Жүйке жүйесінің жалпы сипаттамасы рефлекс доғасы туралы жалпы түсінік жұлын



бет4/5
Дата04.12.2023
өлшемі41,9 Kb.
#134230
1   2   3   4   5
Байланысты:
f62c1644edcf0c

Жұлынның сұр заты.Жұлынды көлденең кескенде оның ақ затының ішінде сұр затының көбелекке немесе Н әрпіне ұқсайтыны көруге болады. Жұлынның сұр заты жүйке жасушаларының денесінен тұрады. Жұлынның сұр затының әрбір жартысы: 1. алдыңғы; 2. артқы; 3. Бүйірдегі үш бағаннан тұрады: жұлынның алдыңғы бағандары артқысына қарағанда кеңірек. Сұр заттың бүйірдегі бағандары – артқы және алдыңғы бағандардың аралығында. Бүйірдегі бағандар VII мойын II-III бел сегменттерінің арасынан жақсы көрінеді.
Жұлынның сұр затының бағандарында түрлі қызмет атқаратын нейрондар бар. Олар – алдыңғы бағандарында қимыл немесе мотонейрондар, ал артқы бағандарында сезім нейрондары, бүйірдегісінде вегетативтік нейрондар. Жұлынның аралық нейрондары қысқа және ұзын аксондар болып бөлінеді. Қысқа нейрондар жұлын сегмнттерінің арасын жалғастырады. Ұзын аксондар – нейрондар жұлын мен бас мидың аралығындағы жоғарыға бағытталған өткізгіш жолдардың құрамына кіреді.
Жұлын жоғарысында I мойын омыртқасының тұсында сопақша миға жалғасады. Төменінде I-II бел омыртқаларының тұсында жіңішке жіпке айналады. Жіңішке жіп құйымшақ омыртқасының тесігімен өтіп омыртқаға жабысады.
Жұлынның ұзына бойына екі жуандаған жері бар. Олар мойын және құйымшақ бөлімі. Жұлынның жуандаған тұсынан қол мен аяқтың жүйкелері шығады.
Жұлынның сұр затындағы ядролар оның ақ затындағы жүйке талшықтарымен бірігіп рефлекторлық қызмет атқарады. Жұлын афферентік және эфферентік жолдарының арқасында жүйке тітіркенісін өткізу қызметін атқарады.
Жұлынды үш қабық жауып тұрады. 1. Сыртқы қатты қабық (твердая оболочка спинного мозга, dura mater). 2. Ортадағы, торлы қабық (паутинная оболoчка, arachnoidea). Ішкі, жұмсақ қабық, (мягкая оболочка спинного мозга, mater). Жұлынның қатты қабығы оны сыртынан қаптап омыртқа өзегінің ішінде орналасқан.
Омыртқа өзегі мен қатты қабықтың арасында қуыс бар. Бұл қуыста бос кеңістікте май ұлпалары, вена қан тамырлары өтеді. Торлы қабық – жұқа тамырсыз қабық. Ол қатты қабықтан қуыс (субдурал) арқылы бөлініп тұрады. Жұмсақ, тамырлы қабық жұлынды тікелей қоршап тұрады. Жұмсақ қабық пен тор қабықтың арасында субарахноидал қуысы бар. Бұл қуыста жұлын сұйықтығы болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет