3-кесте. Оң жақ хост үшін
3. Маршрутизатордың параметрлерінің мәнін бердім. Ол үшін алдымен FastEthernet0 / 0 интерфейсін конфигурацияладым:
1) Құрылғыға бір рет басып (маршрутизатор);
2) «Config» қойындысын таңдадым;
3) FastEthernet0 / 0 интерфейсін тауып, қажетті IP мекенжайын (192.168.3.1 және 255.255.255.0) және ішкі желі маскасын орнаттым. Дәл солай FastEthernet 0 / 1 интерфейсін де конфигурациялаймыз.
4.Cisco Packet Tracer модельдеу режимін ауыстырдым. Ол үшін симуляция жұмыс кеңістігінің төменгі оң жақ бұрышындағы симуляция белгішесін бастым. “Edit Filters” батырмасын басып, “Show All/None”, ARP және ICMP таңдадым.
5.Симуляция режимінде желіні тексердім. 192.168.3.5 IP мекенжайымен 192.168.5.4 IP адресі бар хостқа соңғы түйіннен сынақ сұранысын жібердім. (4-сурет)
4-сурет
6. Сыртқы желіге ping-сұрау жібердім. 192.168.3.7 IP мекенжайымен 192,168.3.3 IP адресі бар хостқа соңғы түйіннен сынақ сұранысын жібердім. (5-сурет)