Жұмыс бағдарламасы «Қазақстанның Қазіргі заман тарихы»


Ұлы  Дала  еліндегі  тарихи  сананы  және  дүниетанымды



Pdf көрінісі
бет20/26
Дата31.01.2022
өлшемі346,91 Kb.
#24591
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   26
Байланысты:
323f032821eb75cfe7626025ceb9305d

 

Ұлы  Дала  еліндегі  тарихи  сананы  және  дүниетанымды 

қалыптастыру саясаты  

Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарындағы  ұлт тарихындағы «ақтаңдақтарды» 

жоюға  бағытталған  шаралар.  Ұлттық  бірлік  және  жаппай  саяси  жазалау 

құрбандарын еске алу жылы. 1998 ж. Ұлттық тарих жылы.  

ҚР  Президенті  Н.Ә.Назарбаевтың  «Тарих  толқынында»  еңбегінде  ұлттық 

тарихты  зерделеу.  Қазақ  жерлерін  Ресей  империясының  жаулау  тарихын 

қайта  зерттеудің  қолға  алынуы.    Елбасының  «Халық  тарих  толқынында» 

тарихи  зерттеулерге  бағытталған  бағдарламасы  аясында  қазақтың  ұлттық 

тарихының  шеңберін  кеңейту  және  ұлттың  жаңа  тарихи  дүниетанымын 

қалыптастыру.  Елбасы  бағдарламасының  жаңа  тарихи  сананы  негіздеудегі 

маңызы. 

«Мәдени  мұра»  Мемлекеттік  бағдарламасы.  Оның  мақсаты  және  жүзеге 

асырудың  негізгі  бағыттары:  рухани  және  білім  беру  жүйесін  дамыту,  мәдени 

мұраның  сақталуын  және  тиімді  пайдаланылуын  қамтамасыз  ету.  Тарихи  және 

сәулет ескерткіштерін жаңғырту. Мәдени мұраны зерделеудің біртұтас жүйесін 

құру  –  фольклор,  дәстүр,  әдет-ғұрыптар.  Мемлекеттік  тілде  гуманитарлық 

білімнің толық бағалы қорын құру.  

 «Тәуелсіздік  толғауы»  атты  Елбасының  2014  жылғы  15  желтоқсанындағы 

сөйлеген  сөзінің  маңызы.  Жаңа  Қазақстан  –ол  ұлы  істердің  ұйытқысы  болған 

Ұлы Дала мұрагері.  

Ұлытау ұлағаты. Қазақ мемлекеттілігі туралы тұжырым-Елбасының Ұлытау 

төрінде берген салиқалы сұхбатының басты мәселесі. Елбасының қазақ тарихын 

Бәйтерекке теңеуі. Көне түріктердің мемлекеттілігі,  Алтын Орданың және Қазақ 

хандығының тәуелсіз мемлекетке ұласуы туралы қағида.   Тәуелсіздік  тұсында 




көне  түркі  жазуының  және  түркі  мәдени  ескерткіштерінің  жан-жақты 

зерттеле бастауы.  

Әл-Фараби,  Жүсіп  Баласағұн,  Махмұд  Қашқари,  Қожа  Ахмет  Яссауи 

еңбектерінің  қазақ  тіліне  аударылып,  қайта  басылуы.  Елбасының  ежелгі 

Ұлыстар мен Ордалардағы  этносаяси үрдістердің қалыптасуына байланысты 

пікірлері.   





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   26




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет