«Жұлдыз» бөбек жай-балабақшасының логопеді М.Қ. Кұмар Балпық би ауылы, Көксу ауданы, Алматы облысы Балабақшадағы ерекше білім беруді қажет ететін балаларға арналған түзету-дамыту жұмыстарын ұйымдастыру



Дата24.04.2023
өлшемі87,23 Kb.
#86266

«Жұлдыз» бөбек жай-балабақшасының
логопеді М.Қ. Кұмар
Балпық би ауылы, Көксу ауданы,
Алматы облысы


Балабақшадағы ерекше білім беруді қажет ететін балаларға арналған түзету-дамыту жұмыстарын ұйымдастыру

МДҰ-ғы түзету-дамыту қызметінің моделі тұтас жүйе болып табылады. Оның мақсаты – диагностикалық, алдын алу және түзету-дамыту аспектілерінен тұратын, мектеп жасына дейінгі балалардың сөйлеу және психикалық дамуының жоғары, сенімді деңгейін қамтамасыз ететін мектепке дейінгі білім мекемесінің жүйе ретіндегі білім беру қызметін ұйымдастыруда. Балабақшаның жұмысы қатаң, ойластырылған жүйемен анықталады, оның маңызы оқыту-білім беру үрдісін логопедтеуде, балалардың түрлі істермен айналысуында жатыр. Дамуда ерекшеліктері бар балаларға арналған тұтас түзету-дамыту жүйесін жасау – әртүрлі мамандардыың қатысуын талап ететін күрделі тапсырма. Бұзылуларды саралап түзетуді жүзеге асыру үшін ерекше білімді қажет ететін балаларға арналған бағдарламаның механизмі іске қосылған болуы тиіс. Ал бұл МДҰ-ның мектепке дейінгі білім берудің негізгі жалпы білім беру бағдарламаларына ерекше білімді қажет ететін балалардың оқуының және дамуының барлық айрықша ерекшеліктерін енгізу керек деген сөз: материалдарды игеру мерзімдерін түрлендіру, түзету жұмыстарының жүйесі, ЖББ меңгеруге бағытталған арнайы тәсілдер, әдістер және амалдар, жүзеге асырудың айрықша шарттары.


Балабақша жағдайында түзету жұмыстары педагогикалық және психологиялық түзетуден, тәрбиеленушілерді медициналық сүйемелдеуден тұратын кешенмен жүзеге асатын болса ғана тиімді болады.
Ерекше денсаулық мүмкіндіктері бар балалары бар топтардағы түзету жұмыстарының мақсаты – түрлі санаттағы денсаулық мүмкіндігі шектеулі балалардың физикалық және (немесе) психикалық дамуындағы кемшіліктерді түзетуді қамтамасыз ету және осы санаттағы балаларға жалпы білім беру бағдарламаларын меңгеруге көмектесу.
Түзету жұмыстарының бағдарламасы түрлі санаттағы ерекше білімді қажет ететін балалардың физикалық және (немесе) психикалық дамуындағы кемшіліктерді түзетуді қамтамасыз етуге және осы санаттағы балаларға жалпы білім беру бағдарламаларын меңгеруге көмектесуге бағытталған болуы қажет.
Түзету жұмыстарының бағдарламасы келесілерден тұрады:
• Ерекше білімді қажет ететін балалардың айрықша білім алу қажеттіліктерін қанағаттандыруды, олардың МДҰ-дағы кірігуін және олардың негізгі білім беру бағдарламасын меңгеруді қамтамасыз ететін жекелей бағдарланған түзету іс-шараларының тізімі, мазмұны және жоспары;
• Ерекше білімді қажет ететін балалардың айрықша білім алу қажеттіліктерін анықтау, балалардың даму динамикасының, олардың бағдарламаны меңгерудегі жетістігінің мониторингі, түзету іс-шараларын түзету мақсатындағы психологиялық-медициналық-педагогикалық зерттеуден тұратын, білім беру үрдісі жағдайында ерекше білімді қажет ететін балаларды кешенді психологиялық-медициналық-педагогикалық сүйемелдеу жүйесі;
• Ерекше білімді қажет ететін балаларды оқыту және тәрбиелеудің айрықша шарттарын сипаттау, бейімделген білім беру бағдарламасын және оқыту мен тәрбиелеу әдістерін қолдану, жеке және топтық түзету сабақтарын өткізу;
• түзету іс-шараларын әзірлеуде және жүзеге асыруда МДҰ-дағы түзету-дамыту жұмыстарының бірлігін қамтамасыз етулері қажет мұғалім-логопед және МДҰ мамандарымен өзара әрекеттесу механизмі;
• түзету жұмыстарының жоспарлы нәтижелері.
МДҰ-дағы түзету жұмыстарының бағдарламасы бірнеше бағыттан тұрады: диагностикалық, түзету-дамыту, кеңес беру, ақпараттық-ағартушылық.
Диагностикалық бағыт келесілерді қамтиды:
• арнайы көмекке мұқтаж балаларды уақытылы анықтау;
• дамудағы ауытқушылықты ерте диагностикалау және бейімделу қиындықтарының себептерін талдау;
• диагностикалық ақпарат негізінде бала туралы мәліметтерді кешенді жинақтау: эмоциялық-жігерлі ортаның және тұлғалық ерекшеліктердің дамуын зерттеу, отбасылық тәрбиенің шарттарын және даму жағдайларын әлеуметтендіру, әлеуметтену деңгейінің бейімделу мүмкіндіктері, даму деңгейі мен динамикасын мамандардың жүйелі жан-жақты бақылауы, түзету-дамыту жұмыстарының жетістіктерін талдау.
Түзету-дамыту бағыты келесілерден тұрады:
• айрықша білім беру қажеттіліктеріне сәйкес ДМШ балалардың дамуына арналған оңтайлы түзету бағдарламаларын, әдістемелерін, әдістерін және оқыту амалдарын таңдау: мамандардың дамудағы бұзылуларды және оқудағы қиындықтарды еңсеруге қажетті жеке және топтық түзету-дамыту сабақтарын ұйымдастыруы және жүргізуі;
• жоғары психикалық атқарымдарды түзету және дамыту, баланың эмоциялық-жігерлі және тұлғалық өрістерін дамыту және оның мінез-құлқын психологиялық әдістермен түзеу, психожарақаттаушы жағдайлардағы жағымсыз өмір сүру шарттарында баланы әлеуметтік қорғау.
Ақпараттық-ағартушылық бағыт қарастырады:
• ағартушылық қызметтің түрлі түрлері (дәрістер, әңгімелесулер, баспа материалы, түрлі санаттағы ерекше білімді қажет ететін балалардың жеке-типологиялық ерекшеліктерін түсіндіру бойынша педагогтар мен ата-аналарға тақырыптық сөз сөйлеулер жүргізу). Бұл бағытта педагогтердің де, ата-аналардың да логопедтік сауаттылығын арттыруға ықпалдасатын ақпараттық-оқыту құралдары мен амалдары қолданылады.
Кеңес беру қызметі келесілерді қамтиды:
• білім беру үрдісінің барлық қатысушыларына ортақ, ерекше білімді қажет ететін балалармен жұмыс істеудің негізгі бағыттары бойынша бірлескен негізделген ұсынымдарды жасау;
• ерекше білімді қажет ететін балалармен жұмыс істеудің жекелей-бағдарланған әдістері мен амалдарын таңдау бойынша мамандардың педагогтерге кеңес беруі;
• ерекше білімді қажет ететін баланы тәрбиелеу стратегиясын және түзете оқытудың амалдарын таңдауда отбасыға кеңесшілік көмек беру.
Жалпы тіл кемістігі бар құрамдастырылған бағыттағы топтарда түзету жұмыстарының жүйесін құруда мамандардың бірлескен қызметі педагогтар өздерінің баламен жұмысын жалпы педагогикалық қағидаттардың негізінде жекеше емес, әрқайсысының әсерін толықтыра және тереңдете отырып жасайтындай етіп жоспарланған. Мамандармен жобаланған бірлескен түзету-педагогикалық жұмыстардың бірыңғай кешені қозғалу және сөйлеу өрістерінің қалыптасуына және дамуына бағытталған. Сабақтардың мазмұны, ұйымдастырылуы және әдістемелік амалдар бағдарламаның бөлімдері бойынша мұғалім-логопедтің жұмысы барысында балалардың жинақтаған нақты түсініктері мен сөйлеу тәжірибесін ескере отырып, түзете оқытудың мақсаттарымен анықталады. Түзету-дамыту қызметінің жүйесі жұмыстың жекеше, фронтальды түрлерін, сондай-ақ арнайы ұйымдастырылған кеңістіктік-сөйлеу ортасында жалпы тіл кемістігі бар балалардың өзіндік жұмысын қарастырады.
Барлық мамандар барлық түзету-дамыту жұмыстарының ұйымдастырушысы және үйлестірушісі болып табылатын, әріптестерімен бірге блокты біріктірілген күнтізбелі-тақырыптық жоспар құратын, көкеттік-тілдік тыныс алудың қойылымын, дыбыстап айтуды түзетуді, оларды автоматтандыруды, дифференциациялауды, оларды өзіндік сөйлеуге енгізуді жүзеге асыратын, режимдік кезеңдерді және тікелей ұйымдастырылған білім беру қызметін логопедтеуге, өз кезегінде бұл балалардың тұлғалық өсуіне, сенімді мінез-құлықтың, лайықтылық сезімінің қалыптасуына, құрдастарының, ересектердің ортасына бейімделуге, ал әрі қарай – мектепте сәтті оқуына көмектесетін, балалардың сөзжасам және сөзді түрлендіру дағдыларын іс жүзінде меңгеруіне ықпалдасатын мұғалім-логопедтің басшылығымен жұмыс істейді.
Лисина мен Ломовтың пікірінше, баланың психикалық дамуы мен жеке тұлға болып қалыптасуы ересек адаммен қарым-қатынас жасау процесінде, сонымен қатар Д.Б. Элькониннің пікірінше, баланың жетекші іс-әрекетіне негізделгенде мүмкін болады. ЕБҚ баланың дамуы қалыпты баланың дамуымен бірдей заңдылықтарға сәйкес келетіндіктен, белгілі бір жағдайлар жасалған кезде барлық балаларда даму мүмкіндігі болады (Л.С. Выготский, М. Монтессори). Осы ережелерге сүйене отырып, мен түзету-дамыту сабақтарының бағдарламасын жасадым, мұнда тапсырмалардың (ойындар мен жаттығулар) түрлері алынған диагностикалық мәліметтерді ескере отырып таңдалды.
«Ойын - баланың рухани әлеміне өмір беретін идеялар мен тұжырымдамалардың ағыны құйылатын үлкен жарық терезе. Ойын - бұл қызығушылық пен ізденімпаздықтың отын тұтататын ұшқын»,-деп В.А.Сухомлинский айтпақшы, ойынның әрбір баланың өмірінде алатын орыны зор. Психологиялық түзету - дамыту жұмыстың ойын жаттығулары арқылы берілуі: мінез-құлықтың реттелмеуі, бала қобалжуы, қорқуы мен қарым-қатынас бұзылуында қолданылады. Мектепке дейінгі кезеңде ойын еркін әдіс ретінде қолданылады. Ойын жаттығулары бағыттау, қайта құру және бекітуге арналады. Ойын үстінде баланы асықтырудың қажеті жоқ, белсенділігін байқатқанда мадақтап отыру шарт.
Педагогикалық процесте терапияның әр түрлі әдістері қолданылуы қажет: пәндік, сөйлеу, музыкалық арт-терапия, емдік гимнастика. Сонымен бірге қабылдау жаттығулары, ырғақты-қозғалыс белсенділігі және т.б пайдалы болып табылады. Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға әртүрлі сөйлеу сипатындағы дидактикалық ойындар ұсынылады.
Логопедиялық ойындар - бұл сөйлеу дағдыларын дамытуға тікелей немесе жанама ықпал ететін әр түрлі тапсырмалар мен жаттығулар.
Педагогикада ойындар екі кіші топқа бөлінеді:
1. Шығармашылық ойындар (режиссерлық, рөлдік ойындар, құрылыс материалдарымен ойындар,театрландырылған).
2. Ережелері бар ойындар (дидактикалық және қозғалыс).
Сөйлеуді белсендіретін кез-келген ойын логопедиялық болуы мүмкін.
Түзету жұмыстарына байланысты әр түрлі логопедиялық ойындар қолданылады:
• артикуляциялық ойындар;
• физиологиялық және сөйлеу тынысын дамытуға арналған ойындар;
• саусақ ойындары;
• фонематикалық естуді дамытуға арналған ойындар;
• дауысты дамытуға арналған ойындар;
• сөздің буын құрамын дамытуға арналған ойындар;
• сөздік қорын кеңейтуге және сөйлеудің грамматикалық құрылымын жақсартуға арналған ойындар;
• байланыстыра сөйлеуді дамытуға арналған ойындар.
Сөйлеу ойыны - логопедиялық түзету жұмысының маңызды бағыты. Оқыту құралы функциясын орындай отырып, ойын балалардың ауызша және жазбаша сөйлеуін дамытудың негізгі құралдарының бірі болып табылады. Ойын кезінде балалар ойыннан тыс жерде қызықсыз және қиын болып көрінетін нәрсені ықыласпен және қызығушылықпен жасайды.
Ойынның арқылы жасалатын сабақтарда әрдайым жақсы көңіл-күй болады. Мұндай іс-шаралардың мәні неде? Байсалды жұмыс ойын-сауыққа айналады.
Ең бастысы -балаларды қызықтыру, ойын атмосферасын қалыптастыру.
Ойындарды таңдау балалардың қабылдау және ойлау қабілеттерінің жас ерекшеліктеріне, сөйлеу дағдыларының деңгейіне, дербестікке, сөйлеу тәжірибесіне негізделген, олар балаларға түсінікті және қол жетімді болуы керек.
Сөйлеу ойындары логопедиялық мақсаттарды ғана емес, олардың әрқашан білімдік және жалпы білім беру мақсаттарын көздейді: олар байқауды, қабылдауды, ойлауды, зейінді дамытады, сонымен қатар ұжымға деген дұрыс қатынасты дамытады.
Ойын - күрделі, көпқырлы құбылыс. Сөйлеу ойындарында сөйлеу әрекеті ғана белсендіріліп қоймайды, сонымен бірге балалардағы барлық психикалық процестер, олардың эмоционалды-ерік саласы дамиды. Сөйлеу ойындарының маңызды рөлі сонымен қатар, олар өздерінің сәтсіздіктерін сезінетін балалардағы стресс пен қорқынышты жеңілдетуге көмектеседі, сабақ барысында жағымды көзқарас қалыптастырады. Бала мұғалімнің-логопедтің кез-келген тапсырмасы мен жаттығуын қуана орындайды. Демек, логпед баланың ауызша және жазбаша дұрыс сөйлеуін ынталандырады.

Қолданылған әдебиеттер тізімі:



    1. Сулейменова Р.А. «Қазақстандағы МШ балаларға ерте түзету көмек жүйесі; жарыққа шығарудың және дамуының проблемалары» Алматы, 2001ж.

  1. Қазақстандағы арнайы білім беру журналы №4, 2013ж.

  1. Логопедия журналдары

  1. Зерде дамуы орташа және терең бұзылған балалардың сөйлеу тілін дамыту және сауаттылықа үйрету. Баряева Л.Б., Логинова Е.Т., Лопатина Л.В., Сүлейменова Р.А., Есенжолова Г.Ж


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет