Табиғат пайдаланудың экономикалық механизмі– мемлекеттік шаруашылық субьектілерінен өздерінің қызмет бабында табиғат ресурстарын пайдаланған үшін төлемдер алу және алынған қаржыларды табиғатты қайта қалпына келтіру және табиғатты қорғау шараларына жұмсау әдістері мен тәсілдер жүйесі.
Экологиялық салық салу - өздерінің қызмет бабында табиғат ресурстарын қалыпты жағдайда тиімді пайдалану үшін табиғат пайдаланушылардан төлемдер алудын бір маңызды әдісі.