Жұмыс бағдарламасы 050506 Экономика мамандығының Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты негізінде дайындалды және 5В050600 «Экономика»


Табиғат пайдаланудағы ғылыми- техникалық жетістіктердің маңызы мен ролі



бет37/79
Дата07.01.2022
өлшемі1,21 Mb.
#20604
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   79
1. Табиғат пайдаланудағы ғылыми- техникалық жетістіктердің маңызы мен ролі

Ғылыми-техникалық жетістіктер (ҒТЖ) табиғатты қорғау, пайдалану, оның тиімділігін арттыру жолында зор мүмкіншіліктер ашады. Соңғы ғасырда әсіресе оның екінші жартысында, ҒТЖ арқасында табиғат пайдалану, оның байлығын игеру қарқыны әсіресе артты. Өнеркәсіп бірнеше есе өсті, шикізатың жаңа түрлері іске қосылды, энергия қуатын, жер қойнауы мен теңіз байлықтарын пайдалану көбейді. ҒТЖ адамдарға жаңа құралдар, машиналар, химиялық заттар шығаруға, олардың үлкен күшке айналуына көмектеседі. Осының арқасында адамдардың мүмкіншілігі, табиғи ортаға тигізетін әсері артты.

ҒТЖ табиғатқа екі жақты әсер етеді. Бір жағынан, өндіріске көп мөлшерде шикізат қолданылып, өнідіріс қалдықтары көбейіп, оның табиғи ортаға әсері артып, табиғи орта ластанады. Екінші жағынан, ҒТЖ нәтижесінде өнімнің бір өлшеміне жұмсалатын шикізат мөлшері азаяды, технологиялық процестер жетілдіріледі, олардың табиғатқа зиянды әсері шектеледі, шикізаттың бір түрі екіншімен алмастырылады, қалдықтар қайта қоланылады және табиғат қорғау шараларын ауқымды жүргізуге мүмкіндік ашылады. Табиғи және антропогендік апаттарға жол бермеуге, олардың зиянын азайту мүмкіндіктер туады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   79




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет