Жм-909 Мейірбек Бағдат Жеңіл деңгей Әлеуметтік конфликтілердің табиғаты және шығу себептерін түсіндіріңіз



бет5/7
Дата21.12.2023
өлшемі51,3 Kb.
#142432
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
ЖМ-909 Мейірбек Бағдат (пс.13)

Күрделі деңгей

  1. Толерантты мінез- құлықты дамыту бойынша психологиялық ұсыныстар әзірлеңіз.

Толерантты мінез–құлықты қалыптастырудың маңызды шарты, бір жағынан, бала үшін ортаның маңызын, әр түрлі жақтарына баланың көзқарасын зерттеу болып табылса, екінші жағынан орта көзқарасы оқушының «болу» мүмкіндігін жасауға мүмкіндік беруі, яғни толеранттық мінез-құлық белгілеріне ие тұлға ретінде қалыптасуына жағдай жасауы керек.
Толерантты мінез-құлықты қалыптастыруға әдіснамалық көзқарасты теориялық талдау бізге толерантты мінез-құлықты қалыптастыру мәдениеті тұлғаны қалыптастыруда осы үдерістің білімдік және тәрбиелік бағыттармен арақатынасы нақты анықталғанда өзінің лайықты орнын алады деп қорытынды жасауға мүмкіндік береді.
Оқушыларда толерантты мінез-құлықты қалыптастыру екі жақты келісімді макро және микро деңгейлерінің нәтижесі арқасында жүзеге асырылуы мүмкін. Әр деңгейдегі ұйымдастыру үдерісі әртүрлі деңгейде жүзеге асырылатын нақты мақсатпен және мақсатқа лайықтылықпен (қайда бағытталғаны), шешілетін міндеттермен (нені жеңеді, нені алып тастайды?), қызметімен (не үшін тағайындалады?) анықталады.
Мектеп жасына дейінгі балаларды дамыту мәселесі ұлттық даму стратегиясымен тығыз байланысты мемлекеттік саясаттың ажырамас бөлігі болып табылады. Бала — біздің болашағымыз. Олай болса, мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту баланың ғана емес, еліміздің де жарқын болашағының кепілі. Ол – үздіксіз білім берудің алғашқы деңгейі. Сондықтан, мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытудың негізгі мақсаты – баланың жеке басының қалыптасуы мен дамуы болып отыр.
Қазіргі кезде толеранттық қарым- қатынас тәрбиесі өзекті мәселелердің бірі болып отыр.Себебі заман ағымына қарай адамдардың мінез құлқымен бір- біріне деген қарым – қатынастарыда өзгерді.Адамдар бұрынғы сияқты емес, қазір таңда рухани –адамгершілік қасиеттерін жоғалтып алған сияқты.Өйткені мінез- құлықтары тез ашуланшақ, үлкен- кіші демей ойларында не бар соны айта салу, балағаттау, дөрекі сөйлеу,әр адамның бойында зұлымдық қасиеті көбірек қалыптасып кеткен екені айқын көрініп тұрады.
Толерантты мінез–құлықты қалыптастырудың маңызды шарты, бір жағынан, бала үшін ортаның маңызын, әр түрлі жақтарына баланың көзқарасын зерттеу болып табылса, екінші жағынан орта көзқарасы оқушының «болу» мүмкіндігін жасауға мүмкіндік беруі, яғни толеранттық мінез-құлық белгілеріне ие тұлға ретінде қалыптасуына жағдай жасауы керек.
Бүгінгі таңда әрбір мектеп жасына дейінгі балаларды тек жақсы жағына тәрбиелеудің ең басты құралы - фольклор .Фольклор шығармалары балардың жас ерекшеліктеріне сай, мазмұны жеңіл, әрі қысқа да, нұсқалы болып келеді.Шығармаларды оқу,оның мазмұнын ашып оқыту мен тәрбиелеудің әдіс – тәсілдерін одан әлі жетілдіру, балабақша өмірімен байланысын нығайту мәселелері міндеттеліп отыр.Балалар әдебиетінде берілген фольклор шығармалары өз алдына жеке дара саласы болғандықтан, бұл саланың өзіне тән ерекшелігі, тілі мен өзіндік бағыт-бағдары бар. Яғни, фольклор – қазақ әдебиетінің бір арнасы. Оның да өсу, өркендеу жолдары бар. Басында жалпы әдебиеттік мұралармен бірге дамып келсе, соңынан өз алдына дараланып, өз ерекшеліктерімен таныла бастады. Балалар әдебиетінің басты ерекшелігі – тақырыбында, екіншіден, бала тіліне лайық көркемдігінде, үшіншіден, тәрбиелік-танымдық, дидактикалық ұғынықтылығында, төртіншіден, балаға тән юмор қажет. Баланың қажеттілігінен, сұранысынан, талабынан шығу үшін оларға тән қылық, мінез керек. Ол үшін көркем шығарма шынайы, табиғи сурттелуі керек. Онсыз баланы алдау мүмкін емес. Бірақ ол шындық қоғам дамуына сай өзгеріп, уақыт талабына шығып отырса нұр үстіне нұр.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет