Минералдық шикізат қорын кешенді пайдалану - кен қорын және оны өңдіргенде қосымша өнім болып табылатын тау жыныстарын, жер асты суларын, газдарды толық ұқсату.
Минералдық шикізатты кешенді пайдалануды бірнеше натуралдық және құндық көрсеткіштермен сипаттауға болады. Кешенді пайдалану дәрежесі: тауарға алынған элементтер саны, шамасы; кеннің құрамындағы пайдалы элементтерді айырып алу дәрежесі; тауарға алынған элементтер мен компоненттер құны; экономикалық тиім және тиімділік, т.б.
Минералдық шикізатты кешенді пайдалану көрсеткіштері: кешенді пайдалану дәрежесі - тауарға алынған элементтер саны; минералдық шикізат қорын толық пайдалану - кеннің құрамындағы элементтерді айырып алу; жалпы көрсеткіш - тауарға алынған элементтер құнының кеннің құрамындағы элементтер құнына қатынасы, кешенді пайдалану тиімділігі - экономикалық тиімдер сомасының шығынға қатынасы.
Шикізат қорын толық пайдалану дәрежесі жіберілген (жоғалтылған) қалдықтың шамасын өлшеу арқылы анықталуы мүмкін немесе алынған өнім мен есептелген өнім шамасын салыстырады.
Достарыңызбен бөлісу: |