Жұмыс бағдарламасы 050506 Экономика мамандығының Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты негізінде дайындалды және 5В050600 «Экономика»



бет47/79
Дата07.01.2022
өлшемі1,21 Mb.
#20604
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   79
Байланысты:
Ж мыс ба дарламасы 050506 Экономика маманды ыны Мемлекеттік жал

Зиян келтіргені үшін төлемдербасқа табиғат пайдаланушыларға, мемлекетке, табиғатқа өзінің қызмет бабында табиғат ресурстарын пайдаланғанда зиян келтіргені үшін шаруашылық субъектілері төлейтін төлем.

Экологиялық сақтандыру – табиғат пайдаланушылардың өзінің қызмет бабында қоршаған ортаға қандай болмасын қолайсыз жағдайда немесе апат жағдайында зиян келтіруден сақтандыру.

Импорттық тарифтер – еліміз территориясына аса қауіпті заттарды табиғат пайдаланушылардың әкелген кезде төлейтін төлемдер.

Экспорттық төлемдер – табиғат пайдаланушылардан еліміз территориясынан қандай болмасын табиғат ресурстарын шығарған жағдайдағы төлемдер.
Тақырып 13. Табиғат пайдалануды басқару. Тұрақты экономикалық даму

1. Табиғат пайдалануды басқарудың мәні мен маңызы.

2. Табиғат пайдалануды басқару субъектілері.

3. Экономикалық -экологиялық жүйелер - басқару объктісі ретінде.


1 Табиғат пайдалануды басқарудың мәні мен маңызы

Экология саласында басқарудың негізгі – табиғатты қорғаудың, табиғат ресурттарын сақтаудың, жаңғыртудың, молайтудың, тиімді пайдаланудың қоғамдық тиімділігі.

Басқарудың негізгі мақсаты - өндірістің және басқа әрекеттердің табиғи ортаға зиянды әсерлерін шектеу, табиғат байлығын тиімді пайдалануды, қорғауды, өсіруді қамтамасыз ету, табиғат пайдалану ережелерін, талаптарын, нормаларын, орындауды ұйымдастыру және бақылау.

Табиғат пайдалануды басқару табиғатты тиімді пайдалану, табиғи ортаны қорғауды ғылыми негізде жоспарлау, құқықтық ережелерді дайындау, экономикалық ынталандыру техникалық-ұйымдастырушылық экологиялық, экономикалық шараларды белгілеу, оларды қаржыландыру және орындалуын қадағалау арқылы жүргізіледі.

Табиғат пайдалануды басқару аса күрделі процесс, өйткені мұнда және қоғамдық құбылыстар бір-бірімен тығыз байланысып жатады. Сондықтан кешенді, жүйелі басқаруды талап етеді.

Табиғат қорғауды басқаруға қажетті мәліметтер, табиғи ортаның мониторингінен алынады. Мониторинг –бақылау табиғат кешендерінің барлық түрлері, экоқұрылымдар, аймақтар, табиғи заттар бойынша жүзгізіледі. Сондықтан жергілікті аймақтық, ұлттық, бүкіләлемдік мониторинг жүйелері құрылады.

Табиғат қорғауды, пайдалану басқару Қазақстан Республикасының заңдарына президент жарлықтарына, үкімет шешімдеріне сәйкес ұйымдастырылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   79




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет