Жұмыс бағдарламасы 051102 «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығына арналған мжмббс негізінде құрастырылды, Астана 2006ж



бет67/102
Дата26.12.2023
өлшемі1,76 Mb.
#143929
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   102
Есептер:
1.Науқас 32 жаста, салқын тигеннен кейін шырышты қақырық бөлінуімен жөтелге, дене қызуының 37,8 С дейін көтерілуіне шағымданады. Ауырғанына 3 күн болған. Емделмеген. Қарағанда көрінерліктей өзгерістер жоқ. Тыныс қозғалысы симметриялы. ТАЖ 20 рет мин. Дауыс дірілі өзгермеген. Перкуторлы ашық өкпелік дыбыс. Жауырынасты аймағында қатқыл тыныс, сол жерде құрғақ ысқырықты сырылдар естіледі. Бронхофония өзгермеген.
А. Науқастағы негізгі клиникалық синдромдар анықтаңыздар?
2. Науқас 42 жаста. Тұтқыр шырышты-іріңді қақырықпен жөтелуге, ентігуге шағымданады. Жағдайының нашарлауын суық басталуымен байланыстырады. Бірнеше жылдан бері ауырады. Жиі салқын тигізіп ауырады. Қарағанда өзгерістер жоқ. Тыныс алу қозғалысы симметриялы. Дауыс дірілі өзгермеген. Перкуторлы ашық өкпелік дыбыс. Тынысы қатқыл, екі жақта да құрғақ ысқырықты және ызыңдаған сырылдар естіледі. Бронхофония өзгермеген.
А. Науқастағы негізгі клиникалық синдромдарды анықтаңыз.

1) Тақырыбы№2: ЖИА терапиясы және алдын-алуы.

2) Мақсаты: ЖИА терапиясы және алдын-алу шаралары туралы білімді игеру.


3) Тапсырма:
- СӨЖ тақырыбы бойынша әдебиет таңдау (каталогтармен, журналдармен, монографиялармен, сөздіктермен, оқу әдебиеттерімен, интернет мәліметтерімен жұмыс жасау)
- сабақ тақырыбы бойынша конспект, презентация, көрнекті құралдар (буклеттер, интеллект карта) құрастыру

  • тест тапсырмаларын шешу

  • өздігінен 2 ситуациялық есеп және тақырып бойынша және 5 тест құрастыру.

4) Орындау түрі: Презентация, интеллект-карта, «Кейс-стади», Постерлі баяндама,тақырып бойынша эссе ,кластерлер, тақырып бойынша Глоссарий ж/е т.б.
5) СӨЖ-ді орындау және бағалау критерилері (тапсырманы орындау талаптары):
1.Кейс стади – өз бетінше орындалуы керек, белгіленген уақытта, көлемі кемінде 20 бет және кемінде 5 әдебиет көзі болуы керек. Жазуы мазмұнды және көркемді болуы керек. Қорғау кезінде автор тақырып бойынша тереңірек білімін демонстрациялауы қажет, талқылау кезінде сұрақтарға жауап бергенде қателіктер жібермеуі керек. Кейстің мазмұны толық және көркем, тақырып бойынша өз ойымен интеграцияланған мәлімет болуы керек.
2.Интеллект карта және буклет жинақы орындалған және белгіленген уақытында өткізілген болуы керек. Өз бетінше кемінде 5 әдебиет қолданылуы керек. Сызбалар, кестелер және суреттер болуы керек.
3.Студенттердің жеке сұхбатының жазбасы және, немесе дәрігердің пациентпен сұхбатының видеоаудио таспасын таңдау.
4.Меңгерген тәжірибелік дағдылары жазылған күнделік арнау
5.Әр тақырып бойынша өзінің индивидуалды ой қатынасын суреттеу
6.Рөлдік ойындар қою


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   102




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет