Экологиялық төлемдер – бұл табиғат пайдаланушылардан табиғат ресурстарын норма және нормадан артық пайдаланған үшін және табиғат ортасын лимит және лимиттен артық мөлшерде ластағаны үшін алынатын төлемдер.
Экологиялық айыппұлдар – табиғат пайдаланушылардың табиғат қорғау заңдарын және табиғат ресурстарын тиімді пайдалану жөнінде нормалары мен ережелерін сақтамағаны үшін төлейтін төлемдер.
Зиян келтіргені үшін төлемдер – басқа табиғат пайдаланушыларға, мемлекетке, табиғатқа өзінің қызмет бабында табиғат ресурстарын пайдаланғанда зиян келтіргені үшін шаруашылық субъектілері төлейтін төлем.