Биоалуантүрлілік тек маңызды шаруашылық ресурсы ғана емес,ол биосфераның тіршілік етуінің шарты болып табылады.
Рио-де-Жанейрода өткен (1992ж)БҰҰ конференциясында қабылданған үш арнайы Мәлімдемелер мен Конвенциялардың екеуі биологиялық ресурстар мен биологиялық алуантүрлілікті сақтаусыз тұрақты даму мүмкін емес екенін көрсетті.
Қазіргі адамның азық-түлігі ретінде қолдануға болатын бірнеше мың түрлер белгілі.Бірақ іс жүзінде өсімдіктер мен жануарлардың 200-250дене аспайтын түрлері пайдаланады.Ауылшаруашылық өнімдерінің басым көпшілігін т12-15 өсімдік береді.
Жабайы түрлер-табиғи экожүйелерден алынатын бағалы өнім көзі және әсіресе,ауылшаруашылық жануарлары мен өсімдіктерінің жаңа қолтұқымдары мен іріктемелерін шығаруда маңызы зор.
1960-1970 жылдардағы "Жасыл ревалюция",жоғары өнімді және ауруларға төзімді дәнді дақылдардың жаңа іріктемелерін жасауға жабайы түрлерді,мысалы Түркиядан әкелінген бидай шығарумен байланысты.Тек Азия елдерінің өзінде ғана "Жасыл ревалюция" нәтижесінде бидай өндіру 2 миллиард долларға,күріш -1,5миллиард АҚШ долларына артқан.
Достарыңызбен бөлісу: |