 1867 – 1868 жж. реформалар бойынша қазақ халқы жылына бір рет «түтін салығын» төлейтін еді. Оның мөлшері: Орынбор, Батыс Сібір генерал-губернаторлығындағы қазақтар үшін 3 сом болса, Түркістан генерал-губернаторлығындағы қазақтар үшін 2 сом 75 тиын болып белгіленді.
- Шыңғыс ұрпақтары салықтан босатылды. 1867-1868 жылғы ереженің қазақтарға ең басты ауыртпалығы жер мәселесі болды. Онда қазақ жері Ресей империясының мемлекеттік меншігі деп жарияланып, қазақтарға «қоғамдық пайдалануға» берілді.
1822-24 жж.
Хандық билік жойылды ,аға сұлтан лауазымы енгізілді, Орта жүз бен Кіші жүзді қамтыды. Төрт сатылы басқару жүйесі.
1867-68 жж.
Жаңа губерния ашылды уезд бастығының бір көмекшісі жергілікті ұлт өкілі болд, үш жүзді қамтыды. Жер мемлекет меншігі болып жарияланды. Бес сатылы басқару жүйесі.
Достарыңызбен бөлісу: |