Жүктердің салалық белгісі бойынша бөлінуі:
өнеркәсіптік (өнеркәсіптік бұйымдар, металл, руда, көмір, мұнай т.б);
ауылшаруашылық (астық, жем, көкеніс, жемістер, мақта, тыңайтқыш);
құрылыстық (цемент, құм, кірпіш, темірбетон, плиталар және т.б.);
саудалық (тамақ өнімдері, өнеркәсіптік тауарлар, тамақтану орнының жүктері);
коммуналдық (жарамсыз қалдықтар, тамақ қалдықтары, қар және т.б.);
басқа да (көрмеге қойлатын заттар, багаж, макулатура, қайтарылатын ыдыстар т.б).
Физикалық жағдайы бойынша жүктердің бөлінуі: қатты, сұйық және газ тәрізді.
Тиеп-түсіру жұмыстарын икемдендіру бойынша жүктердің бөлінуі:
ақтарылмалы жүктер, бұл жүктерді тиеп-түсіргенде, тасымалдағанда, сақтағанда ақтаруға болады.
Бұл жүктерге – үйілмелі, майда даналық жүктер, көмір, құм, руда, тас және т.б. кіреді. Бұл жүктерді
өзі түсіретін автомобильдермен тасымалдаған жөн. Тасымалдау, тиеп-түсіру жән сақтау үшін оларға
ерекше талаптар қойлмайды;
ыдысты-бумалы және даналанған (қапқа салынған жүк, пакеттердегі, жәшіктердегі, қораптардағы,
бөшкедегі, рулонданған т.б.) жүктер;
сұйық немесе құйылатын – бұл жүкке сұйық жүктер жатады, оның ыдысы автомобильдің
цистернасы болып есептелінеді. Құйылмалы жүктерге сұйытылған газ, жанармай, сұйық химиялық
заттар (қышқылдар, спирт, тыңайтқыштың кейбір түрлері), тамақ өнімдері (өсімдік майы, су, шарап
т.б) жатады.
жартылай сұйық және қою (бетон, асфальт, гудрон, битум т.б);
газ тәріздес (оттегі, азот, бутан, пропан, т.б);
Жүктер габариттік өлшемі бойынша төмендегіше жіктелінеді:
габаритті (жүктің габариттік өлшемі стандарттық көрсеткіштен аспайтын, ені бойынша – 2,5 м,
биіктігі тасымалданатын күйде автомобильмен бірге – 3,8 м, контейнерді тасымалдағанда -4 м,
ұзындығы бойынша борттан шығып тұруы 2 м аспайтын) жүктер;
ірігабаритті (биіктігі бойынша 2,5 м, ені бойынша 2 м, биіктігі 3м-ден асатын) жүктер;
габаритсіз бұл барлық өлшемдері бойынша стандартты шанақтарға сыймайтын жүктер (ірі
станоктар, ауылшаруашылық машиналары, басқа да машиналар т.б).
Достарыңызбен бөлісу: |