Жұмыс бағдарламасы 051102 «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығына арналған мжмббс негізінде құрастырылды, Астана 2006ж



бет85/102
Дата26.12.2023
өлшемі1,76 Mb.
#143929
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   102
Байланысты:
szz kds kz

Есептер:
1.Науқас 32 жаста, салқын тигеннен кейін шырышты қақырық бөлінуімен жөтелге, дене қызуының 37,8 С дейін көтерілуіне шағымданады. Ауырғанына 3 күн болған. Емделмеген. Қарағанда көрінерліктей өзгерістер жоқ. Тыныс қозғалысы симметриялы. ТАЖ 20 рет мин. Дауыс дірілі өзгермеген. Перкуторлы ашық өкпелік дыбыс. Жауырынасты аймағында қатқыл тыныс, сол жерде құрғақ ысқырықты сырылдар естіледі. Бронхофония өзгермеген.
А. Науқастағы негізгі клиникалық синдромдар анықтаңыздар?
2. Науқас 42 жаста. Тұтқыр шырышты-іріңді қақырықпен жөтелуге, ентігуге шағымданады. Жағдайының нашарлауын суық басталуымен байланыстырады. Бірнеше жылдан бері ауырады. Жиі салқын тигізіп ауырады. Қарағанда өзгерістер жоқ. Тыныс алу қозғалысы симметриялы. Дауыс дірілі өзгермеген. Перкуторлы ашық өкпелік дыбыс. Тынысы қатқыл, екі жақта да құрғақ ысқырықты және ызыңдаған сырылдар естіледі. Бронхофония өзгермеген.
А. Науқастағы негізгі клиникалық синдромдарды анықтаңыз
3. Бөлімшеге науқас С., 65 жаста келіп түсті. Тыныштық жағдайда ентігуге шағымданады. Науқас төсекте қолын тіреп отыр. Біршама диффузды цианоз байқалады. Тынысы шулы, стридорозды, алыстан естіледі. Тыныс алу да шығару да қиындаған.
1. dyspnoe дәлірек себебі қандай?
2. Стридорозды тыныс туралы түсінік.
3. Орталық цианоз не туралы айтады?
4. Тыныс алудың және шығарудың қиындауымен ентігу қалай аталады?
5. Кеуде клеткасын палпациялау арқылы нені анықтауға болады?
4. 2 қабырғааралықта оң жақта бірден әлсіреген 2 тон, Боткин нүктесіне қарай интенсивтілігі төмендейтін диастолалық шу естіледі. Жүрек ұшында әлсіреген 1 тон, тұрақсыз пресистолалық шу естіледі.
1. Айтылған аускультативті кқріністің себебі қандай?
2. Көрсетілген пресистолалық шу қалай аталады?
3. Осы жағдайда бөдене бытпылын естуге болады?
4. 1 тон ыдырауы пайда болуы мүмкін бе?
5. Көрсетілген шу қолтықастында естілуі мүмкін бе?

5.Науқас жас, бала кезінде буын ауруларымен ауырған. Обьективті: сыртқы көрінісі айтарлықтай өзгеріссіз. Өкпеде везикулярлық тыныс. Пульсі ырғақты, 78 рет 1 минутта. Перкуторлы: жүрек шекаралары жоғарыға жіне солға кеңейген. Аускультативті: эпицентрі жүрек ұшы және сол қырымен жатқанда қолтықасты аймағы болып табылатын систолалық шу. Жүрек ұшында І тон әлсіреген, екінші тон жүрек негізінде аздап күшейген.


А. Алдын ала диагнозыңыз.
Б. Берілген аурудың негізгі этиологиялық факторлары.
В. ЭКГ, ФКГ және ЭхоКГ зерттеуде қандай өзгерістер күтуге болады?
6. Науқас 50 жаста, жақында төсінің ортаңғы бөлігінде ауырсынудың пайда болғанына шағымданады. Қысып ауырсыну сипаты, ұзақ жүргенде және тауға шыққанда, баспалдақпен 3-4-ші этажға көтерілгенде пайда болады. Ауырсыну қозғалысы тоқтағанда басылады. Обьективті: артық салмақты, өкпеде везикулярлық тыныс. Жүрек тондары анық, таза, пульсі ырғақты, 78 рет 1 минутта, АҚ 130/80 мм с.б.б., іш қуысы мүшелері ерекшеліксіз. ЭКГ –де ЖЭО солға ығысқан.
А. Алдын ала диагноз қойыңыз.
Б. Негіздеңіз.
В. Берілген науқастың тексеру жоспарын құрастырыңыз
7.Науқаста бауыр ауруына күдік ретінде анализінде: жалпы белок 66 г/л. Альбуминдер 36%, у-глобулиндер 28%; билирубин 28 мкмоль/л. тікелей 18 мкмоль/л. Тікелей емес 10 мкмоль/л: тимол сынамасы 12 сд.: АЛТ 80 ед.. ACT - 66 ед., СФ - 186 МЕ/л.

        1. Анализ нәтижелерінің көрсеткіштерінің барлығы қалыптыдан ауытқуы бар ма?

        2. Қандай ауру туралы болады?

        3. Этиологиялық диагнозды анықтау үшін тағы қандай анализдер қажет?

8.Науқас, 47 жаста, сатушы. Оң жақ қабырғаастының ауырсынуына, құсуға, қызбаға шағымданып келді. Сұрастыру кезінде науқастың ішімдік қолданатыны, яғни үш күн бұрын үлкен мөлшерде спирт қолданғаны анықталды. Қарағанда: тері жамылғылары сарғайған, тығыздалған, ұлғайған бауыр пальпацияланады. Қан анализі: гипербилирубинемия, аспартат- және аланин-аминотрансфераза жоғарылаған, гипоальбуминемия, гиперглобулинемия, ЭТЖ жоғарылаған, нейтрофилді лейкоцитоз.
1. Қандай ауру туралы ойлауға болады?
2. Науқаста қандай асқыну бар?
3. Қандағы трансаминазаның жоғарылауы нені көрсетеді?
4. ЖҚА қандай өзгерістер болуы мүмкін?

9. Науқас ас содасын немесе аздаған тамақ ішкенде басылатын «аштық сезімі» тәрізді, түнгі кеш ауырсынуларға, қыжылға, құсуға, іш қатуға шағымданады. 5 жылдан бері ауырады, асқыну кеш күзде пайда болады. Асқынулар арасында жағдайы жақсарады.


Объективті: іші сәл қатыңқы және оң жақ эпигастралды аймақта ауырсынады. Мендель симптомы оң жақта ортаңғы сызықта кіндіктен жоғары оң мәнді.
Бұл симптом қандай ауруға тән?
10. Бауыр ауруы бар деп күдіктенген науқастың анализінде: жалпы белок 66 г/л. альбуминдер 36%, у-глобулиндер 28%; билирубин 28 мкмоль/л. тікелей 18 мкмоль/л. Тікелей емес 10 мкмоль/л: тимолды сынама 12 сд.: АЛТ 80 ед.. ACT - 66 ед., ЩФ - 186 МЕ/л.
1. барлық анализдер қалыптыдан ауытқығанба?
2. осы тексеру нәтижелері кездескенде қандай ауру туралы ойлауға болады?
3. этиологиялық факторларын табу үшін тағы қандай тексерулер жүргізілуі керек.

11.Жіті лейкоздың ауруының кеңейген сатысындағы науқастың ауруының өршу сатысында дене температурасының көтерілуі, аздаған сарғаю, сол жақ қабырға астының ауырсынуы, көкбауыр көлемінің ұлғаюы байқалады. Зертханалық тексеруде: ретикулозбен өршімелі анемия, сарысуда тіке емес билирубин деңгейі жоғарылауы анықталды.


1. Болжам диагноз қойыңыз.
2. Тексеру және емдеу жоспарын құрыңыз.

12.Аудандық аурухананың қабылдау бөліміне жедел жәрдем көрсету көлігімен 35 жастағы әйел кісіні алып келді, науқастың шағымдары жалпы әлсіздік, бас айналу, жиі және көп көлемдегі мұрыннан тәулігіне 5-6 рет қан кетулер.


Анамнезінде: соңғы 3 жыл бойы жиі мұрыннан қан кетулерді, тері астында кезеңді көгерулердің пайда болуын байқайды. Етеккірі көп көлемде және ұзақ уақыт келеді. Науқас өзін қанағаттанарлық сезінген сондықтан дәрігерге қаралмаған.
Объективті: қарағанда: науқас бозарған, көкірек, аяқ терілерінде ірі петехиалды геморрагиялық бөртпелер және бірен-саран көлемді экхимоздар. Өкпеде везикулярлы тыныс. Жүрек тондары аздап тұйықталған, дұрыс ырғақты. АҚ 90/60 мм с.б.б. Іші жұмсақ, ауырсынусыз. Бауыры қабырға доғасының бойымен. Соққылау симптомы теріс екі жақтан. Капиллярлардың сынғыштығының сынамасы (жгут немесе шымшу симптомы) оң.
13.Науқас 18 жаста ес түссіз жағдайда БСМП-ның қабылдау бөліміне жеткізілді.Анасының сөзі бойынша Қант диабетімен ауырады.Тәулігіне 42 ЕД инсулин қабылдайды. Көп физикалық жұмыс істеген, инсулин қабылдамаған.Соңғы кезде әлсіздікке,шөлдеуге, ұйқысының бұзылуына,тәбеттің төмендеуіне шағымданған.
Тексергенде: Тері жамылғысы құрғақ,бұлшық еті әлсіз,көз қарашығы кішірейген,жарыққа реакциясы жоқ.Пульс 90 рет минутына.АҚ 90/60 мм.с. б.ТЖ 24 рет минутына.Аузынан ацетон иісі шығады.
1.Қандай диагноз қоясыз.
2.Жедел көмек жоспарын құрастырыңыз.
3.Қандай бөлімшеге жібересіз.
14.Науқас 57 жаста, шағымдары : тәбеттің жоғарылауы, ауыз қуысының құрғауы, шөлдегіштік, зәр бөлудің жиілеуі, әлсіздік. Науқасты қарағанда: беті қызарған, терісі құрғақ, тіс кариесі, генитали аймағында қасыну іздері байқалады. Бойы 165, салмағы 90 кг.
ЖҚА – тығыздығы жоғары / 1030/ зәрдегі қан 3 %
ҚБА – глюкоза 18, 0 ммоль/л:
Көз түбінде - диабеттік ретинопатия белгілері бар.
Асқазан асты безінің УДЗ – да: панкретатит белгілері бар.
Сұрақтар:

  1. Сіздің болжам диагнозыңыз



15. Ер адам 62 жаста, қалыпты тәбеті сақталғанымен «себепсіз» салмақ тастауға және кезеңді түрде дене қызуының 38-38,5-қа жоғарылауына, физикалық күш түскенде тез шаршауға шағымданып келді. Бұрын ештеңемен ауырмаған. Объективті мәліметтерден көзге түсетіні сыртқы көрінісі нашарлау, тахикардия, жыбыр аритмиясының пароксизмі тіркелген. Біріншілік параклиникалық тексеру:
а) ЭКГ қайталау
б) ЭхоКГ
в) Қалқанша безінің УДЗ-і
г) Қанды стерильділікке егу
д) Кеуде қуысының рентгенографиясы
16. Диффузды токсикалық зобтың клиникалық көрінісінің ерекшелігі кімдерде айқын көрінеді: а) балаларда;
б) қарт адамдарда;
в) еркектерде.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   102




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет