2. Табиғат пайдалануды басқару субъектілері.
Қазақстан Республикасының жоғары өкіметі - парламент табиғи ортаның және оның құрамды бөліктерін қорғау, пайдалану туралы заңдар қабылдайды, мемлекеттік экологиялық саясаттты белгілейді, экологиялық бағдарламаларды бекітеді, табиғат қорғау және пайдалану жөнінде жұмыстар жүргізеді, табиғат қорғау заңдарының орындалуын бақылайды. Парламент жанында табиғат қорғау коммиссияларын құрылады.
Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинеті атқарушы орган ретінде табиғат қорғау, пайдалану заңдарының орныдалуын ұйымдастырып, министрліктер мен комитеттер, әкімшіліктер жұмыстарын басқарады. Экологиялық бағдарламалар әзірлеп, парламентке бекітуге ұсынады, табиғат пайдалану тәртіптерін, ережелерін белгілейді, табиғат ресуртарын есептеу әдісін, қорын, аса қымбаттыларынның тізімін бекітеді, табиғат пайдалану төлемдерін есептеу әдістемелерін, үлгілік шамасын белгілейді.
Экология және биоресурстар министрлігіне табиғат қорғау мәселелері бойынша басқа министрліктер мен комитеттердің, кәсіпорындар мен ұйымдардың жұмыстарын бақылау құқығы берілген. Ол мемлекеттік сараптама ұйымдастырады, қорықтар мен ерекше қорғауға алынған жерлерді ұйымдастырады, қорықтар мен ерекше қорғауға алынған территорияларды басқарады, табиғат қорғау ережелерін, нормаларын және стандарттарын бекітеді.
Достарыңызбен бөлісу: |