Тақырып 14. Табиғатты қорғаудың бүкіл әлемдік және халықаралық, мәселелері
1. Табиғи ортаны қорғаудың ұлттық және халықаралық проблемалары
2. Табиғи ортаны қорғау аймағындағы халықаралық ынтымақтастық
3. Экологиялық мәселелері және ұлттық бағдарламалары
1. Табиғи ортаны қорғаудың ұлттық және халықаралық проблемалары
Өндірістің қазіргі дамыған кезеңінде экология мәселелері ұлттық шеңберден шығып, халықаралық мәселеге айналды. Оның басты себептері бір жағынан халықаралық экономикалық қатынастардың дамуы болса, екінші жағынан атмосфераға шығарылған, суға төгілген зиянды қалдықтардың әсері мемлекеттік шекарамен шектеліп қалмайды, басқа елдерге де әсер етеді.
Өнеркәсібі дамыған елдер көптеген шикізаттарды басқа елдерден алады. Мұның тиімділігі: бірінші, өнеркәсібін шикізатпен қамтамасыз ету, екінші, шикізат өндірудің табиғи ортаға зиянды әсері басқа елде қалады, үшінші, ұлттық байлық сақталады.
Табиғи ортаны қорғауда халықаралық қандай мәселелер туындайды? Мысалы, атмосфералық ауа және мемлекетаралық су айдындарын пайдалану, қорғау мәселесін алайық. Ауаны, суды ешбір мемлекет бөліп алып бір елдікін екіншісіне байланыссыз өте алмайды. Бір елдегі ауаның, судың ластануы екінші елге зиянын тигізеді. Сондықтан, мұндай мәселелер халықаралық дәрежеде шешілуі тиіс.
Мемлекетаралық суларды қорғауда бірқатар халықаралық шешімдер қабылданды (Ертіс, Іле, Талас, Каспий, Арал)
Достарыңызбен бөлісу: |