Жүйелі оқытуға бейімделу



бет1/5
Дата01.10.2023
өлшемі20,73 Kb.
#112200
түріСабақ
  1   2   3   4   5

Жүйелі оқытуға бейімделу
Эйлер әдісі


Мектепке келу- әр баланың өміріндегі өтпелі кезең. Оқудың басталуы оның күнделікті тіршілігіне өзгеріс енгізеді. Мектепке дейінгі оқушыларға тән балалық, бейқамдық, ойынға берілу көптеген талаптар міндеттер және шектеулері бар өмірмен алмасады: енді бала әр күні мектепке баруы керек, жүйелі еңбек етуі, күн тәртібін орындауы, мектеп өмірінің ережелеріне бағынуы керек, мұғалімнің талаптарын орындау, сабақта мектеп бағдарламасы бекіткенмен шұғылдану, домтапсырмаларын тиянақты орындау, оқу жұмысында жақсы нәтижелерге қол жеткізу, т.б. 
Осы 6-7 жас кезеңінде баланың психологиялық келбеті де жаңарады, жеке адамдық, танымдық және ақыл-ой мүмкіндіктері, көңіл-күй, қарым қатынас ортасы өзгереді. Бала өзінің жаңа жағдайын міндетті түрде сезініп, үлкен болғанына мақтанады, оған жаңа жағдайы ұнайды. Осы кезде ата-ана баланың сәтсіздіктеріне шыдамдылық, талпыныстарына қолдау көрсетуі қажет. 
Сонда да, мектептегі оқудың басталуы әр бала үшін өте күшті стресс. 1-сынып оқушыларының мектепте болған бірінші аптасында ағзаның қарсы тұруы төмендейді, түс көру, тәбет бұзылады, температура көтерілуі мүмкін. Мектепке бейімделу кезеңі кейбіреулерінде бір ай, басқаларында бір тоқсан, үшіншілерінде бір оқу жылына созылуы мүмкін. Мұнда көп нәрсе баланың жеке адамдық ерекшеліктеріне байланысты.
Осындай жағдайларды ескере отырып, 1-сынып оқушыларының психологиялық даму деңгейлерін, мектепке даярлығын анықтауға арналған зерттеу жұмыстары жүргізілді. 
Зерттеу жұмысының негізгі мақсаты: Баланың мектепке дайындығын, танымдық қабілеттерін, яғни есте сақтауын, ойлауын және зейінінің даму барысын айқындау.
Осы мақсатқа жетуде алдымызға төмендегідей міндеттер жүктелді:

  1. Сыныптармен және олардың сынып жетекшілерімен танысу, сынып туралы толық мәлімет алу.

  2. Әр баланың жеке тұлғалық қасиеттерін сынып жетекшісімен бірге талқылау және де сынып жетекшісінің пікірімен салыстыру.

  3. Баланың білімін көтеру мақсатында ата-ана мен сынып жетекшісінің ынтымақтастығын нығайту.

  4. Зерттеу нәтижесі бойынша төмен деңгейді көрсеткен оқушылармен дамыту жұмыстарын күшейтуді қадағалау және психологиялық ықпал көрстеу.

Зерттеу барысында 1-сынып оқушыларының даму деңгейіне қарай таным үрдістерінің қалыптасуы барысында кездесетін кемшіліктерді түзетіп, қалпына келтіруге арналған психологиялық жаттығулар алынды.
Атап айтқанда, 1а, 1ә сынып оқушыларының мектепке дайындығын тексеру мақсатында қыркүйек, қазан айларында диагностикалық жұмыстар жүргізілді. Диагностика жұмыстары мектепте балаларды жеке тұлғалық оқытуға мүмкіндік береді. Бұл тәсілдің ерекшелігі:

  • Баланың психологиялық қорғану сезімін, қуанышты сезіну мен оның дара дамуын қамтамасыз ету;

  • Баланың денсаулығына кері әсер ететін факторлардың алдын-алу;

  • Баланың мектепке жылдам қалыптасуын қамтамасыз ету,

  • Баланың жеке сапалық қасиеттерінің белсенді даму деңгейін анықтау.

Осы ерекшеліктердің орындалуы мақсатында баланың жеке даму деңгейін, оқуға психологиялық дайындығын анықтайтын мынадай әдістемелер алынды:

  • Керн-Йерасектің 4 субтестен тұратын баланың мектепке дайындығын бағдарлау тесті;

  •  Баланың ерік саласының даму деңгейін анықтау. «Графикалық диктант» әдістемесі (Д.Б.Эльконин);

  • Логикалық ойлауын зерттеу. «Не артық?» әдістемесі;

  • Баланың қабылдау деңгейін анықтау. «Не жетпейді?» әдістемесі;

  • Зейіннің ырықтылығын және кеңістікті қабылдауының қалыптасу деңгейін зерттеу. «Үйшік» әдістемесі;

  • Оқушының өзін-өзі бағалауын анықтау. «Баспалдақ» әдістемесі;

  • Мектеп мотивациясын анықтау үшін М.Р.Гинзбургтың «Оқу түрткісін зерттеу» әдәстемесі.

Осындай жағдайларды ескере отырып, 1-сынып оқушыларының психологиялық даму деңгейлерін анықтауға арналған зерттеу жұмыстары жүргізілді. 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет