XX ғасырдағы Испанияда болған жағдайлар дүниежүзінің басқа елдерінде болған жоқ. Фашистік типтегі авторитарлық режим қанды күрессіз, көтеріліссіз, соғыссыз, қайшылықсыз бейбіт түрде өмір сүруін тоқтатты. Сонымен бірге франкизмнің саяси аренадан кетуі, Испанияда буржуазиялық-демократиялық тәртіптердің бейбіт қалыптасуы процессі қиындықсыз, оңай жүзеге асты деген ой тудырмайды. Франкистік режимді өзгертпей қал пында немесе оның институттарына кейбір өзгерістер енгізіп сақтап қалуда жақталғандар мен авторитарлық режимді толық жоюға ұмтылғандар арасында шиеленіскен қайшылықтар кейде елде драмалық ситуациялар туғызды. Франкистік режимінің эрозиясы мен құлау процессі Франко өлген соң емес, тіпті 70-жылдар емес сонау үзіліссіз дағдарыстар орын алған 40-60 жылдары басталған болатын.