Жүктелді Отбасы ұйытқысы – баға жетпес байлық



Pdf көрінісі
бет2/4
Дата28.02.2017
өлшемі7,75 Mb.
#5074
1   2   3   4

Нәзира ЕЛЕУХАН

БОЛАШАҚ НЕГІЗІ 

БҮГІННЕН ҚАЛАНАДЫ

тоқталып өтті. «Осыдан 20 жыл бұрын, 

30 тамызда тарихи шешім қабылданып, 

жасампаз жаңа дәуірге қадам басқан 

едік. Содан бері қарай тәуелсіздігіміздің 

тірегіне айналған Ата Заң – мемлекет 

пен қоғамда орын алып отырған барлық 

с а я с и ­ э к о н о м и к а л ы қ ,   ә л е у м е т т і к 

реформалардың ілгері басуына, дамудың 

қайнар бастауына айналды. Конститу­

ция – егемен елiмiздiң мемлекеттiлiгiн, 

тәуелсiздiгiн, демократиялық құнды­

лықтарын айғақтайтын негізгі құжат. 

Ендеше, Ата Заңды киелідей аялап, 

қастерлейік. Бұл біздің ұлы парызымыз», 

– деді Д.Нөкетаева. 

Өткен жылы 70 жылдық мерейтой­

ын атап өткен Арулар ордасы қалыптасу 

жолында күрделі де, үлкен белестерді 

өткеріп, бүгінде еңселі де, беделді оқу 

орындарының біріне айналды. Жұмылған 

ж ұ д ы р ы қ т а й   ұ й ы м ш ы л   ұ ж ы м н ы ң 

жүйелі атқарған жұмысы жылдан­жылға 

жемісін беріп отыр. Бүгінде Қыздар 

университетінің жалпы педагогтар даяр­

лауда болсын, білім, ғылым саласында 

болсын, Тәуелсіздіктің алтын бесігі – 

Алматының қоғамдық өмірінде болсын 

үлкен жетістіктерге қол жеткізіп отыр. 

Қазіргі таңда Қазақ мемлекеттік қыздар 

педагогикалық университеті – Ұлттық 

рейтинг бойынша педагогикалық ЖОО 

ішінде бірінші орынды иеленген ең үздік 

университет. 2015 жылы Ұлттық аккреди­

тация агенттігінің қорытындысы бойын­

ша Қыздар университеті Қазақстандағы 

40 жетекші университеттің арасынан 

7 орынға көтерілді. Сонымен қатар, 

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық 

зерттеулері бойынша алдыңғы орындар­

ды иеленді. Бұл жетістіктердің барлығы 

Қыздар университетінің табысты еңбегінің 

жемісті жеңісі екені анық.

Отанымызға ұлт тәрбиесінің жар­

шысы болған білікті мамандар дайын­

дауда көш бастап келе жатқан Қыздар 

университетінде бүгінгі күні 7 мыңға жуық 

жастар сапалы заманауи білім алуда, оларға 

600­дей тәжірибелі ғалым­ұстаздар дәріс 

оқиды. 


Бұл оқу орнынан алған білім мен 

тәрбиенің жөні бөлек, жолы да ерек. 

Киелі шаңыраққа айналған Қыздар 

университеті біліммен қатар тәрбиеге 

де ерекше назар аударып, адамгершілік, 

имандылық инабаттылық, парасаттылық 

және ұлттық тәрбие мен отбасылық 

құндылықтарымызды бойларына сіңіріп 

келеді. Бүгінде Қыздар университеті тәрбие 

мәселелері бойынша елімізде ғылыми­

әдістемелік орталық болып табылады.

Айта кетейік, биылғы жылы универси­

тетіміздің бакалавриатына 41 мамандық 

бойынша 1493 студент оқуға түсіп, 1 

курс студенті атанды. Ал магистратурада 

20 мамандық бойынша 132 магистрант 

мемлекеттік грантты жеңіп алды. Со­

нымен қатар, 4 мамандық бойынша PhD 

докторантураның төрт мамандығына 5 

докторант оқуға қабылданды. 

Мерекелік шара аясында жиналған 

жұртқа университет аумағында бой 

көтерген, алдағы уақытта пайдалануға 

беріліп, тұсауы кесілетін 9 қабатты Сту­

денттер үйі, «Аққу» суға жүзу бассейні 

және «Ақ шатыр» жазғы ойын­сауық 

алаңы таныстырылды. Жаңа оқу жылында 

қабатта кір жуатын бөлмелер, керек­

жарақтармен жабдықталған асүйлер 

бар. Ғимараттың инфрақұрылымдық 

м ү м к і н д і г і   д е   ж о ғ а р ы .   З а м а н а у и 

телекоммуникациялық желі, Wi­Fi сымсыз 

желілері тартылған. Бір сөзбен айтқанда, 

жаңа студенттер үйінде бойжеткендердің 

бос уақытты ұтымды өткізуіне бар 

мүмкіндіктер ойластырылған. 

Еліміз үшін дені сау, рухы таза ұрпақ 

өсірі п тәр биелеу де ең ма ң ыз д ы да 

негізгі мәселе. Елбасы Н.Ә.Назарбаев 

«Қазақстан – 2050» стратегиясы – қалып­

тасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» 

Жол дау ы н да «С а лауат т ы өм ір са л­

тын қа лыптастыру­ұ лт денсаулы ғы­

ның кілті болып табылады» дей келе, 

біз  б а л а л а ры м ы з д ы ң  денс ау л ы ғ ы н 

қамтамасыз етуге жаңа тәсілдер енгізу 

мәселесімен жұмыс жүргізуіміз қажет, 

жастар денсаулығына мән беруіміз ке­

рек», деген болатын. Егемен еліміздің 

ертеңгі болашағы бү гі нгі жас ұ рпақ 

десек, жаңа бой көтерген жүзу бассейні 

спортпен айна лысуға, дені сау ұрпақ 

қалыптастыруға, жастардың салауат­

ты өмір салтын ұстануға өз ықпалын 

тигізері сөзсіз. Қазақ қыздарының нәзік 

табиғатын қайсарлықтың қағидасымен 

ұластыра бі лген оқ у ордасының сту­

денттері бар мүмкіндікті пайдаланып, 

«Аққу» көлінде ақылдарына көріктері 

сай сұлу да сымбатты болсын деп тілей­

міз! Дені сау ұрпақ – болашақ кепілі. Атап 

өте кетейік, жүзу бассейні қысқа мерзім 

ішінде Қыздар университетінің өз қа­

ражатына салынды. 

Арулар ордасы төрінде бой көтерген 

үшінші нысан – «Ақ шатыр» жазғы ойын­

сауық алаңының бет­бейнесі еліміздің 

бас қаласында орналасқан «Ханшаты­

ры» іспетті салынған. Кең де әсем әрі 

ұлттық нақышта тұрғызылған алаңның 

ішкі сәулеті қазақ үй сияқты әспеттеліп, 

төбесіндегі шаңыраққа айнала уықтар 

қойылған. 

Бүгінде отандық білім саласының дамуы 

мемлекеттік саясаттың басты және негізгі 

алдыңғы қатардағы бағыты. Мемлекетіміз 

қашанда білім беру мәселесіне ерекше 

мән беріп, студенттердің білімді де білікті 

болып,  қамсыз білім алуы үшін барлық 

жағдайларды жасап келеді. Аталмыш 

нысандардың бой көтеруі соның бір дәлелі 

десек болады. 

Қазіргі таңда Арулар қалашығында 7 

жатақхана бар. Қыздар университетінде 

еліміздің барлық алыс аймақтарынан 

студенттер көп оқиды. Студенттердің оқу 

орнына еліміздің түпкір­түкпірінен көп 

келіп оқитынын ескерсек, бұл мемлекеттің 

ұлт тәрбиешілеріне деген қамқорлығы 


4

4

ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗДАР ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ



№11 (134)

15 қыркүйек

2015 жыл

керек. Өйткені, ұлттық тәрбие 

халқымыздың қанында бар, өмірлік 

ұлағатты ұлттық ұстанымы мен басты 

бағыт берер бағдаршамы деп атап 

айтуымызға болады. 

«Ұрпақ» және «Перзент» деген 

киелі сөздердің мағынасы өте тереңде 

жатыр. Бұл сөздер жүрегімізді 

елжіретіп, көңілімізге қуаныш сезімін 

ұялататын әрі құнды, әрі қасиетті 

сөздер екендігін ешкім де, ешуақытта 

да жоққа шығара алмайды. 

Ұ р п а қ   –   б і з д і ң   ө м і р і м і з д і 

жалғастырар өшпеген ізіміз, асыл 

мұратымыз, алға жетелер асқақ ар­

манымыз және үкілеген үмітіміз. 

Сондықтан да, халқымыз «Ағаш 

жапырағымен сымбатты, адам 

ұрпағымен қымбатты», «Құлын 

көбеймей жылқың өспес, ұрпақ 

көбеймей ұлтың өспес», «Ұлағатты 

елдің ұл­қызы ұятқа қалдырмайды» 

және т.б. даналық сөздер ұлтымыздың 

ұрпаққа деген ыстық ықыласы мен 

аса зор сүйіспеншілігін білдіреді. 

Кез келген ұлттың бойындағы 

асыл адамгершілік қасиеттері 

ұрпақтарының бойында болатын 

мінез­қылықтарының жиынтығы 

арқылы көрініс береді. 

Б і з   ө з і м і з д і ң   к ө п   ж ы л д ы қ 

ұстаздық тәжірибемізде ұлттық 

тәрбиенің ұрпақ үшін өте маңызы зор 

екендігін байқап жүрміз. «Уызына 

жарыған ұлылыққа ұмтылар, азамат 

болып өседі, ізгілікке құнты бар» 

деген даналық нақылдың мағынасы 

адам бойындағы адамгершілік 

қасиеттердің ана сүті арқылы 

берілетін нақтылап тұр. 

Қазақ халқы ұрпақ тәрбиесіне, 

әсіресе қыз баланың тәрбиесіне 

ерекше көңіл бөледі. Өйткені, қыз 

баланы ұлттың бойтұмары мен 

абыройы, ұлттың болашағы деп 

есептеп, қызбала тәрбиесіне аса 

зор жауапкершілікпен қарайды. 

«Ұлтыңды сақтаймын десең – 

қ ы з ы ң д ы   т ә р б и е л е ,   р у х ы ң д ы 

с а қ т а й м ы н   д е с е ң   –   ұ л ы ң д ы 

тәрбиеле», «Қыз тәрбиесі теңдесі жоқ 

ұлылық, ең алдымен, терең ойлап, 

сырын ұқ» ­ деген даналық нақылдар 

халқымыздың қыз тәрбиесі ең басты 

өнегелі өсиеттер деп айтуға болады. 

Бұл арада, аса мейірімді де, қасиетті 

Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с) 

кенже әрі сүйікті қызы Би Фатима 

анамыз әкесінің үйіне қонаққа кел­

генде, әкесі орнынан тұрып, сырт 

киімін төрге төсеп, оның етегіне 

қызын отырғызатыны еріксіз ойға 

оралады. Міне, өмірлік өнеге деп 

осыны дәріптеуге болады! Иә, «Қыз 

баланы төрге отырғызып, төреңдей 

күт»  деген нақылының мазмұны да 

тереңде жатыр.

Халқымыздың ежелгі әдет­ғұрып 

заңдарында қыз баланың жолы 

қожадан да, сұлтаннан да, төреден 

де үлкен екендігі айтылады. Осыған 

орай, жөн білетін адамның қайсысы 

болса да, қызға құрметпен қарап, 

оның жанына бататын ауыр сөздерді 

айтқызбай тиып тастап отырған. 

Өйткені, қызды «Қонақ» деп есеп­

теген. 


Адам бойындағы асыл адам­

г е р  ш і л і к   қ а с и е т т е р д і ,   н е м е с е 

айналамыздағы әдемі сұлулықты 

да халқымыз қыз баламен байла­

ныстыра айтып, оны басқаларға 

үлгі етіп отырған. Мысалы, «Қыз 

мінезді сынық бол, тау суындай 

тұнық бол», «Ұлы бар үйде қуат бар, 

қызы бар үйде шуақ бар», «Қыз – 

тектіліктің қорықшысы» «Қыз – 

елдің көркі, гүл – жердің көркі», 

«Қыз – алтынның сынығы, шұғаның 

қиығы», «Жетелі қыз жеті ұлға та­

тиды», «Ақылды туған қыз бала, 

батыр туған ұлмен тең», «Қыздың 

жиған жүгіндей», «Жақсы қыз – 

жағадағы құндыз», «Қыздың жолы 

жіңішке, қыздың жолы қиындау, 

түсінбесең сен оны Құдайыңа 

сыйынбау», «Көп тұрса ауыз су 

да бүлінеді, елдің қасиеті қызды 

сыйлаудан білінеді», «Астың дәмін 

келтіретін тұз әулие, алысты жақын 

еткен қыз әулие» деген даналық 

сөздерді тікелей қызбалаға арнап 

айтуы халқымыздың әрі дана да да­

нышпан, әрі кемел ойлы кемеңгер 

ұлт екендігін және ұлттық құнды ру­

хани байлығымыздың мол екендігіне 

нақты дәлел бола алады. Тіпті заңғар 

тауда өсетін шырша ағашының 

көркі мен сымбаттылығын ерек­

ш е   д ә р і п т е п ,   о н ы   х а л қ ы м ы з 

«Қызқарағай» деп атаған.

Халқымыздың тарихтағы өткен 

өмір жолында қазақ қыздарының 

батыр бабаларымызбен қатар жүріп, 

жерін, елін қорғап, халқының 

ұлттық рухын, ұлттық намысын 

биікке көтерген қыздарымыз да аз 

болмаған. Мысалы, Тұмар ханым, 

Бопай ханым, Ұмай ана, Қарашаш 

ана, Гауhар ана, Айша бибі, Абақ 

ана, Домалақ ана, Қыз ене, Қасым 

ханның анасы – Жағанбике, Тәуке 

хан мен Есім ханның анасы – Жақсы 

бике, Шоқанның әжесі – Айғаным, 

ел басқарған Ұлпан ана, өмірдің 

өнегесін паш еткен Абайдың әжесі – 

Зере, халық қаhарманы Бауыржан 

Момышұлының әжесі – Күнтимес, 

е л і м і з д і ң   т ұ ң ғ ы ш   п р е з и д е н т і 

Нұрсұлтан Әбішұлының анасы – 

Әлжан ана, шығыстың қос шынары 

атанған Кеңес Одағының Батырлары 

Әлия мен Мәншүк, Халық қаhарманы 

– Хиуаз, еліміздің тәуелсіздік алуына 

үлес қосқан – Ләззат Асанова, С. 

Мұхаметханова, К. Молданазарова 

және т.б. мақтаныш сезіммен атап, 

кейінгі ұрпақтарға үнемі үлгі етіп 

отыру азаматтық басты парымыз 

деп есептейміз. Қорыта айтқанда, 

қыз баланың тәрбиесі ұлтымыздың 

ұлылығы мен даралық даналығын 

б а с қ а л а р ғ а   т а н ы т а т ы н   б а с т ы 

көрсеткіш деп айтуға болады. 

Ақерке Өсербай, Студенттік медиа 

клуб мүшесі:

– Бала тәрбиесі – үлкен бір 

ғылым іспетті. Мұндағы ең басты 

орын «Баланы жастан» демекші 

бала тәрбиесі тал бесіктен ба­

стау алады. Десе де сәбидің ана 

құрсағындағы тәрбиесі аса маңызды 

рөлге ие екендігін айта кеткен жөн. 

Құрсақтағы бала анасы бейім болған 

нәрсеге кейіннен тез икемделеді 

екен.

Бала тәрбиесінің алғашқы алтын 



қазығы – туған ұясы, өз отанындағы 

тәрбиеден бастау алады. Әрине мұнда 

ана тәрбиесінің маңыздылығын айт­

пай кету мүмкін емес. Тар құрсағын 

кеңітіп, тоғыз ай көтеріп, түн 

ұйқысын төрт бөліп балаға өмірлік 

азық боларлық үлгілі тәрбие берер 

ана орны қашан да ерек. Себебі 

оның қолында ел ертеңін ұстарлық 

азаматтар, келешек өскелең ұрпақ 

тәрбиеленуде.

Ә й е л   з а т ы   д ү н и е г е   с ә б и 

әкеліп қана қоймай, оны саналы, 

тәрбиелі етіп өсірмектігі парыз 

һәм қарыз. Бала бойына рухани 

байлықтарды сіңдіріп, адамгершілік 

қағидаттарын ұғындырғаны абзал. 

Тал бесіктің тар төсегінде жатқан 

сәтінен бастап құлағының құрышын 

қандырар бесік жырынан кенде 

қылмай, сәби санасына ұлттық 

құндылықтармен әсер етпек керек. 

Жастайынан ана тілінің қасиетін 

дәріптеп, ұлттық сана­сезімін оя­

тып, баланы отансүйгіштікке ба­

улуда ана ерекше үлгі танытпағы 

ләзім. Кеңпейілділік, шыншылдық, 

мейірімділік, ақкөңілділік сынды 

құнды қасиеттерді бала бойына дары­

туды көздеп, ұлағатты тәрбие үлгісін 

көрсету қажет. «Сүтпен біткен мінез 

сүйекпен кетпек» демекші балаға 

тектілік, үлгі­өнеге, адамгершілік 

қасиеттер бәрі­бәрі ана сүтімен 

даритындығы тегінде «Ананың ақ 

сүтін ақтау» деген әдемі сөздің бекер 

айтылмағандығына кепіл болардай.

Қыз баласының тәрбиесіне 

келгенде ананың орны ерек бөлек. 

Қызға қырық үйден тыйым еткен 

қазақтың байырғы тәлімін дәріптеп, 

ұлт шырақшысын тәрбиелеуде 

ананың айтар насихаты қашан 

да табылуы хақ. Ертеңгі күні дәл 

өзіндей ана атанатын бойжеткеннің 

бойында иба­инабат, сыпайылық, 

тәрбиенің озық түрі көрініс тапса ана 

тәрбиесінің кемшін болмағанының 

дәлелі болмақ. 

А л ь б и н а   Қ а л м ы р з а ,   Қ а з а қ 

филологиясы және әлем тілдері 

факультетінің 2-курс студенті:

– Халқымызда өте орынды 

айтыл ған даналық сөз бар. «Балаң 

жетіге келгенше патшадай сыйла

жеті жастан бастап құлыңдай жұмса, 

он төрт жастан бастап досыңдай 

сырлас» – деген өсиет сөзге үңілсек, 

үлкен ой, аса дәлдік бар екені 

сөзсіз. Өмірге келген баласынан 

ертеңгі күні дана күтетін халқымыз 

бұл жолда көп еңбек сіңірген. Бұл 

тақырыпқа келгенде аналардың 

еңбегі ерен деуге болады. Себебі 

баланың жағдайын ойлап, күндіз 

күлкіден, түнде ұйқыдан айырылуға 

бар аналарымыз қашанда баланың 

текті азамат болып қалыптасуы үшін 

барын салған. Қашан да, қандай 

қиындыққа тап келсек те жаны­

мыздан табылып, ақыл­кеңесін бе­

руге дайын. Алайда, ақ пен. қара 

қатар жүретін мына заманда кейбір 

азаматтарымыздың пікірінше қандай 

қиындыққа кезіксең де психолог 

мамандардың кеңесіне жүгіну керек 

екен мыс. Бұл таптырмас шешім 

дейді өздерінше. Алайда мен оған 

түбегейлі қарсымын. Неге? Абайдай 

даналарымыз бен Бауыржандай ба­

тыр ұлдарды өмірге әкелген алтын 

құрсақты аналарымыз тұрғанда ар­

найы кеңесшіге жүгінудің қажеті жоқ 

деп ойлаймын. Ана еш уақытта бала­

сына жамандық ойламайтыны рас. 

А Л Қ А С Ө З

Құрметті оқырман, «Қыздар университеті» 

газетінің редакциясы «Алқасөз» атты жаңа 

айдар ашып отыр. Бұл айдарда қоғамдағы 

өзекті мәселелер жайында ұлағатты ұстаздар, 

ғалымдар мен студенттер дөңгелек үстел 

ұйымдастырып, ой-пікірлерін ортаға салып, 

талқылау өткізетін болады. 

Алғашқы  басқосу Отбасы күні мерекесіне орай 

ұйымдастырылды. Қатысушылар отбасы негізі, 

оның қоғамдағы рөлі, бала тәрбиесі, отбасының 

тұрақтылығы жайында ой өрбітті.

Іңгәлеп дүние есігін ашатын 

нәрестенің алғашқы көретін 

адамы – анасы. Қолына алып 

иіскейтін – әкесі. Осындай 

шаңырақ ұйытқысы болатын 

ата-ана барда, ұл мен 

қыз уыздай болып, ошақ 

қасы – отбасында өсіп-өніп, 

тәлім-тәрбие алып шығады. 

Осылай әуел баста баланың 

ертеңгі болашағы бүгінгі 

«шағын мемлекеттен» 

бастау алады. Адамзат 

баласының өмірдегі ең құтты 

қазынасы – отбасы. Әрбір 

отбасындағы тәрбиеден 

еліміздің тарихи түп-тамыры 

басталады. 

ОТБАСЫ ҰЙЫТҚЫСЫ – БАҒА

 Иә, отбасы – өмір аясы. Кез 

келген адам бойындағы асыл 

қ ұ н д ы л ы қ т а р   м е н   и г і   ж а қ с ы 

қасиеттер мәуеленіп өсетін от­

басында қалыптасады. Одан өрісі 

кеңейіп, туған еліне, жеріне, өз 

Отанына деген сүйіспеншілік 

дами түседі. Ата­ананың баянды 

бақыты – бауыр еті баласының үлгі 

тұтар жан болып ержетуі, халқына 

адал қызмет етуі. Ал, өнегелі 

ұрпақ тұғыры биік мемлекетіміз – 

Қазақстанның кемесін өрге жүргізу 

үшін аянбай еңбек етіп, тер төгері 

сөзсіз. 

Бала – жас шыбық тәрізді. 

Шыбықты қалай исең, солай майы­

сатыны сияқты отбасылық тәрбие – 

жас ұрпақтың рухани азығы, алтын 

діңгегі. Мұндағы берілген тәлім­

тәрбиені басқа еш жерден ала ал­

майды. Аяулы ата­ананың ыстық 

алақаны мен шуақты мейірімін 

ештеңе алмастырмайды. Деген­

мен, қазіргі таңда Отбасы мәселесі 

аз айтылып жүрген жоқ. Өйткені, 

ата­бабамыз қазақта бұрын­соңды 

болмаған үйлене салып ажырасу, 

көкек ана сияқты балаларын тастап 

кету, некесіз бала туу сияқты айтуға 

ауыз бармайтын келеңсіз жайттар 

орын алуда. Оның алдын алудың 

бірден­бір жолы – «Отан – отбасы­

нан басталады», «отбасы – шағын 

мемлекет» дегеннің мән­мазмұнын 

бала бойына кішкене күнінен сіңіре 

отырып, ұлттық құндылықтарды 

қадірлейтін өнегелі тәрбие беру.

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың 

жарлығына сәйкес отбасы мәртебесін 

арттыруға бағытталған «Мерейлі от­

басы» ұлттық байқауы биыл екінші 

рет өткізіліп отыр. Кең байтақ 

еліміздегі ең үлгілі жанұяларды 

әспеттеп, өскелең ұрпаққа өнеге етіп 

көрсету – тың бастама болды.  

Осындай отбасылық құндылық­

тарды одан ары дамыту барысында 

бейресми мереке – Отбасы күніне 

орай, Қазақ мемлекеттік қыздар 

педагогикалық университетінде 

«Отбасы ұйытқысы – баға жетпес 

байлық» атты дөңгелек үстел болып 

өтті. 


Қыз – болашақ ана, оларды білім 

нәрімен сусындатумен бірге, әдепті 

келін, ардақты ана, аяулы әже болуға 

бағыт сілтеу қажет­ақ.



Р ы с б а й   С ә т і м б е к о в ,   Қ а з а қ 

мемлекеттік қыздар педагогикалық 

уни вер си тетінің  Құрметті  профессоры, 

университеттің Ардагерлер кеңесінің 

төрағасы:

– Халқымыздың ғасырлар бойы 

ұрпақтан­ұрпаққа жалғасып келе 

жатқан өмірлік өрелі өнегесі мен 

қасиетті құнды мұрасы ұлттық тәрбие 

екендігін біз әрқашан да мақтаныш 

сезіммен күллі әлемге паш етуіміз 


5

5

ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗДАР ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ



№11 (134)

15 қыркүйек

2015 жыл

А Л Қ А С Ө З



Қыркүйек айының 10-

шы жұлдызында Қыздар 

университеті шаңырағында 

Сүлейменова Меруерт 

Хадышқызының қатысуымен 

«Ұлағат» бастауыш партиясы мен 

«Қыз Жібек» клубының бірлесе 

отырып, отбасы күніне орай 

ұйымдастырған «Отбасы – өмір 

аясы» атты сыр-сұхбат кеші өтті 

ЖЕТПЕС БАЙЛЫҚ

ӨМІРГЕ ҚҰШТАР 

БОЛАЙЫҚ!


Шаңырақтан басталады

Себебі қай заманда болмасын ананың 

айтқан кеңесін тыңдап, нұсқаған 

жолымен жүрген жан жақсылықтан 

құр алақан қалған емес. Мұндағы 

айтқым келіп отырғаны, анасына 

ұқсайтын қызға үйленген жігіт пен 

анасына ұнаған жігітке тұрмысқа 

шыққан қыздардың саны күн санап 

артса нұр үстіне нұр болар еді. 



Гүлім Садырбек, студенттік медиа 

клуб мүшесі:

– Отбасын шағын бір патшалыққа 

теңесек, сол патшалықтың тірегі 

әкені – ханға телитініміз анық. 

«Хандықтағы» әрбір мүшенің өзінің 

айқындалған орны болатыны да рас. 

Әке жанұяның – шамшырағы, ана – 

жаншуағы.

Өкінішке орай, қазіргі таңда 

«ханы» жоқ «хандықтар» мен «пат­

шайымы» жоқ «патшалықтар» 

көбеюде. Әке орнын аңғармайтын, 

әке мінезі мен маңызын сезіне ал­

майтын шаңырақтар қаншама... 

Фариза Оңғарсынова мына бір өлең 

жолдарында «Әке – білек, саусағы – 

балалары, Қантамырмен жалғасқан 

аралары» деп сипаттайды. 

Адамның бойындағы 62 тамы­

рынан әкенің қаны шымырлап ағып 

жатқан жоқ па?! Тек отбасында емес, 

жалпы адам өмірінде әке орны елеулі. 

Мысалға, «атаның емес, адамның 

баласы бол» деп өткен алаштың ұлы 

Абайды айтпас бұрын, Құнанбайдың 

даралығын елеп өтетініміз бар. 

Тектілік, әке қасиеті мен қабілеті 

балаға қаннан сіңеді, сүйекке бітеді.

Дана халқымыз «Бір әкенің 

тәрбиесін – жүз мектеп те бере ал­

майды» деген екен. Әке мінезін көріп 

ержету, әке сөзін тыңдап бойжету, 

«әке» тәрбиесін бойына сіңіріп өсу 

адамның тұлғалық қалыптасуына 

тікелей әсер етеді. Шаңырақтағы 

тұрақтылық пен салмақтылық, 

өзіне деген сенімділік «әке рөлінің» 

арқасында пайда болады.

«Алты аға бірігіп – әке болмас» 

дегендей, өзге ұлттар мен ұлыстарды 

қайдам, қазақ халқында, қаймана 

қазақ шаңырағында әке орны 

ерек, әке сөзі заң. Әке – «патша»! 

«Патшалықтарыңызда» хандық 

билік жасай берсін!

Құрбанкүл Ағабек, Қазақ филоло

-

гиясы және әлем тілдері факультетінің 

2-курс студенті:

– Меніңше, ерте ана атану – 

жетістік емес, дерт! Айтар болсақ 

себеп көп. Қазіргі таңда елімізде ерте 

ана атанып жатқандар саны өте көп. 

Көп қыздар жастай балалы болып 

жатыр. Оның көбі тұрмыс құрмаған, 

балалығын тастамаған бал бөбектер. 

Олар қандай ана бола алады?!

М е д и ц и н а   ж а ғ ы н а н   а л ы п 

қарайтын болсақ, қыз баланың 

организмі 23 жасқа дейін өсіп 

жетіледі. Ағзасы жетіліп бітпей 

жатып дүниеге қандай бала алып 

келе алуы мүмкін? Дүние есігін 

ашар сәбидің дені сау болып, еш 

кемшіліксіз дүниеге келеріне кім 

кепіл бере алады? Көп адамдар біздің 

ата бабаларымыз «Он үште отау иесі» 

деп қыздарын орта есеппен 14, 15 

жастан тұрмысқа берген деп жатады. 

Бұл сылтау шығар. Біздің заманы­

мызда ол замандармен салыстыруға 

келмейді.

Қазіргі экологиялық жағдай­

ларды алайық. Жеміс­жидектер мен 

көкөністердегі дәрумен қорының 

азаюы, ауаның ластануы адам 

денсаулығына кері әсерін тигізіп 

жатыр. Оған  газдалған тәтті сусын 

мен тез дайындалатын тағамдарды 

түрлі дерттің бастамасына айналады.  

Сондықтан алдымен денсаулыққа 

көңіл бөлу керек. 

Қыз балалардың ерте ана ата­

нуына жол бермеуіміз керек. Бәрі 

жастардың өз қолында. Мысалға, 

мен де болашақ анамын. Бірақ, 

ерте ана атанып, өзіме де, болашақ 

сәбиіме де зиян келтіргім келмейді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет