Жұмбақ Айтыс
–
айтыс
жанрының бір
түрі.
Онда
табиғат
құбылыстары,
адам
,
жан-жануар
, қоғам тіршілігіндегі
көріністерді жұмбақтау арқылы өнер бәсекесіне түскен әріптестер бір-бірінің
ақыл-парасаты мен ой-түсінігін сынап, сөзден тосып, тізе бүктіруді
көздейді.
Жұмбақ
айтыстың ең алғашқы түрі – қыз бен жігіт қайымдасуларында
бір-біріне тосыннан сұрақ қойып, оған қолма-қол жауап қайыруды өзара мақсат
еткендіктен, көбінесе олардың жауаптасулары барынша жинақы, терең
мағыналы болып келеді. Қайым айтыстарының бір топ үлгілерінде (аты-жөні
мәлімсіз көптеген қыз бен жігіт қайымдасулары, “Ұлбике мен Күдері қожа
айтысы”, тағы басқа) қойылатын бір-екі ауыз
жұмбақ
айтыс тағдырын үзілді-
кесілді шеше алмайды, көбінесе, қарсыласын оқыстан тосып тоқтатудың көп
тәсілдерінің бірі ғана.
Қыз
бен
жігіт
қайымдасуларының енді бір тобында (“Қыз Болық пен Елентай
айтысы”, “Есенбике мен Жылқышы айтысы”, “Ақдама мен Асан айтысы”, “Айқын
қыз бен Жарылқасын қожа айтысы”, “Жүсіпбек қожа мен Шөкей қыз айтысы”,
тағы басқа) айтыстың тоқтамды түйіні
жұмбақ
шешімдеріне келіп тіреледі.
Мұнда жұмбақты қыз жағы бастап, жігіт шешуімен шектеледі де, ақыры қыздың
дәстүрлі жол беруімен (
жүзік
,
сақина
,
түйме
,
орамал
– бір тоғыз) аяқталады.
Жұмбақ арқылы айтысу ақындар айтысында кемелденіп, өзінің шырқау шыңына
жеткен. Бұлардың бірсыпырасы (“Рахметжан мен Ыбырайдың айтысы”, тағы
басқа) ғылым-білім, өнердің пайдасын паш етсе, енді бір тобы (“Нұржан мен
Сапарғалидың айтысы”, тағы басқа) деректі заттар мен өмірдегі жаңалықтарды
жұмбақ етеді.
“Әсет пен Ырысжанның жұмбақ айтысы” – әлеум.-қоғамдық маңызы, көркемдік
сипаты жағынан шоқтығы биік шығарманың бірі. Мұндағы төрт жұмбақтың үшеуі
адам, табиғат, тіршілік сырларын бейнелесе, ал қалған біреуі қазақ
даласындағы ел билеуші әкімдердің жауыздық, зұлымдықтарын әшкерелеуге
арналған. Ел билеуші әкімдерді аллегориялық тәсілмен суреттеу “Қожахмет пен
Әбубәкір Кердерінің айтысында” да бар.
Достарыңызбен бөлісу: |