Жүйке жүйесінің физиологиясы мен гигиенасы және жас ерекшеліктері



бет1/4
Дата22.09.2023
өлшемі0,62 Mb.
#109667
түріЛекция
  1   2   3   4

Жүйке жүйесінің дамуы

Лекция -3

ЖОСПАРЫ:

1.Жүйке жүйесінің құрылысы, маңызы, дамуы

2. Нейронның құрылысы мен қасиеттері

3.Синапстар. Орталық жүйке жүйесіндегі қозудың берілу механизмдері

4. Рефлекс - жүйке әрекетінің негізі

5. Ми қыртысындағы ирродация, индукция

Жүйке жүйесінің жалпы құрылысы, маңызы, дамуы

Жүйке – жүйке талшықтарынан құралған тіндер шоғырлары. Жүйке, нерв (латынша nervus, ал грекше neuron – сіңір, желі) — ми мен жүйке түйіндерін дененің басқа органдарымен және тіндерімен байланыстырады

Адамның орталық жүйке жүйесі (жұлын мен мидан) тұрады

  • 1- ми
  • 2-жұлын
  • 3-жүйкелер
  • 4-түйіндер

Жоғары сатыдағы омыртқалылардың жүйке жүйесі дами келе жіктеліп, орталық жүйке жүйесі және перифериялық (шеткі) жүйке жүйесіне бөлінеді.

  • Шеткі жүйке жүйесі – соматикалық жүйке жүйесінен және вегетативтік жүйке жүйесінен тұрады. Жүйке жүйесінің ең жоғары сатыдағы дамыған түрі адамдарда болады

Жұлын

Ж ұ л ы н омыртқа өзегінде орналасқан, ұзындығы ересек адамда жарты метрге жуық, салмағы 37-38 г. жұлынның жоғарғы жағы сопақша мимен жалғасады да төмеңгі ұшы шашақтанып омыртқа тұсында бітеді . Жұлын арасы қосылып кеткен симметриялы оң және сол жақ екі жарты бөлімдерден тұрады. Адамның жұлыны 31-33 сегменттен (лат. сегментум -бөлік, кесінді) тұрады: 8 мойын, 12 кеуде, 5 бел,5 сегізкөз және 1-3 құйымшақ бөлімдері. Әрбір бөлімнен қос-қостан шыққан нерв түйіндері екі жұлын нервтеріне айналады (орталыққа тебетін немесе сезгіш және орталықтан тебетін немесе қозғаушы нервтер). Жұлын омыртқа жотасынан қысқалау болғандықтан аталған бөлімдер омыртқаның аттарына сәйкес келмейді. Жұлын нервтері жұлын өзегінен шығып (І-жұптан басқасы) дененің терісін, аяқ-қолдарын, дене тұлғасының еттерін нервпен қамтамасыз етеді. Әрбір бөлім дененің өзіне тән жерлерін нервтендіреді.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет