Қорытынды Функционалдық сауаттылық – бұл әр оқушы үшін жоспарланған нәтиже. Нәтиже барысында біз оқушыларда келесі біліктерді дамытуымыз керек: біріншіден, білім алу және қолдану, жағдайды бағалау, қоғамдық ортада өз ойын еркін жеткізе алу және сыни көзқарасты қабылдай білу, өзгелермен толераттылық қарым-қатынаста болу. Екіншіден, пәндік білім басым нәтиже болып табылмайды: бұл тек баланың даму құралы, белгілі бір пәннің шекарасыннан шығып, жан-жақты дамуына жағдай жасау қажеттілік тудырады. Үшіншіден, функционалдық сауаттылықтың интегративті компоненттеріне, яғни оқырмандық, коммуникативтік, ақпараттық және тілдік сауаттылыққа назар аудару қажет. Оқушылардың сауаттылығы – бұл ең маңызды компонент. Оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыруға бағытталған білім мазмұнын игерген оқушылардың білімдері мен біліктерін өмірлік жағдаяттарда қолдану, әртүрлі ақпарат көздерімен жұмыс істеу және алынған ақпараттарды сыни тұрғыдан бағалай білуді, сонымен қатар өзінің болжамдарын ұсыну және зерттеулер жүргізуді, өзінің ойын негіздей білуді; іскерлігі мен дағдыларын адами іс-әрекеттердің әртүрлі салаларында, сондай-ақ тұлғааралық қарым-қатынас пен әлеуметтік қатынастарда өмірлік міндеттерді шешу үшін пайдалануды қамтамасыз етеді. Білім алушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыруға бағытталған білім мазмұнын игеріп қана қоймай, сонымен қатар, оқушылардың білімдері мен біліктерін өмірлік жағдаяттарда қолдана білуді, әртүрлі ақпарат көздерімен жұмыс істей алуды және алынған ақпараттарды сыни тұрғыдан бағалай білуді, өзінің болжамдарын ұсынуды және зерттеулер жүргізуді, өзінің ойын негіздей білуді; іскерлігі мен дағдыларын адами іс-әрекеттердің түрлі салаларында, сондай-ақ тұлғааралық қарым-қатынас пен әлеуметтік қатынастарда өмірлік міндеттерді үшін пайдалануды қамтамасыз ету болып табылады.
Жиынтықесеп балалардың біліктері мен дағдыларының дамуын бастапқы, аралық, қорытынды (қажетініңастынсызу) бақылау нәтижелері бойынша