Жұмыс бағдарламасы Ү18 -ҮК басылым 16 парақтың беті



бет4/8
Дата27.02.2023
өлшемі48,16 Kb.
#70337
түріЖұмыс бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Практика Мақсат ағай

Істей алуы тиіс: 
1. Дизельді, арнаулы автомобильдерді және автобустарды орындықтар санына байланысты бөлшектеуді;
2. Орындықтар саны 60 дейінгі автобустарды, жеңіл автокөліктер мен жүк автокөліктерін (арнаулыдан басқа) жөндеу және жинауды;
3. Техникалық қызмет көрсету кезінде тозған бөлшектерді алмастыру арқылы резбалы бекітпелі жауапты тарту жұмыстарын орындауды; 
4. Күрделі емес агрегаттарға, тораптарға және жабдықтарға техникалық қызмет көрсету, жөндеу, қайта жинау, реттеу және сынау жұмыстарын жүргізуді;  
5. Автокөліктердің электр жабдықтары мен жауапты тораптарын бөлшектеуді;
6. Автокөлік жабдықтары, механизмдері және тораптарындағы ақауларды анықтауды және жөндеуді;
7. Электр жабдықтарын сымдарын агрегатпен қосуды, бекітуді (паять).
8. Бөлшектерді слесарлы өңдеу жұмыстарын орындауды;
9. Біліктілігі жоғары автокөлікті жөндеуші слесардың жетекшілігімен күрделі агрегаттар мен тораптарды жөндеу және орнату;
10. Жұмыс орнын ұйымдастыруды және таза ұстауды, электр энергиясын және материалдарды үнемді жұмсауды;
11. Ішкі ережелерін және қауіпсіздік талаптарын сақтауды;
12. Жабдықтарды жөндеу кезінде еңбекті ұйымдастырудың жаңа әдістері мен өнімділігін және тиімді жақтарын пайдалануды.
БІЛІКТІЛІГІ – 2 РАЗРЯДТЫ
2 разрядты автокөліктердің электр құрылғыларын жөндеуші электрик
БІЛУІ КЕРЕК:
· Автокөлік құрылғылары туралы негізгі ақпарат;
· Автокөліктердің қызмет көрсетілетін электр жабдықтарының құрылғысы мен жұмыс принципі;
· Электр сымдарын кесу, қосу, қыздыру және оқшаулау әдістері.
· Сымдарды өткізу әдісі;
·  Бөлшектер мен жинақтарды қосудың қарапайым электрқұрастыру сызбалары;
· Электрлік жабдықтарының ақаулық түрлері, оларды жою әдісі;
· Аспаптар мен электр жабдығын бөлшектеу, құрастыру және орнатудың негізгі әдістері;
· Ең көп таралған әмбебап және арнайы құрылғыларды қолданудың мақсаты мен ережелері және бақылау-өлшеу құралының орташа күрделілігі;
· Орындалған жұмыста электротехника және материалдық технологиялар туралы негізгі ақпарат;
· Жабдықтарды, аспаптар мен құралдарды пайдалануда қызмет көрсету ережелері.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет