ПӘННІҢ МАЗМҰНЫ
Кіріспе
Қазақстанның қазіргі заман тарихы пәні және оның міндеттері. Қазіргі
кездегі «Қазақстанның қазіргі заман тарихы» пәні туралы түсінік. Тарих,
жеке тұлға, мемлекет. Тарих және өркениет. Бүгінгі Отан тарихының қызметі
мен принциптері. Қазақстанның қазіргі заман тарихын әлемдік тарихи
үдерістер аясында қарастыру. Ұлттық тарихтың құндылықтары. «ҚР-да
тарихи сананың қалыптасуы концепциясы».
Бүгінгі Қазақстанның тарихын кезеңдерге бөлу. Қазақстанның қазіргі
заман тарихын зерттеудің негізгі әдістері. Отан тарихын зерттеудегі жаңа
теориялық-концептуалдық ұстанымдар. «Қазақстанның қазіргі заман
тарихы» пәні бойынша деректер мен зерттеулер. Отан тарихын зерттеудің
ерекшеліктері. Қазақстанның бүгінгі таңдағы ұлттық тарихының өзекті
мәселелері.
«Қазақстанның қазіргі заман тарихы» пәнінің басты мақсаты: бүгінгі
Ұлы Дала елі аумағындағы тарихи үдерістің бастаулары, негізгі кезеңдері
мен ерекшеліктері туралы объективті мағлұмат беру; Қазақстанда тәуелсіз
мемлекеттіліктің қалыптасуы мен дамуы, рухани мәдениет, этногенез
сабақтастығы мәселелеріне студент назарын бағыттау; студенттерге
тарихтың іргелі мәселелерінің мәнін жеткізу; тарихи танымның ғылыми
әдістерін пайдалануға студенттерді үйрету және олардың ғылыми көзқарасы
мен азаматтық ұстанымын қалыптастыру.
Осыған байланысты төмендегідей міндеттер қойылады:
студенттерді қазіргі тарих ғылымының жетістіктерін пайдалана
отырып, хронологиялық тәртіпке сай ауқымды және нақты материалдармен
таныстыру;
проблемалық дәрістер әдісін қолдану жолымен студенттерді
шығармашылық ойлауға жаттықтыру;
Қазақстанның қазіргі заман тарихының гуманитарлық пәндер
жүйесіндегі орнын, оның объектісі мен пәнінің ерекшеліктерін, ең өзекті
проблемаларын анықтау;
бүгінгі тарих және тарих ғылымының рөлі, оның салалары мен
бағыттары, тарихтың белгілі кезеңдеріндегі әлеуметтік және саяси
проблемалар туралы түсінік қалыптастыру.
Достарыңызбен бөлісу: |