Жұмыс бағдарламасы «Қазақстаның қазіргі заман тарихы»


Тақырып 16 Қазақстан егемендік жолында



бет6/14
Дата25.04.2023
өлшемі292,5 Kb.
#86864
түріЖұмыс бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
Тақырып 16 Қазақстан егемендік жолында.
Қазақстан тәуелсіздік жолында. Отандық тарих пен мемлекеттік тіл- Қазақстан қоғамын тәуелсіздікке қарай жұмылдыратын әрі топтастыратын факторлар. Қазақтың ұлттық интелегенция өкілдерін: Ш.Құдайбердиевті, Ә.Бөкейхановты, А. Байтұрсыновты т.б. ақтау (1988ж.). Тілдер заңы (1989) Республикада Президенттік қызмет орнын құру. Қазақ ССР-нің егемендігі туралы деклорация (1990).
Қазақстанның тәуелсіздігінің жариялануы.
СССР-ді реформалауға дайындық. 1991ж. 19 тамызда өкімет билігін Төтенше жағдайлар жөніндегі Мемлекеттік Комитеттің (ТЖМК) басып алуы. Новоогорев келісімінің сәтсіздікке ұшырауы. Қазақстан Компариясының кезектен тыс съезі және партияны тарату. Тұңғыш рет Қазақстан Президентінің бүкілхалықтық сайлауы. Қазақ ССР-ін Қазақстан Республикасы деп атау. «ҚР Мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық заң (1991ж.). Даму жолын анықтау. Н.Ә. Назарбаевтың «ХХI ғасыр табалдырығында» атты еңбегі.
Тәуелсіз мемлекеттер достастығын құру (ТМД).
Одақтық келісімнің күшін жою және ТМД құру туралы 1992ж. Белобеж келісімі. Орта Азия мен Қазақстан республикалары лидерлерінің Ашхабадта кездесуі. Кеңестен кейінгі тәуелсіз мемлекеттер басшыларының Алматыда кездесіп, «ТМД құру туралы хаттамаға» қол қоюы, ТМД құру туралы Алматы декларациясы (1991ж.)


Тақырып 17 Қазақстан – егемен, тәуелсіз мемлекет.
Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстанның егеменді мемлекет ретіндегі стратегиясының қалыптасуы және дамуы» еңбегі (1992ж.) Қ.Р. символдарын: Туын, елтаңбасын, әнұранын бекіту (1992 ж.). Тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш Конституциясы (1993 ж.) Президент Н.Ә. Назарбаевтың «Ұлттық валютаны енгізу туралы» жарлығы (1993 ж.) Қазақстан халықтарының келісімі мен бртұтастығы қоғамдық институтының Президент жанында консультативтік және келісімшілік орган Қазақстан халықтары Ассамблеясын (ҚХА) құру. ҚХА тұңғыш сессиясы, оның шешімдері.
«Жүз жылға тең он жыл» - Н.Ә. Назарбаевтың 2001 ж. 16 желтоқсанда Астанада тәуелсіз Қазақстанның 10 жылдығына арналған салтанатты мәжіліске сөйлеген сөзі.
Экономикалық дамуы.
Егемендік жолындағы қиындықтар: экономикалық дағдарыс, әлеуметтік қиындықтар, өмір сүру деңгейінің төмендеуі, жұмыссыздық, қылмыстың көбеюуі. Оларды жою шаралары: экономиканы қайта құрылымдау, әлеуметтік бағдарлы рынок құру, бағаны жекешелендіру және либерализациялау, инвестициялық саясат.
Н.Ә. Назарбаев «Көтерілген тың-достық пен жасампаздық символы», Астанада 2004 ж. 6 ақпанда тың және тыңайған жерлерді игерудің 50 жылдығына арналған салтанатты мәжілісте сөйлеген сөзі. Президенттің елдің халқына Жолдауы (2004 ж. 19 наурыз): «Бәсекеге қабілетті Қазақстан, бәсекеге қабілетті ұлт үшін» (19 наурыз 2004 ж.).
Қоғамдық – саяси даму.
Қазақтардың дүниежүзілік тұңғыш құрылтайы. Қазақстан халықтарының форумы (1992 ж.). ҚР қоғамдық қозғалыстар және саяси партиялар.
Қазақстандағы демографиялық, миграциялық процестер, халықтың әлеуметтік құрылымындағы өзгерістер . Егемендік жағдайындағы тұңғыш халық санағы (1999 ж.) және оның қорытындылары. Қазақстан халықтарының ұлтаралық келісімі – ҚР тәуелсіздікті, демократияны нығайтудың кепілі.
Демократиялық процестердің дамуы, Парламент сайлауларына пропорционалдық жүйені енгізу, партиялық тізім бойынша өткен сайлаулардың нәтижелері.
Рухани даму.
Білім, ғылым жүйесіндегі реформалар. 1997ж. Ұлттық бірлік және жаппай саяси репрессиялар құрбандарын еске алу жыл. 1998ж. Ұлттық тарих жылы. 1999ж. Ұрпақтар сабақтастығы жылы. 2000ж. мәдениетті қолдау жылы.
Тарих, архитектуралық ескерткіштерді қалпына келтіру; мәдени мұраны оқып- зерттейтін – фольклорды, дәстүрді , әдет- ғұрыптытұтас жүйе жасау.
ҚР сыртқы саясаты.
Егеменді Қазақстанды дүниежүзілік қауымдастықтың тануы, оның БҰҰ-а қабылдануы. Президент Н.Ә. Назарбаевтың БҰҰ Бас Ассамблеясының 47-сессиясында сөйлеуі. Оның :«Әрбір елдің жүрек жардылығы- планетаның аман-саулығының кепілі» сөзі. Тәуелсіз Қазақстанның сыртқы саясатының көп векторлығы.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет