Жұмыс бағдарламасы жда жағдайындағы балалар хирургиясы пән бойынша (пәннің аты)



бет4/31
Дата15.06.2023
өлшемі404,5 Kb.
#101634
түріЖұмыс бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31
Байланысты:
det xir vop kz

Мазмұны

Сағат көлемі



1

Ас қорыту ағзаларындағы ақаулар: өңеш атрезиясы, пилоростеноз, 12-елі мен ішек атрезиясы, Гиршпрунг ауруы.

Ас қорорыту жүйесінің эмбриогенезі, даму ақауларының себептері. Туа пайда болған ішек өткізбеушілігінің түріне байланысты жіктелуі (жоғары, төмен), клиникалық ағымына қарай (жіті және созылмалы). Клиникасы және диагностикасы. Зертеу әдістері, емдеу жолдары. Асқынудың алдын-алу жолдары. Атрезия түрлері, оларға тән рентгенологиялық көріністер. Операция түрлері, нәрестелерді операцияға дайындау. Пилоростеноз, этиологиясы, патогенезі, клиникасы, диагностикасы., зерттеу әдістері, емі, асқынулары. Пилороспазбен жүргізілетін дифференциальды диагноз. 12 елі ішектің стенозы, клиникасы, диагностикасы. Интерн-дәрігерлер пилоростеноз, пилороспазммен жатқан науқастарға курация жасайды, емдеу жолдарымен танысады, операцияға дайындау шараларын талдайды, емдеу жолдарын қарастырады. Рентгенограммадан осы ауруларға тән белгілерді табады. Гиршпрунг ауруы, этиопатогенезі, клиникасы, диагностикасы., зерттеу әдістері, емдеу жолдары, асқынулары. Интерн-дәрігерлер ішек өткізбеушілігімен жатқан науқастарға курация жасайды, емдеу жолдары мен танысады. Зерттеу әдістерін тұжырымдайды.

7,2

3

Балалардың бас-ми жарақаттарының ерекшеліктері.
Балалар, сүйек жарақаттарының ерекшеліктері. Куйіктер, жаралар.

Балалар организмінің ерекшеліктері. Сүйектің сынуы, этиологиясы, клиникасы, диагностикасы, емі, асқынулары. Балалар сүйек сынуының ерекшеліктері, баларға тән, «қабық асты сыну», «көк шыбық» тәрізді сыну, эпифизиолиз, остеофизиолиз. Клиникасы, диагностикасы, асқынулары. Күйік ауруы, этиологиясы, патогенезі, классификациясы, клиника, дәрежесін анықтау түрлері, емі асқынулары, келлоидты тыртықты болдырмау жолдары, емі. Жаралардың түрі, клиникасы, зерттеу әдістері, емі.
Интерндер тақырып бойынша науқастарға курация жүргізеді, зерттеу әдістерін қолданады, емдеу ісін меңгереді. Асқынудың алдын-алу шараларын жүргізеді. Бас-ми жарақаттарының классификациясы, этиопатогенезі, клиника, диагностикасы, зерттеу әдістері, емдеуі, асқынулары.

7,2

3

Жедел аппендициттің балалардағы ерекшеліктері. Жүре пайда болған ішек өткізбеушілігі. Жалпы тәжірибелік дәрігердің тактикасы.

Жедел аппендициттің түрлері, этиологиясы, патогенезі, клиникасы, диагностикасы, емі, асқынулары. Зерттеу әдістерінің балалардағы ерекшеліктері. Перитонит түрлері, патогенезі, диагностикасы, емі. Жүре пайда болған ішек өткізбеушілігінің себептері. Ішектің жабысқақ ауруы, классификациясы, патогенезі, диагностикасы, емі. Операцияның мақсаты. Интерндер науқастарға курация жүргізеді, диагнозын тұжырымдайды, емдеу принциптерімен танысады. Науқастарға ішектің жабысқақ ауруының алдын-алу жолдарын жүргізеді.

7,2

4

Зәр шығару жүйесінің ақаулары.

Зәр – жыныс жүйесінің даму ақауларының себептері, эмбриогенезі, жиілігі. Бүйрек, зәрағар, қуық, үрпінің даму ақауларын зерттеу әдістері, емдеу жолдары. Гидронефроздың этиопатогенезі, клиникасы, емі, асқынулары. Гипоспадия, эписпадия, қуықтың экстрофиясы. Осы ақаулардың емі, асқынулары. Интерн науқасқа курация жүргізіп, зерттеу әдістерін үйренеді. Рентгенограммадан даму ақауына байланысты белгілерді табады. Емдеу жолдарын қарастырады. Крипторхизмнің асқынуларын білуі қажет.

7,2

5

Тірек-қимыл аппаратының даму ақаулары (сан сүйегінің тума шығуы, бұлшықеттік қисық мойын, маймақтық)

Балалардағы жасындағы сан сүйегінің тума шығуы жиелігі. Нәрестелерде сан сүйегінің тума шығуының клиникалық көрінісі. Рентгенологиялық қасиеттері. Путти, Рейнберг, Хингельрейнер сызбалары. Емдеу принциптері. Қисық мойын, маймақтықтң клиникалық көрінісі, жіктелуі. Ажыратпалы диагностикасы. Оперативті еміне көрсеткіші мен мерзімі.

7,2




Барлығы

36 сағ





    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет