3.2 Бастауыш білім беру пәндерін метапәндік тұрғыда оқытудың
әдістемесі
Жұмысымыздың 3.1 тармақшасында метапәндік тұрғыда оқытудың
қажеттілігі айқындалды.
Бастауыш білім берудің жалпыға міндетті стандартында «Бүгінгі күні
бастауыш білім берудің басты мақсаты
баланы жеке тұлға ретінде
қалыптастыру, оның жеке қабілеттерін, оқу ісіндегі оң мотивациясы мен
іскерлігін: негізгі мектептің білім беру бағдарламаларын кейіннен меңгеру үшін
оқудың, жазудың, есептеудің, тілдік қатынастың, шығармашылық тұрғыдан
өзін-өзі көрсетудің, мінез-құлық мәдениетінің берік дағдыларын дамыту» [2; 3]
123
деп көрсетілген . Сонымен қатар, өркениетті елдермен деңгейлес дамуымызға
мүмкіндік беретін жаңа білім беру жүйесін қалыптастыру болып табылады.
Осыған орай, бүгінгі таңда еліміздің білім беру жүйесінде оқыту үдерісін
тың жаңалықтарға негізделген жаңа оқыту мазмұнымен қамтамасыз ету міндеті
тұр. Сондықтан да терең білімді, өзгермелі жағдайға тез бейімделгіш, саналы
әрекет ете алатын, бәсекелестік жағдайда өресі биік, азаматтық-тұлғалық бет
бейнесі қалыптасқан, рухани жан дүниесі бай, кең ауқымды дағдылары
қалыптасқан, шығармашылық ойлай алатын, әлемді біртұтас бейнеде көре
алатын, метапәндік нәтижелері қалыптасқан тұлға тәрбиелеу білім беру
жүйесінің басты мақсаттарының біріне айналып отыр.
Бұл мақсат
бүгінгі қоғамның қарқынды түрде өзгеруінен туындап отыр.
Өйткені баланың ересек өмірінде оған қандай білім пайдалы болатынын алдын
ала нақты болжап білу мүмкін емес. Метапәнділік оқушының жоғарыда атап
өткеніміздей, теориялық ойлауын, ақпаратты қайта өңдеу дағдыларын игеруге,
оның сыни тұрғыда ойлауын, шығармашылық ойлауын, реттеушілік біліктерін
дамытудың бірден бір жолы деп санаймыз.
Сонымен бірге, оқушының тұлғалық, танымдық, жалпымәдени және өзін-
өзі дамуын сабақтастықта жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
Кез келген оқулықтың құрылымдық бірлігі тапсырма болып табылады.
«Тапсырма» ұғымының білімнің түрлі саласында анықтамасы бар. Кең
мағынада тапсырма дегеніміз
орындауды талап ететін нұсқау мағынасын
береді [90,б. 437].
Біз зерттеу жұмысымыздың барысында айтып өткеніміздей, әмбебап оқу
әрекеттері – метапәндік нәтижені қалыптастырудың жолы. Оқыту үдерісінде
осы аталып өткен әмбебап оқу әрекеттерін жүзеге асыру арқылы оқушылардың
метапәндік нәтижелері қалыптасады.
Оқушылардың метапәндік нәтижелерінің деңгейін кешенді жұмыстар және
кіріктірілген жұмыстар арқылы бір сөзбен айтар болсақ, оқушылардың
метапәндік нәтижелерін қалыптастыруға бағытталған тапсырмалар арқылы
айқындаймыз. Кіріктірілген жұмыстар арнайы ақпараттық мәтіннің негізінде
әзірленеді.
Тапсырмалар арқылы оқушылар әмбебап оқу әрекеттерін орындайды.
Төменде әмбебап оқу әрекеттеріне сәйкес құрастыруға болатын тапсырма
үлгілерін ұсынып отырмыз. Осы арқылы бастауыш сынып мұғалімдері
оқушыларының әмбебап оқу әрекеттерін ұйымдастыра отырып, метапәндік
нәтижелерін қалыптастыра алады. Әр пәннің өзіндік ерекшелігін ескере
отырып, ондағы ұсынылып отырған оқу мазмұнына сәйкес әмбебап оқу
әрекеттері толықтырылып отырады (кесте 21) [164].
124
Кесте 21– Әмбебап оқу әрекеттері бойынша тапсырмалар тізімі
ӘОӘ
Үлгілік оқу міндеттері
Сабақта ұйымдастыруға болатын тапсырмалар
1
2
3
Танымдық
- Салыстыру, бағалау
- Эмпирикалық зерттеуді жүргізу
- Теориялық зерттеуді жүргізу
- Мағыналық оқу
Оқулықпен жұмыс;
Мәселелік есептер;
Мәтін түрінде берілген есептерді шығару;
Көп ақпарат ішінен қажеттіні бөліп алу;
Ақпараттың жетіспеуі (қандай ақпараттың жоқтығын анықтау, оны
табу)
Ақпаратты өңдеу кезінде сызбалау құралдарын пайдалану;
Модельдеуді жүзеге асыру;
Сызбаны, диаграмманы құрастыру;
Гипотезаны ұсыну;
Қандай да пікірді дәлелдеуге арналған тапсырма;
Белгілер арқылы қандай да бір пікірді оқу немесе қандай да бір пікірді
белгілер арқылы жазу;
Реттеушілік
- Жоспарлау
- Рефлексиялау
Оқу міндетін анықтау
Мәтін түрінде берілген есептерді шығару;
- Ситуацияда бағдарлану
- Болжам жасау
- Мақсатты тұжырымдау
- Бағалау
- Шешім қабылдау
- Өзін өзі бақылау
- Түзету
Қасақана қате жіберу, қателікті іздестіру;
Өзіндік бақылау, өзара бақылау;
Нәтижені бағалау;
Оқулықпен жұмыс, ақпаратты табу, сұрақтарға жауап беру.
Коммуникативтік
- Серіктесінің позициясын ескеру
- Ынтымақтастықты ұйымдастыру және
жүзеге асыру
- Рөлдік ойын
- Топтық ойындар
Жұптық және топтық жұмыс;
Оқу материалы бойынша сұрақтар қою және оған жауап беру;
Парталас көршіңе тапсырма құрастырып, ұсыну;
Сыныптасының жұмысына пікір қалдыру;
Есептерді шешу кезеңдерін негіздеу.
125
21 – кестенің жалғасы
1
2
3
- Коммуникативтік дағдылар тренингі
- Ақпаратты беру және пәндік мазмұнның
көрініс табуы
Тұлғалық
- Мен тұжырымдамасын дамыту
- Мағына құру
- Мотивация
- Адамгершілік-этикалық бағалау
Тек фактілерге сүйене отырып, тапсырманың орындалу жолын
негіздеу;
шығармашылық тапсырма;
жобаларға қатысу;
сабақты қорытындылау (оқушылар өздерінің сабаққа деген қатынасын
тек фактілерге сүйене отырып айтуы керек);
Талқылау.
126
Бастауыш білім беру пәндерін метапәндік тұрғыда оқытудың, алған білімді
рефлексиялаудың жолы – метапәндік тапсырмалар. Төменде біз метапәндік
тапсырмаларды құрастырудың, оны оқыту үдерісінде қолдануды дұрыс
ұйымдастырудың әдістемесін ұсынамыз.
Белгілі бір тақырып төңірегінде метапәндік тапсырмаларды құрастыру
үшін ең алдымен әмбебап оқу әрекетін анықтау қажет. Содан соң кестедегі
үлгілік оқу міндетіне сәйкес келетін тапсырманың түрін таңдау керек.
Мысалы: белгілі бір мәтін аясында «көп ақпарат ішінен қажеттіні бөліп ал»
сипатындағы тапсырманы құрастыруға болады. Бұл тапсырманы да мұғалім оқу
мақсатына сәйкес түрлендіре алады. Бір мәтін аясында бірнеше оқу әрекеттерін
жүзеге асыруға болады. Үлгі төменде көрсетілген.
Достарыңызбен бөлісу: |