Магистранттарға «Мейірбикелік практикадағы дәлелді медицина» пәні бойынша білім, білік және дағды қалыптастыру;
«Мейірбикелік практикадағы дәлелді медицина» пәні бойынша басқарушылық және клиникалық шешім қабылдаудың қазіргі практикасындағы шынайы орнын зерттеу, сонымен қатар ғылыми-зерттеу және практикалық бағдарламаларды жүзеге асыру процесінде;
Магистранттарға кешенді пән аралық, сектор аралық, кәсіби іскерлік саласындағы мәселелерге дайындық бағыттарын анықтайтын пән мүмкіншіліктерін қолдануды түсіндіру;
Кредит №1 Дәлелдімейірбике ісінің тарихы. Дәлелді медицинаның терминологиясы, құралдары және әдістері. Дәлелді медицина бойынша мәліметтерді түсіндіруге қажетті базалық статистикалық білім. Дәлелді медицинадағы сандық және сапалық зерттеу әдістері. Дәлелді медицинадағы дәлелдер иерархиясы. Мейірбикелік ғылыми зерттеулердің дизайны. Мейірбикелік ғылыми зерттеулердің медициналық практикадағы әсері. Дәлелді мейірбике практикасының пациенттерге оң әсері. Мейірбике практикасында ғылыми дәлелді қолдану қадамдары.
Кредит №2 Қабылданған шешім негізінде жүзеге асырылған мейірбикелік араласудың нәтижелерін сыни бағалау. Мейірбикелік үдеріс пен зерттеудің ғылыми әдісін салыстыру. Медициналық ақпаратты іздестіру әдіснамасы, сенімді дереккөздер мен қорлар. Ғылыми жарияланымдар мен ғылыми зерттеулердің есептерін оқу және талдау. Дәлелді медицина сүзгілерін пайдаланып Ғаламторда ақпарат іздеу. Дәлелдену деңгейі. Дәлелді мейірбике практикасын дамытудағы кедергілер.
Сабақ беру әдіснамасы
Дәрістер:шолу-иллюстрациялық, проблемалық.
Практикалық сабақтар:ауызша сұрау, шағын топтарда жұмыс істеу, тестілеу, пікірталас, презентация, кері байланыс, медициналық әдебиеттермен жұмыс істеу, ғаламторда ақпарат іздеу, жеке және топтық тапсырмалардың орындалу нәтижелерін тақылау.