ЖҰма 3 наурыз



жүктеу 0.98 Mb.

бет1/9
Дата15.03.2017
өлшемі0.98 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9

ЖАРКЕНТ

   ӨҢІРІ


     

 

    



№ 13 -14 (8857)

             ЖҰМА  

            3 наурыз   

 2017  жыл

Газет  

1921  жылдың 

1  маусымынан

 шығады

Қоғамдық - саяси, әлеуметтік - экономикалық газет

 

Елбасы 


Нұрсұлтан 

Назарбаевтың  биылғы  жылғы 

Қазақстан  халқына  жолдаған 

Жолдауын  тұрғындар  арасын-

да 

насихаттау 



мақсатында 

МАҢЫЗДЫ   МӘСЕЛЕ

АУДАНДЫҚ   ӘКІМДІКТЕ

АГРО¤НЕРКƏСIПТIЊ

БОЛАШАЃЫ    ЗОР

республикамыздың  жоғарғы  лауа-

зымды азаматтары да көпшілікпен 

кездесулер  өткізіп,  Жолдауда 

айтылған  қағидаларды  терең 

түсіндіріп,  қарапайым  халықтың 

сұрақтарына  қанағаттанарлықтай 

жауаптар қайтаруда.

 

Жуырда 


Қазақстан 

Республикасының 

Ауыл 

шаруашылығы 



министрлігі 

Агроөнеркәсіптік 

кешендегі 

мемлекеттік инспекция комитетінің 

төрағасы 

Ержан 


Айнабеков 

ауданымызға келіп кездесу өткізді. 

Оған  ауылдық  округ  әкімдері,  ша-

руа  қожалықтарының  басшыла-

ры,  кәсіпкерлер  мен  депутаттар 

қатысты. 

 

Кездесуді  аудан  әкімі 



Б.Абдулдаев ашып, жүргізіп отыр-

ды.


 

Кездесу 


барысын-

да  сөз  алған  Е.Айнабеков  ауыл 

шаруашылығын 

дамыту 


үшін 

қолда  бар  мүмкіндіктерді  пайдала-

ну  керектігін  айта    келіп,        шаруа-

лар  кооперативке  бірігу  арқылы 

мол  өнім  өндіруге  қол  жеткізе 

алатындығы жөнінде баяндады. Та-

уар  өндіру,  оны  экспортқа  шығару, 

өнім  сапасын  арттыру  сияқты 

ауыл  шаруашылығына  қатысты 

мәселелерге  тоқталды.  Сондай-

ақ  әлемде  болып  жатқан  саяси 

дағдарыстар туралы да айтып өтті.

 

Ауданымызда  өсірілетін 



«дала  аруы»  атанған  жүгері 

тұқымының  сапасы  жөнінде  сөз 

болып,  оны  алыс-жақын  шетел-

дерден  алып,  оларға  тәуелді 

болғанша  жүгерінің  сортты  және 

будан  тұқымдарын  өзімізде  өсіру 

керектігі айтылды.

 

Бүгінгі  таңда  ауданы-



мызда  5  шаруа  қожалығы  тұқым 

өндірумен  шұғылданады.  Олар 

өндірілген өнім сапасына баса на-

зар аударулары керектігі сөз бол-

ды.  Сапасыз  тұқымнан  мол  өнім 

алу  мүмкін  емес  екені  баршаға 

аян.

 

Қазақстан  2050  жылға 



қарай  әлемдегі  ең  алдыңғы 

қатарлы 30 мемлекеттің қатарына 

қосылуға  тиіс  екендігі  жөнінде 

Жолдауда  баяндалғанын  айта 

келіп,  ауыл  шаруашылығын  да-

мыту  керектігі,  сондай-ақ  азық-

түлік өндіруді арттыру мәселесіне 

де  тоқталған  Е.Айнабековпен 

болған  жылы  шырайлы  кездесуді 

аудан 


әкімі 

Б.Абдулдаев 

қорытындылады. 

Ж.БЕЙСЕБЕК.

 

Суретте:    (солдан    оңға    қарай)      Қазақстан      Республикасының        Ауыл        шаруашылығы   



министрлігі    Агроөнеркәсіптік   кешендегі  мемлекеттік  инспекция  комитетінің  төрағасы Е.Айнабеков 

пен  аудан   әкімі  Б.Абдулдаев  кездесу   барысында. 

ДIНИ   


Т¦РАЌТЫЛЫЌ - 

ЕЛ  ДАМУЫНЫЊ 

 

КЕПIЛI


РӘМІЗІҢМЕН    РУХТАН

Бәрі де тұр жазулы сенде, Байрақ!

 Дәл қазір желбіреген желмен ойнап.

Үстінде Ақ орданың жалғыз жалау-

 Аспанның елшісіндей келген жайнап.

 

Шарықта, шарла, көкте, Көк Байрағым,-



 Арманым, азаттығым, көпке айғағым

Мен сенің салтанатты сағағыңа

Өлеңмен алтын  шашақ шоқ байладым. 

                                                



Ғафу  ҚАЙЫРБЕКОВ.

ӨЛЕҢМЕН  АЛТЫН  

ШАШАҚ ШОҚ  

БАЙЛАДЫМ


      Ақпанның  27  жұлдызында 

аудандық 

әкімдікте 

әкімдік 


мәжілісі өтіп, оған аудандық меке-

ме,  ұйым  басшылары,  мәслихат 

депутаттары,  Жаркент  қаласы 

мен  ауылдық  округ  әкімдері, 

мектеп  директорлары,  қоғамдық 

ұйым,  діни  бірлестік  және  БАҚ 

өкілдері қатысты. 

 

Әкімдік  мәжілісін  аудан 



әкімі Бердәулет Абдулдаев ашып, 

жүргізіп отырды. 

 

Әкімдік 


мәжілісінде 

«Панфилов 

ауданында 

діни 


экстремизмге  және  терроризм-

ге  қарсы  іс-қимыл  жөніндегі  

мемлекеттік    бағдарламаның 

орындалу  барысы  туралы»  ау-

дан  әкімінің  орынбасары  Роза 

Мағрупова баяндама жасады. 

 

Б а я н д а м а ш ы н ы ң 



айтуынша 

Қазақстан 

Республикасының  2011 жылғы 11 

қазандағы «Діни қызмет және діни 

бірлестіктер  туралы»  Заңына, 

Қазақстан Республикасының 2013 

жылы 24 қыркүйектегі «Қазақстан 

Республикасында  діни  экстре-

мизм  мен  терроризмге  қарсы 

іс-қимыл  жөніндегі  2013-2017 

жылдарға  арналған  мемлекеттік 

бағдарлама 

туралы 

ҚР 


Президентінің  Жарлығына  және  

Қазақстан 

Республикасының 

2013  жылғы  23  қазандағы 

«Қазақстан 

Республикасын-

да  діни  экстремизм  мен  терро-

ризмге  қарсы  іс-қимыл  жөніндегі 

2013-2017  жылдарға  арналған 

мемлекеттік  бағдарламаны  іске 

асыру 

жөніндегі 



іс-шаралар         

жоспарын бекіту туралы»  Үкімет 

қаулысына 

сәйкес, 


аудан  

әкімдігі  аудан  бойынша  бірқатар 

жұмыстар жүргізуде. 

(Соңы.  2 бетте)

БІР  СӨЙЛЕММЕН

 

Аудандағы  мемлекеттік  қызметкерлер  кешенді  



аттестаттаудан  өтуде.

 

2011-2015 жылдары  елімізде көкөніс өндірісі 



23,9 пайызға ұлғайды. 

 

Қазақстан  астық пен ұн бойынша ірі 



экспорттаушылардың қатарына кіреді.

 

Елбасы  Кеден Кодексін әзірлеу барысында 



әкімшілендіру  рәсімін  жеңілдетуді тапсырды. 

 

Қазақстан халқы Ассамблеясы жанынан ұлттық 



медиаторлар қауымдастығы  құрылады. 

 

Қазақстандағы  бөлшек  саудадағы  дәрі-дәрмек  



бағасы  реттелетін  болады. 

 

Қ а з а қ с т а н 



Республикасының 

Президенті 

Н.Ә.Назарбаевтың 

«100 


нақты  қадам»  Ұлт  жоспа-

ры  бағдарламасының  15-ші 

қадамына  және  2015  жылғы 

23  қарашадағы  «Қазақстан 

Республикасының  мемлекеттік 

қызметі 


туралы» 

Заңының 


63-бабының  1-ші  тармағына 

сәйкес  2017  жылы  «Б»  кор-

пусына  жататын  мемлекеттік 

қызметкерлерді  кешенді  атте-

статтаудан  өткізу  үшін  қажетті 

ұйымдастыру  жұмыстары  қызу 

жүргізілуде. 

              Аталған  бағдарламаның 

15-ші  қадамында  іс  басындағы 

мемлекеттік 

қызметкерлерді 

кешенді  аттестаттаудан  өткізу, 

оларға қойылатын кәсіби талап-

тарды  күшейту  және  еңбекақы 

төлеудің  жаңа  жүйесін  енгізу 

тетіктері   кеңінен   қарастырылған. 

     Қазіргі  күнгі  әлемдегі және 

мемлекетіміздегі 

замана-

уи    өзгерістерге      байланы-



сты  Елбасымыздың    сындар-

лы    саясатын    жоғары    кәсіби  

белсенділікпен,  сауаттылықпен 

атқару,  этикалық  ережелерді 

қатаң 

сақтауы, 



қызметінде 

әрқашан 


сыпайы, 

сабыр-


лы  болуы  арқылы  қоғамға 

үлгі  көрсетуі,  еңбекақысының  

қызмет  нәтижесіне қарай балдық 

есеппен  бағалануы  мемлекеттік 

қызмет  көрсету  сапасын  арт-

тыратын  негізгі  көрсеткіштер 

ретінде  қарастырылғандықтан 

қоғам  кешенді  сынақ  өткізуді 

бірауыздан қолдап отыр. 

      Үш кезеңнен тұратын атте-

статтау  кәсіби  шеберлігі  мен 

біліктілігі  жоғары  мемлекеттік 

қызметкерлерді қалыптастыруға, 

қызмет  сапасын  жақсартуға, 

Елбасымыздың 

мемлекеттік 

бағдарламаларын 

өңірлерде  

іске 

асыру 


арқылы 

ел 


экономикасының 

өркендеуіне, 

халқымыздың    тұрмысының 

жақсаруына  тың серпін беретін 

болады. 

       Әлемнің дамыған 30 елінің 

қатарына  кіру  үшін  кәсіби 

біліктілігі  жоғары  жақсы  ма-

мандар  даярлау  керек.  Ал, 

іс 


басындағы 

мемлекеттік 

қызметкерлерді  кешенді  аттест-

таттаудан  өткізу  олардың  қоғам 

алдындағы  жауапкершілігін  есе-

леп  арттыратын  аса  маңызды 

мемлекеттік  шара  болып  табы-

лады. 


            

Әділетхан  ИМАНБЕКОВ,

аудандық  Мәслихаттың  

            депутаты.

 АСА МАҢЫЗДЫ 

МЕМЛЕКЕТТІК  

ШАРА


«Жаркент  өңірі»

№14  (8857)

3 наурыз  2017 жыл

2

 

Ақпанның 



21-ші 

жұлдызы  күні  аудан  әкімдігінің 

мәжіліс  залында  аудандық 

Қоғамдық  кеңесінің  кезекті 

V  отырысы  өтіп,  Мақсат 

Оспанбековтың 

«Бюджеттік 

бағдарламалардың 

және 

әлеуметтік-экономикалық 



даму жоспарының 2016 жылғы 

орындалуы  туралы,  аудандық 

мәдениет  және  тілдерді  дамы-

ту бөлімінің басшысы Мейрам-

бек Жанпейісовтың «Бюджеттік 

бағдарламалардың және басқа 

да  іс-шара  жоспарларының 

бөлім  бойынша  атқарылған 

нәтижесі  туралы»  есептері 

тыңдалды.

 

Кеңес 


отырысында 

сондай-ақ  Қоғамдық  кеңес 

мүшесінің  өкілеттігін  тоқтату 

мәселесі де қаралды.

 

Қоғамдық  кеңес  оты-



рысын  осы  аталмыш  кеңестің 

төрағасы Ақан Оспанов ашып, 

жүргізіп отырды.

 

Қаралған 



бірінші 

мәселе  бойынша  Үлкеншыған 

ауылдық  округі  әкімінің  есебі 

назарға  алынып,  іс-шаралар 

жоспарының 

орындалуын 

қамтамасыз  ету,  көктемгі  егіс, 

мал  төлдету  науқандарын 

ойдағыдай өткізу мен жеке ша-

руа  қожалықтарын  коопера-



МӘДЕНИЕТІМІЗ   МӘЙЕКТІ   БОЛСЫН

тивтерге біріктіру жұмыстарын 

жалғастыру, 

округ 


тұрғындарының 

әлеуметтік 

жағдайын  жақсарту,  білім 

беру, 


денсаулық 

сақтау, 


қоғамдық  тәртіпті  нығайту 

сияқты  маңызды  мәселелерді 

басты 

назарда 


ұстау 

міндеттері жүктелді.

 

Екінші  мәселе  бой-



ынша 

мемлекеттік 

тілдің 

мәртебесін биіктету, жергілікті 



шығармашылық  адамдары-

на,  жас  таланттарға  қолдау 

көрсету,  танымал  тұлғалар 

жайлы  кітаптар  жазып,  бей-

нефильмдер  түсіру,  мәдениет 

саласындағы 

моральдық-

психологиялық 

ахуалды 

жақсарту  жөнінде  жұмыс 

жүргізу тапсырылды.

 

Отырыста  қаралған 



үшінші 

мәселе 


бойынша 

денсаулығына 

байланы-

сты  Қоғамдық  кеңес  мүшесі, 

Қоңырөлең 

ауылының 

өкілі  Дауысқожа  Жұмабаев 

аудандық  Қоғамдық  кеңес 

мүшесі  ретіндегі  өкілеттігін 

тоқтатты.

 

Қаралған 



барлық 

мәселелер бойынша аудандық 

Қоғамдық  кеңестің  отырысы 

ұсынымдар қабылдады.



(ӨЗ  ТІЛШІМІЗ).

 

Бүгінде  елімізде  ис-



лам атын жамылған   көптеген 

теріс дінді ағымдардың алдын 

алу жұмыстары  жүргізілуде. 

Бұл    қазіргі  таңда    басты 

мәселеге  айналған.  Өкінішке  

орай    жастардың    да  осын-

дай    ұйымдардың  жетегінде  

ілесіп жүруі  өкінішті-ақ. 

 

«Қазақстан  Респу-



бликасы    діни  экстремизм 

мен 


терроризмге 

қарсы 


іс-қимыл  жөніндегі    2013-

2017  жылдарға    арналған  

мемлекеттік    бағдарлама 

туралы»    ҚР  Президентінің 

2013  жылғы  24  қыркүйектегі 

№648  Жарлығын  іске  асыру 

мақсатында  бағдарламаның  

басым-міндеттерінің    ішінде 

радикализм, 

экстремизм 

және  терроризмнің  барлық 

түрлері  мен  көріністеріне 

қарсы  іс-қимыл  шеңберінде 

аудан әкімдігінде өткен жылы 

және  биылға  бірқатар    ша-

ралар  жоспарланып  жүзеге 

асырылуда. 

 

М е м л е к е т т і к  



ТЕРРОРИЗМ МЕН ЭКСТРЕМИЗМ

îíûìåí    ê‰ðåñóäіњ    òåòіêòåðі

бағдарламаны    іске    асыруда  

аудан    әкімдігінде  терроризм 

мен  діни  экстремизмнің    ал-

дын    алу  жөнінде  ақпараттық 

топтың  жұмыс  жоспары  мен 

ақпараттық  топ  мүшелерінің 

тізімі  бекітіліп,    алға  қойған 

мақсат бойынша жұмыс жаса-

луда. 

 

Ақпанның 



 

24 


жұлдызында  аудан  әкімдігі 

жанындағы 

терроризмге 

қарсы  күрес  жөніндегі  комис-

сия  отырысы  өтіп,  оны  ау-

дан  әкімі,  комиссия  төрағасы 

Бердәулет  Абдулдаев  ашып,  

жүргізіп отырды. 

 

К о м и с с и я д а 



«Террористік   тұрғыдан  осал 

объектілердің 

қорғалуын 

қамтамасыз 

ету 

бойын-


ша  құқық  қорғау  орган-

дары 


мен 

объектілер 

басшыларының  өзара  іс-

қимылы, 


жауапкершілігі 

және  қабылданған  шарала-

ры  туралы»,  «Елді  мекен-

дерде  терроризмнің  және 

діни    экстремизмнің  алдын 

алу  жұмыстары  туралы»  

мәселе қаралды.  

 

 



Күн 

тәртібінде 

қаралған 

 

аталмыш 



мәселелер  туралы  Ұлттық 

қауіпсіздік 

комитетінің  

аудандық 

 

бөлімінің 



бастығы  Азат  Әлімханов, 

аудандық 

ішкі 

істер 


бөлімінің бастығының орын-

басары Қайрат Құттығұлов, 

аудандық 

төтенше 


жағдайлар 

бөлімінің 

бастығы  Ерлан  Ахашев, 

«Панфилов 

аудандық 

орталық 


ауруханасы» 

мемлекеттік  коммуналдық 

кәсіпорнының  директоры  

Төлеу  Сарпеков,  аудандық 

ішкі  саясат  бөлімінің  бас-

шысы 


Марат 

Илипов, 


аудандық 

кәсіпкерлік 

бөлімінің  басшысы  Ораз-

тай Бекмұхамбет, аудандық 

білім  бөлімінің    бастығы 

Тұрар  Қастеев  хабарлама 

жасады. 

 

Қ а р а л ғ а н 



мәселелер  бойынша  тиісті  

шешімдер қабылданды. 

 

Комиссия    оты-



рысын    аудан    әкімі  

Бердәулет    Абдулдаев  

қорытындылады. 

 

Б.ТЛЕУХАН. 

 

Адамзат      баласы      бейбіт  заманға    енді  



ғана    қол    жеткізді    деп  отырған  XXI  ғасырда 

әлем  елдерінде  терроризм,  экстремизм  сияқты 

құбылыстардың  етек   алуы  кім-кімді  де алаңдатпай  

қоймайды.



МАҢЫЗДЫ    МӘСЕЛЕ

ДІНИ    ТҰРАҚТЫЛЫҚ - 

ЕЛ   ДАМУЫНЫҢ   КЕПІЛІ

 

2017 жылдың 27 ақпан 



мен  27  наурыз  аралығында 

халықты алғашқы медициналық-

санитариялық  көмек  көрсету 

ұйымдарына  тіркеу  науқаны 

(кампания 

прикрепления) 

жүргізілетінін хабарлайды.  

 

Егер  Сіз    Панфилов 



ауданында 

тұрақты 


немесе 

уақытша тұратын болсаңыз тегін 

медициналық  көмектің  кепілді 

көлемі (ТМККК) тізбесі  бойынша  

медициналық көмек алу үшін ҚР 

ДСӘДМ «Алғашқы медициналық-

санитариялық  көмек  көрсету 

қағидаларын  және  Азаматтар-

ды 

алғашқы 


медициналық-

санитариялық 

көмек 

ұйымдарына бекіту қағидаларын 



бекіту  туралы»  2015  жылғы  28 

сәуірдегі    №  281  бұйрығына 

сәйкес  аудандық  ауруханаға 

тіркелуіңіз  қажет.  Тіркелу  үшін 

еркін нысандағы өтініш пен жеке 

басыңызды 

куәландыратын 

құжатыңызбен    (жеке  куәлігі, 

паспорт,  туу  туралы  куәлік, 

Қазақстан 

Республикасының 

заңнамасында 

белгіленген 

тәртіппен  берілген  өзге  де 

құжат)    телімдік  дәрігеріңізге  

жолығуыңыз  керек    немесе 

«электрондық 

үкімет» 


веб-

порталы  арқылы  электрондық 

форматта тіркеле аласыз.    

 

Қосымша  ақпарат  алу 



үшін 9-32-49 нөміріне хабарласа 

аласыз. 


   АУДАН 

ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ 

НАЗАРЫНА!

Соңы. (Басы  1- бетте)

ҚОҒАМДЫҚ   КЕҢЕСТЕ

  

Ауданда  46  орта  мектепте 



«Дінтану негіздері» факультативті курсы 

жүргізіледі.  Барлығы  52  мұғалім,  оның 

ішінде  жоғары санатты -18,  бірінші - 26, 

жалпы санатты - 8 мұғалім. Барлық пән 

мұғалімдері  «Дінтану  негіздері»  курсы-

нан өткізілген.

 

Ауданның  орта  білім  беру 



мекемелерінде: 4 колледж және 46 орта 

мектеп,  4  бастауыш  мектептерде  діни 

экстремизм  мен  терроризмнің  алдын 

алуды    кеңінен  түсіндіру  мақсатында 

бейнефильмдер  көрсетіліп,  дөңгелек 

үстелдер, тәрбие сағаттары мен кезде-

сулер өтеді. 

 

Панфилов 



ауданында 

мемлекеттік  тіркеуден  өткен  39  діни 

бірлестіктерден  36  мешіт,  2  право-

слав  шіркеуі  және  1  «Агапе»  інжілдік 

Христиандық шіркеуі» жұмыс істеуде. 

 

Дәстүрлі  дініміз  Исламның 



құндылықтарын  дәріптеу,  халықтың 

діни  сауатын  арттыру,  ел  арасында 

деструктивті  ағымдардың  таралуының 

алдын 


алып, 

ақпараттандыру, 

отансүйгіштікті, 

толеранттылықты, 

төзімділік  пен  байсалдылықты  наси-

хаттау  бағытындағы  мұндай  шаралар 

барысында  «Зайырлы  мемлекеттегі 

дін», «Заңсыз кітап саудасы», «Соғысу 

сүннет  пе?»,  «Исламдағы  жиһад 

ұғымы»,  «Куда  приводят  несбывшиеся 

мечты», «Теріс  діни  ағымдар уағызы – 

заңсыз уағыз» және т.б. бейнероликтер 

көрсетіліп, жастарды жалған діндерден 

сақтандырудың  негізгі  жолы  -  дәстүрлі  

дінді    насихаттау  мәселелері  туралы 

түсінік  берілді.  Сонымен  қатар,  қала, 

ауылдық  округтерге  облыстан  берген 

90  дана  ақпараттық  кітапшалар,  бро-

шюралар  және  140  видео  таспалар 

тұрғындарға таратылып көрсетілді.

 

Қазақстан Республикасының 



«Діни қызмет және діни бірлестіктер ту-

ралы» Заңының 5 бабының 4 тармағына 

және  9  бабының  2  тармағына  сәйкес 

діни әдебиеттерді және діни мақсаттағы 

заттарды  тарату  үшін  арнайы  тұрақты 

қызмет  ететін    үй-жай    ретінде  Жар-

кент  қаласы  Жмутская  көшесіндегі 

№  29/3  мекен-жайында  орналасқан 

дүкен  белгіленген.  Дүкенде  28  әртүрлі 

атауымен  діни  әдебиеттер  сатылады, 

оның  ішінде  12  кітап,  16  брошюралар 

мен  кітапшалар  және  видеотаспа-

лар, әр қайсысы 5-8 данадан  тұрады. 

Барлық    діни  әдебиеттер    Қазақстан 

Республикасының Дін істері агенттігінің 

дінтану 


сараптамасынан 

және 


Қазақстан  мұсылмандары  діни  сарап-

тау комиссиясынан өткен. Құқық қорғау 

органдарымен  бірлесіп  діни  әдебиетті, 

діни  мазмұндағы  өзге  де  ақпараттық 

материалдарды,  діни  мақсаттағы  зат-

тарды  таратуға  белгіленген  орыннан 

басқа  жерлерге  сатуға  тыйым  салу 

жөнінде тұрақты түрде рейд жүргізіледі. 

 

Панфилов  ауданында  дін 



саласындағы  мәселелерді  ақпараттық 

сүйемелдеу  бойынша    спикерлік  топ 

және  «журналистік  пул»  құрылған. 

Осыған  сәйкес  арнайы                    медиа-

жоспары  жасалынып, аудандық «Жар-

кент  өңірі»  газетінде  жарияланып 

келеді.  «Жаркент  өңірі»  газетінде  діни 

толеранттылықты  қалыптастыру,  экс-

тремизм  және  терроризмнің  алдын 

алу  бағытында  72  мақаланың  ішінде 

23  мақаласы  арнайы  діни  экстремизм 

және терроризмге қарсы күрес жөнінде 

жарыққа  шыққан.  БАҚ  беттерінде  дін 

саласын  насихаттайтын  мақалалар 

аудандық 

ішкі 


саясат 

бөлімнің 

қадағалауында. 

 

«Сіздің  жақын  адамыңыз 



теріс  діни  ағымға  кірген  жағдайда    не 

істеу  керек?  Қауырт  желі  -114,  сенім 

телефоны  8-800-080-28-95» және сәуір 

айында «Біздің тарихи таңдауымыз за-

йырлы мемлекет пен қоғам» атты көрнекі  

үгіт құралдар (билбордтар) ілінді. Жар-

кент қаласында LED экранда Қазақстан 

Республикасы  Мәдениет  және  спорт 

министрлігі  Дін  істері  комитеті  тара-

пынан  республикалық  «Қауырт  желі 

-  114»  сенім  телефонының  қызметі  ту-

ралы 30 секундтық бейнеролик Жаркент 

қаласында 5 рет көрсетілді. 

 

Жергілікті  тұрғындар  ара-



сында  діни  ахуалдың  жағдайын 

анықтау  үшін  3  сауалнама  жүргізіліп, 

қорытындысы сараланды.

 

Аудандағы 



қоғамдық-

саяси  ахуал,  ұлтаралық  қатынас 

тұрақты,өзара 

конфессияаралық 

келісім мен түсіністік қалыптасқан.

 

Аудан  көлемінде    Жаркент 



қаласы  және  ауылдық  округтерде 

бекітілген  жоспарға  сәйкес  жұмыстар 

толық атқарылған. Мұнан соң діни экс-

тремизмге  және  терроризмге  қарсы  іс-

қимыл  жөніндегі  2013-2017  жылдарға 

арналған  мемлекеттік  бағдарламасын  

іске  асыру  жөніндегі    іс-шара  жоспа-

рын  орындау  мақсатында  құрылған 

ақпараттық-түсіндіру 

топ 


мүшесі  

Құрбанбуви  Ашимова,  ауданның  бас 

имамы  Ұлан  Сарпеков,  сондай-ақ 

Б.Назым  атындағы  мектебінің  дирек-

торы    Шеринай  Асанова,  Жамбыл 

атындағы  орта  мектебінің  директоры 

Ризайдин  Айсаев  сөз  сөйлеп,  әкімдік 

мәжілісінде  көтеріліп  отырған  күрделі 

мәселе  туралы  айтып  лаңкестікпен 

және  экстремизммен  күресте  имамдар 

да,  діни  басшылар,  діни  орталықтар, 

мекеме, заңды орындар және ауданның 

жалпы жұртшылығы белсенді түрде ат-

салысса деген ой-пікірлерін  айтты. 

 

Иә,  шынында  да  барлық 



мемлекет  бірінші  кезекте  өз  елінің 

тыныштығын 

қорғауды 

көздейтіні 

ақиқат.  Сондықтан  да  лаңкестікке 

қарсы күрес  халықтық сипат алуы тиіс. 

 

Әкімдік мәжілісін аудан әкімі 



Б.Абдулдаев қорытындылап, мәжілісте 

көтеріліп  отырған  мәселе  жөнінде 

мамандарға тапсырмалар жүктеді. 

 

Әкімдік 



 

мәжілісінде  

қаралған  мәселе  туралы  тиісті  қаулы 

қабылданды. 




  1   2   3   4   5   6   7   8   9


©emirsaba.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал