2. Атмосфераны ластағаны үшін төлемдер
Төлемдер атмосфераға ластаушы заттар шығарғаны, суға ластаушы заттар төккені және жерге қалдықтарды орналастырғаны үшін алынады. Төлем нормативі ластауды болдырмау және ластану зардаптарын жою шығындары бойынша ластаушы заттардың әрбір шартты өлшеміне белгіленеді.
Төлемнің келесі түрі табиғат ресурстарын пайдалану (тиімді пайдалану) шектелген жағдайда алынбаған (жоғалтқан) табыстың орнын толтыру қызметін атқарады. Төлем табиғат ресурстарын шектеуші заңды тұлғалардың немесе жеке азаматтардың шаруашылық пайдасынан алынады. Шектеудің сипатына қарай төлемдер бір мерзімдік немесе ағымдағы болуы мүмкін. Төлемдердің бұл түрін қолдану әсіресе әмбебап ресурстар (жер, су) үшін аса маңызды. Ресурстардың шектеулілігі оларды бір мақсатқа пайдалану екінші мақсатқа пайдалануды шектейді (болдырмайды). Мысалы, ауыл шаруашылық жерге құрылыс салынғанда, ауыл шаруашылық өнімдер өндіру мүмкіндігі шектеледі.
Табиғат қорғау заңдары, ережелері, тәртіптері бұзылғанда алынатын төлемдер айып салу сипатында болады және келтірілген зияннан артық мөлшерде белгіленеді.
Аталған төлемдерден басқа жер қойнауын кен өндіруден басқа мақсатқа пайдалану, техногендік минералдық ресурстарды пайдалану, т.б. төлемдер алынады.
Экономикалық бағытына қарап табиғат пайдалану төлемдерін: орнын толтыру, қайтару, алмастыру, компенсациялық, ренталық, айып, сыйлық төлемдері деп бөлуге болады.
Достарыңызбен бөлісу: |