ЖҰМЫС БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ АННОТАЦИЯСЫ
Елімізде қалыптасқан санитарлық эпидемиологиялық жағдайға байланысты 1-11 сынып оқушыларын жаңа 2020-2021 оқу жылының 1-2 тоқсанында оқыту қашықтық форматта өтуіне сәйкес (ҚР БжҒМ хаты №5-11-6/2924-И, 11.08.2020 ж.) 5 семестрде жоспарланған педагогикалық практикалар қашықтықтан, іріктелініп алынған практика базаларының қатысуымен ұйымдастырылып, өткізіледі.
Педагогикалық практика – оқу үрдісінің ең маңызды бөлігі болып табылады. Ол бакалаврды дайындаудағы жалпы концепциялар шеңберінде ұйымдастырылады. Практиканың негізгі идеясы оқу әрекетімен байланысты технологиялық дағдыларды (жобалау, конструкциялау функциялары) қалыптастыру және оқу процесін ұйымдастыру. Практикадан өту процесіндегі студенттің әрекет түрлері ойлауын дамыту мен қалыптастыру. Сонымен қатар практика студенттің жеке дамуына, қоғамдық нормалар мен профессия құндылығын меңгеруге, болашақ бакалаврдың жеке іскер мәдениетін қалыптастыруға бағытталады. Осыларды ескере отырып жұмыс бағдарламасы Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің 6В01511-География-Тарих мамандығы күндізгі оқу бөлімінің 3-курс студенттері үшін 1 аптаға есептеліп жасалған және практикаға бөлінген 1 кредит көлемінде оқытушы басшылыққа алып, қашықтықтан студенттің жеке практикалық жұмысын орындауымен өткізеді.
1. ПРАКТИКАНЫ ӨТУІНІҢ МАҚСАТЫ
Студенттерді жалпы орта білім беретін мектеп, оның жұмыс мазмұнымен, материалдық базасымен, мектептің нормативтік құжаттарымен таныстыру. Мектеп мұғалімінің кәсіптік іс-әрекеті, кіші мектеп жасындағы оқушы тұлғасының дамуы, мұғалім – оқушы қарым-қатынасы ерекшеліктерімен таныстыру.
Білім:
ҚР-ның кәсіптік әрекет аясындағы құқықтық және адамгершілік –этикалық нормалар жүйесінің негізін;адами құндылық нормаларына негізделген толеранттық, адалдық, әділдік, мамандығына және балаларға деген сүйіспеншілікті;
жалпы педагогиканың методологиялық негіздері мен категорияларын; даму заңдылықтарын және бастауыш сынып балаларының әлеуметтік қалыптасуын;
Мектеп оқушыларының жас ерекшелігін, анатомиялық-физиологиялық және психикалық даму ерекшеліктерінің негізгі заңдылықтарын;
білім беру ұйымдарында оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың теориялық негіздерін;
білім беру ұйымдарында оқыту мен тәрбиелеу процесін ұйымдастыруға ата-аналарды тарту әдістері мен инновациялық формаларын;
педагогикалық үрдістегі үштік ( бала ата-ана, тәрбиеші) қарым-қатыстың орыны мен маңызын;
мұғалім мен және мектептегі оқу-тәрбие процесі туралы студенттердің толық түсінігін қалыптастыру.
Білік:
оқу-тәрбие үрдісін жобалау, педагогикалық әрекетті жоспарлау, педагогикалық мақсатқа жету;
бір тұтас педагогикалық үрдістің нәтижесін бағалау, реттеу, оқу-тәрбие –үрдісін құру;
оқушыларының жас және жеке-даре ерекшелігін ескеріп, оқу-таным әрекетін ұйымдастыру;
сынып оқушыларының жеке және топтық қарым-қатынасын ұйымдастыру;
сынып оқушыларын оқыту мен тәрбиелеуде қазіргі технологияларды пайдалану;
сынып оқушыларының өзіндік, танымдық, шығармашылық әрекетін ұйымдастыру үшін заттық, кеңістік орта құру;
кәсіби әрекетте және күнделікті өмірде денсаудық сақтау технологиясын қолдану;
өздігінен оқу, өзіндік үйрену стилін сезіну, ойлау, өздігінен білім алу, өзіндік даму қажеттілігін жетілдіру.
орта білім беру мекемелері мүғалімінің педагогикалық іс-әрекетіне кәсіптік қызығушылықтың негізінде студенттердің кәсіптік позицияны және тәрбиеші еңбегінің қыр-сырын оқып-үйрену біліктілігін қалыптастыру.
Дағды:
педагогикалық мәдениетті қалыптастыру мен байқау жазбаларын жүргізе, талдай, алынған хабарларды тарата, оларды практика күнделігінде толық және дұрыс бере білугк дағдыландыру.
компьютерлік сауаттылығы;
тілдік және сөздік дамуы;
мектеп жасына дейінгі балалармен қарам-қатынасты ұйымдастыру; шығармашылық іс-әрекет;
сыныпта тұтас педагогикалық үрдісінде инновациялық технологияларды пайдалану;
жалпы мәдени құндылықтарды және әдет-ғұрыптарды балаларға жеткізе білу, өзін тұлға ретінде сезіну;
педагогогикалық ынтымақтастықты ұйымдастыру (бала- педагог, педагог - бала, педагог - ата-ана).
Достарыңызбен бөлісу: |