Жұмыс бағдарламасы «Жылуэнергетикада және жылутехнологияда энергияны үнемдеу»



бет53/57
Дата04.02.2022
өлшемі451,94 Kb.
#24853
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   57
Байланысты:
Ж мыс ба дарламасы «Жылуэнергетикада ж не жылутехнологияда энерг

Дәріс 12


(1 сағат)
Тақырып. Энергияны үнемдеудегі энергия аудиті. Өнеркәсіп кәсіпорындарының энергия аудитінің әдістемесі.
Дәріс сабақтың мазмұны

1. Энергоаудит тапсырамлары мен энегоресурстарды тұтынушыларды зерттеу түрлері.

2. Тереңдетілген энергоаудит

3. Екінші деңгейлі энергоаудит

4. Энергоаудиттің нормативті базасы

Қазіргі уақытта заңмен ұсынылып бекітілген терминнің болмау кезінде екі түсінік бар: энергетикалық зерттеулер және энергоаудит. Біріншісі, мынандай жағдайға сәйкес келеді: мұнда жұмыс энергоресурстардың барлық түрлерін тарату мен қолдану, өндіріс жағдайын техникалық тексеру және рационалды емес энергия шығынын төмендету, энергоресурстарға төленетін қаржы шығыны жайлы энергоресурстарды тиімді пайдалану ұсыныстар мемлекеттік қадағалау органдарының нұсқауымен жүреді. Екіншісі – ерікті, кәсіпорынның ынтасымен өткізілетін, энергетикалық тексеру. Сондықтан келесі кезекте тек бір терминді қолданамыз, ол – энергоаудит.

Энергоаудиттің негізгі тапсырамларынан мыналарды атауға болады:



  • кәсіпорындарда энергия тұтыну мен энергия пайдаланудың фактілі жағдайын орнату;

  • энергия тұтынудың рационалды өлшемдерін, энергияны транспарттау және өндіру кезінде анықтау, сонымен қатар өндірістік процестер мен қондырғыларда;

  • пайда болу себебін анықтау, шығын мәнін және ЖЭР (жылу энергетика ресурстары) –да үнем резервтары;

  • ЖЭР-ды қолданудың тиімділігін жоғарылату бойынша ұсыныстары жетілдіру.

Алға қойған тапсырмаларды шешу тереңдігі және осыған қажет ақпарат көлемі өткізіп жатқан энегоаудит деңгейіне тәуелді.

Энегоресурстарды тұтынушыларды зерттеу түрлері.

Энегия үнемдеудің дұрыс және нормативті базалары энергия пайдаланылатын қондырғыларды және жалпы кәсіпорындарды әр түрлі тексерулер жүргізуді қарастырады.

Энергетика және индустрия министрлігімен бекітілген, энергетикалық қондырғыларды пайдаланудағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында мекеменің энергетикалық тексерудің 6 түрі қарастырылады:



  • жұмыс істер алдындағы және пайдалануға беру алдындағы;

  • бірлікті;

  • периодтық;

  • кезектен тыс;

  • локальды;

  • ПОП экспресс – зертеулер.

Осы ережелерге сәйкес отынды және энергия пайдаланушы құрал -жабдықтарды іске қосар алдында және пайдалануға берер алдында, Қазақстанның аймақтық органдары мемлекеттік стандартқа және энерготиімділік көрсеткіштері бойынша СНПИ талаптарына және монтаждау талаптарына сәйкес келетіндігін тексері үшін құрал – жабдықты алдын – ала тексереді.

Энергоресурстарды пайдаланудың тиімділігін бағалауға мүмкіндік беретін энергетикалық тексерулерге бірнеше тексерулер жатады.

Осымен, біріншілікті тексеру кезінде ЖЭР пайдаланудың тиімділігінің бағалауы жүргізіледі (жабдық жұмысының тиімділігі тексеріледі, ЖЭР пайдаланылу жағдайының есебі, оны пайдалану бойынша есеп беру, отын және энергиямен қамтуға кеткен шығынды есептеу).

Периодтық тексеру барысында бұрынғы берілген ұсыныстардың орындалуы тексеріледі, ЖЭР - ң тұтыну динамикасы бағаланады және олардың тауарды өндірудегі меншікті шығындары бағаланады (энергосыйымдылық, өндірісітің жалпы материалдық шығындарындағы ЖЭР - ң құны).

Кезектен тыс тексеру Қазақстанның энергобақылауының аймақтық органынының бастауымен жүргізіледі, егер оларда ЖЭР-ды пайдалану тиімділігінің күрт төмендеуі жөнінже жаңаша белгілері пайда болса, энергоаудиторлардың жүргізген тексеріс нәтижесінде күдік тудырса, сонымен қатар отты – энергетикалық ресурсты тұтынумен байланысты тұтынушының ЖЭР-ң мемлекеттік билік органдарына жеңілдік алуға барған жағдайда.

Локальды және экспресс тексерулері көлемі мен мерзіміне байланысты шектеулі сипатқа ие. Сонымен қоса ЖЭР-ң бір түрінің тұтынуы бойынша (электр мен жылу энергиялары; қатты, сұйық және газ тәріздес отын; екінші энергоресурстардың және агрегаттардың белгілі бір тобы бойынша жеке агрегат), немесе жекелей тиімділік көрсеткіші бойынша тиімділігінің бағалануы жүргізіледі.

Біріншілікті, периодты, кезектен тыс локальды және экспресс тексерістерін Қазақстанның энергобақылау мен энергоаудиторлары жүзеге асыруға құқылы.

Шет елдерде энергетикалық тесерістердің методологиясы 6 этаптан тұрады:



  • энергоресурстардың интегралды тұтынуы мен олардың қаржылай шығындарымен алдын-ала танысу;

  • түрлі энергетикалық баланстарды құру (жалпы мекеме, жекелей цехтар, технологиялармен, энергоресурстармен және т.б.);

  • энергосыйымды тұтынушыларды детальды тексеру және энергоүнемдеудің негізгі бағыттарының негізделуі;

  • энегоүнемдеуші үлгілерді жасау;

  • энергоүнемдеуші жобалар мекмелері үшін тиімді зерттеу;

  • жүргізілген энергоаудит бойынша есеп жасау.

Энергетикалық тексерулердің жүргізу тәжірибесі, олардың міндеттері: өнеркәсіптегі энергия тұтынудың нақты жағдайын бағалау, отын – энергетикалық ресурстардың шығын мағынасын анықтау; өндірістік процестерде және қондырғыларда энерготұтынудың рационалдық өлшемдерін анықтау, отын және энергия үнемдеуін бағалау мен айқындау; отын энергетикалық ресурстарын шығындарын төмендетуге бағытталған жоба – жоспарларын жасау, осы жағдайлар энергетикалық тексерулерді 3 түрге бөліп көрсетеді:

  • алдын – ала энергоаудит;

  • бірінші деңгейдегі энергоаудит;

  • энерготехнологиялық жүйелерді тереңдете тексеру және өндірістік жалпылай тексеру.

Бірақ энергоаудиттің екі түрге бөлінуі мақсатқа лайықты болып табылады: экспресс – тексеру және тереңдетілген тексеріс (нақты айтақанда энергоаудит). Соңғысы өндірістің энергетикалық паспортын құрауды да ойластырады.

Экспресс – тексеру

Бұл энергоаудиттің түрі үндіріс туралы оның технологиялары, энергетикалық шаруашылығы, энегия тұтянушы жүйелер және сол көлемдегі қондырғылар туралыбастапқы статистикалық есеп ақпаратын алу болып табылады, бұл энергоаудиторларға энергия сақтау потенциалының көлемі мен бары туралы энергия тасығыштарға қаржылай шығынды түсіру мүмкіндігі туралы өндіріс орындарына энергия үнемдеудің негізгі бағыттарын беогілеуге дәлелді нәтиже жасауға мүмкіндік береді.

Экспресс- - тексерумен танысу кезеңі кәсіпорвнмен танысудан тұрады (кәсіпорын құрылымы мен генпланы, энергия үнемдеудің, технологияның энергоресурстады есептеу жүйелерінің принципиалды сызбанұсқасы, энергиямен қамту және технологиялық қондырғылар жағдайын визуалды қарау). Осы кезеңнің нәтижесі бойынша энергоаудиторларға мыналар мәлім болады: энергоаудиторлардың әр түрлі кәсіпорын қызматімен арақатынас формасын, кәсіпорын туралы, оның энергия шаруашылығы туралы, бастапқы мәліметтер, кәсіпорының қаржылай шығындарындағы энергоресурстарға шығын үлесі.

Соңғысы, осы кезеңдеэнергоаудитті жүргізудің қажетті деңгеййіне баға беруге мүмкіндік береді. Егер энергоресурстарға кететін қаржылай шығындар үшін кәсіпорынның жалпы шығындарында 10% -дан төмен болса, онда кәсіпорынның энергия тұтыну экспресс – анализі ары қарай жұмыс істеу үшін жеткілікті. Энергоресурстарға шығын үлесі 15% - ға дейін өссе, тек экспресс – тексеру жүргізу жеткіліксіз, бірақ тереңдетілген энергоаудит жүргізу қажет, өйткені энергоаудиторлармен жүргізген ұсыныстар кәсіпорынға энергоресурс шығындарын 3 - 4% түсіруге мүмкіндік береді. 15% - дан артық шығын үлесі кезінде энергоаудитті тез арада жүргізу керек, өйткені оның нәтижесінен шығатын болжамалы қаржылық пайда анықталады.

Ерекше орынды өндіріс кәсіпорындағы заңмен бекітілген энергетикалық паспортизаця алады. Төменде көрсетілгендей бұл жағдайда тереңдетілген энергоаудит қана қажет.

Экспресс – тексерумен танысу кезеңі (статистикалық есеп берудің және техникалық документацияның мәліметтерін оқып білу және алу) толығырақ ақпараттар жиынтығынан тұрады:


  • негізгі және қосымша өнімнің шығарылуына болжамдар және шығарылымдар номенклатурасы және олардың айлық көлемдері туралы;

  • энергоресурстар және олардың кейінгі екі – үш жылдағы динамикасына қаржылай төлем мен терифтары туралы;

  • энергиямен қамтитын ұйыммен келісімдер туралы;

  • толығымен кәсіпорын бойынша және жеке цехтер (өндіріс орындары) бойынша энергоресурстардың барлық түрін айлық тұтыну туралы;

  • энергияның өзінің қайнар көзі туралы (қазандық, ЖЭО, автономдылар және т.б.), конденсатты жинау (сбор) және қайтару, бу- және жылумен қамту жүйелері туралы;

  • маңыздырақ отын-, жылу-, электртұтынушы құрылғылар (өнімділік, пайдаланылатын энергиятасығыштар, олардың параметрлері, эксплуатациялық мәлімет және т.б.) туралы;

  • энергоресурстарды (трансформаторлар, РОУ, РУ, жылу сораптры және т.б.) трансформациялау бойынша қондырғылар туралы;

  • суды бөліп беру және ауа-, суық-, жылумен қамту жүйелері туралы.

Ережеге сай, статистикалық есеп беру мәліметтер жиынтығын соңғы 1,5 – 2 жылда өткізу керек.

Мәоіметтерді жинау кезінде энергоаудиторлар өздері ойлап тапқан сұраныс парақтарын пайдаланады. Энергоаудиторлармен көрсетілген мәліметтердің дұрыстығына кәсіпорынның басшылығы жауапты. Энергоаудиторлардың міндеті – таңдалмалы бақылаумен көрсетілген мәліметтердің дұрыстығын бағалау.

Құжаттардан алынған барлық ақпарат энергия пайдалану тиімділігінің анализі үшін негізгі материал болып табылады. Анализ тәсілі жеке объектіге немесе толығымен кәсіпорыға қолданылады. Энергия тиімділігінің анализінің нақты әдісі, кәсіпорынның тармақты керек- жарақтарына және типіне, зерттеліп жатқан процесс пен құрал – жабдық түріне тәуелді.

Ақпараттан алынған анализ энергияның мағыналы өнімділікті емес шығынын әкелетін, энергиятасымалдағыштарды тарату мен өнімділіктің жүйесін, энергия тұтынушылардың, технологияның, энергиятасығыштардың мағыналы приоритеттерін шығаруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, шығарылатын өнімге энергия тұтынудың қатынасы болып табылатын, объектілер мен энергоресурстардың жеке түрлері бойынша фактілі салыстыттрмалы энергия тұтыну есептеліп шығарылады (вычисляется).

Фактілі салыстырмалы энергия тұтынуды базалық цифрлармен салыстыру жолымен әр бір объекті бойынша энергияны пайдаланудың энергиятиімділігі туралы қорытынды жасалады. Базалық цифрлар экспертті бағалардың немесе процесстерді фихикалық модельдеудің, отандық пен шет елдік туыстық кәсіпорындардың немесе осы кәсіпорынның алдыңғы көрсеткіштерінің салалы нормаларына негізделуі мүмкін.

Энергоаудиторлардың жұмысының нәтижесі кәсіпорынға өндірістің энергия үнемдеуінің көрнекті фактілі көрінісін алуға, энергия үнемдеу потенциалының экспертті бағасын және энергия үнемдеудің негізгі бағыттарын алуға мүмкіндік береді.

Тереңдетілген энергоаудит

Осы дәрежедегі энергоаудит энергия үнемдеу потенциалының дәл бағасын, тек бағыттарды ойлап шығаруды ғана емес, сонымен қатар рационалды қолдану бойынша техникалық шешімдер мен энергия үнемдеуді, кәсіпорындарда энергия үнемдеуді іске асырудың комплексті ұзақ уақытты жобасын дайындауға арналған алғы шартты жасауды болжайды.

Тереңдетілген энергоаудит бастапқы кезеңде жоғарыда қарастырылған экспресс – тексеру бойынша барлық жұмыстардан тұрады. Кәсіпорынның қызметкерлері беруге тиіс бастапқы ақпарат ретінде кеңейтілген ақпарат қызмет етеді: кәсіпорынмен шығарылған негізгі және қосымша өнім туралы, энергиталық паспорттың болуы, энегроресурстарды үнемдеу бойынша ұйымдастырушылық – техникалық шаралардың болуы туралы; шығарылатын өнімге ЖЭР – ң салыстырмалы шығындары туралы; энергоресурстарға кететін қаржылай шығындар, тарифтер және энергия тұтыну (электр энергиясы, жылу энергиясы, отын, су, қысылған ауа, қысылған азот, суық) туралы; энергиямен қамтудың қайнар көзі және энергия тасығыштардың параметрлері (ГПП, ТП, ЖЭО, қазандық, компрессионды және тоңазытқышты қондырғылар) туралы кәсіпорынның коммуникациясы туралы; кәсіпорынға, құрылысқа, ғимаратқа жылу беру жүйесі туралы; ыстық және суық сумен қамту жүйесі туралы, душ тәріздес тор мен су бөлетін крандардың саны туралы; құйылмалы – сорылатын желдеткіш туралы; технологиялық жылу тұтынушы, отын тұтынушы жабдықтар туралы; СЭР – ң (ВЭР) қайнар көздері туралы; конденсаттың қайтару және жинау жүйесі туралы; тоңазытқышты, компрессорлы жабдық туралы; қолданылу бағыты бойынша электр қондырғысының орнатылған қуаты туралы; жарықтандыру жүйесі, ғимараттағы электр қабылдағыш, құрылыс және т.с.с. туралы.

Осы деңгейде, энергия пайдаланудың тиімділігін бағалауға қажет, бірақ құжаттардан алуға келмейтін немесе олардың дұрыстығына күмән келтіретін жетіспейтін ақпаратты толтыру үшін инструменталды зерттеуді қолданады.

Иинструменталды тексеруді жүргізу үшін стационарлы немесе арнайы портативті аспаптар қолданылу тиіс. Өлшеуді жүргізу кезінде қолда бар кәсіпорынның энергоресурстарының есеп түйіндерін коммерциялық та, техникалық түрде максмалды пайдаланған дұрыс. Инструменталды зерттеу жүргізу кезінде кәсіпорын жүйелерге немесе объектілерге бөлінеді, бұлар мүмкіндігінше комплексті зерттеуге жатады.

Екінші деңгейлі энергоаудиттың мақсаттарын жүзеге асыру үшін энергоресурстардың барлық түрлерін фактілі энергия пайдалану жағдайына санды және сапалы баға беру керек және есептеу жолымен энергоресурстарды есепті - нормативті тұтынуын анықтау.

Жиналған ақпарат кәсіпорынның энергия тұтынуы мен энериямен қамтудың принципиалды сызбанұсқасын құрастыруға мүмкіндік береді, бұл сызбанұсқада кәсіпорынның тек өзінің энергия шығны бейнеленбейді, сонымен қатар кәсіпорынның балансында тұрған да тұрмаған да қатардан тыс тұтынушылардың да барлығы көрсетілген.

Энергия тұтынудың фактілі жағдайына, энергоресурстар шығынының мәні мен себептерін айқындауға, қондырғылар мен өндірістік процесстерде энергоресурстарды рационалды тұтынуды анықтауға баға беру үшін өнеркәсіптік кәсіпорынның энергобалансын құрайды.

Ары қарай жылдық және айлық фактілі энергия тұтынуды операция жасай отырып, толығымен кәсіпорынға және оның жеке объектілері (цехтар, технологиялар) үшін әр бір энергия тасығыштың мағыналылығын орнатады.

Экспресс – тексеру кезеңіндегі сияқты қолдану бағыттары бойынша (технологя, анықтау, желдету, ыстық сумен қамту, жалпы зауыттық шығындар және т.б.) кәсіпорынның энергетикалы балансын бөлшектеу, ендігі уақытты әр бір бағыт бойынша энергоресурстарды пайдаланудың тиімділігіне тереңірек анализ өткізуге мүмкіндік береді. Әр бір энергия тасығышты пайдалану бағыты бойынша бөлшектеу пайдалы болып табылады. Айлық баланстар мезгілдік тербелісін көрсетеді, бұл ережеге сай, жылу беруге тұтынуды технологиялық және басқа жалпы зауыттық шығындардан бөлуге көмектеседі.

Тереңдетілген энергоаудит біріншіден, тек фактілі энергия тұтынуды орнатумен сипатталмайды, сонымен қатар, кәсіпорынның барлық технологиялық тізбегі бойынша энергияның нормаланған шығынын есепке ала отырып қажетті энергия тұтынудың есептік бағасы жүргізіледі. Соңғысы нормадан жоғары шығындардың көлемін, олардың себептерін орантуға және оларды азайтуға арналған шараларды белгілеуге мүмкіндік береді.

Осындай тапсырманы шешу үшін жылулық және электрлік энергияның, қазандықты – пешті отын бойынша нормаланған энергобалансты құрады. Мұндай баланстаррды құрудың ерекшеліктері төменде қарастырылған.

Тереңдетілген энергоаудиттің екінші сипатты ерекшелігі энергия тасығыштарды (бумен қамту жүйелері,жылумен қамту, конденсатты қайтару мен жинау, сығылған газдар мен суықты тарату мен өндіру жүйелері және т.б.) тарату және өндірістің жеке жүйелерінің анализі мен толығырақ қарстыру болып табылады.

Тереңдетілген энергоаудиттің үшінші сипатты ерекшелігі энергия үнемдеудің бағыттарын ғана ойлап табу емес, сонымен қатар оларды жүзеге асыратын техникалық шешімдері болып табылады.

Энергия үнемдеу ұсыныстары (шаралар) неігізінде, анализ кезеңінде айқындалған энергоресурстарды тиімсіз пайдаланатын объектілерге энергия үнемдеудің типтік әдістерін қолану жолымен өңделеді.

Ұсыныстарды өңдеу және баяндау кезінде қысқаша қолда бар жайды көсетеді, болжамды жетілдірудің және үнемді алу принципінің техникалық мәнін анықтайды, ақшалай және физикалық түрдегі потенциалды жылдық үнемділігін есептеп шығарады, болжамалы ұсыныстың жалпы экономикалық эффектісін бағалайды.

Экономикалық эффектіні бағалау үшін өзін – өзі ақтаудың (окупаемость) қарапайым мерзімін қолдану жеткілікті. Энергия үнемдеу жобасын қосымша қаржыландыру болған кезде жобаның экономикалық тиімділігін бағалаудың қиын әдісін қолдануға рұсат беріледі.

Энергоаудиттің нормативті базасы

Әр түрлі деңгейлі энергия үнемдеу бағдарламасын практикалы түрде жүзеге асыру кезінде энергоаудит мәні объективті өседі және бұл тенденция алдағы жақын болашағымызда сақталады.

Энергоаудит, шаруашылық және экономикалық қызметтің бір бөлігі ретінде, салыстырмалы түрде жаңа және жас болып табылады.

Нормативті – құқылы база

«Энергия үнемдеу туралы» Заң энрегоаудиторлар үшін нормативті – құқылы актілердің бірі болып табылады. Энергетикалық зерттеулер энергетикалық ресурстарды тиімді қолдануды бағалау және отын – және энергиямен қамтуға тұтынуға шығынды төмендету мақсатында жүргізіледі. Міндетті энергетикалық тексерістен өтуге, жеке меншік формасы мен ұйымдық – құқықтық формасына тәуелсіз, ұйымдар жатады, егер олардың энергетикалық ресурстарды жылдық тұтынуы шартты отынның алты мың тоннадан астамын немесе моторлы отынның бір мың тоннадан астамын құраса. Егер жылдық энергетикалық ресурстарды тұтынуы (ұйымның) шартты отынның алты мың тоннадан азын құраса, ұйымды энергетикалық тексеру, энергетикалық ресурстарды тиімді қолдану бойынша жұмыстың координациясына жауапты ҚР - ң субъектілерінің атқарушы өкіметі органдарының шешімі бойынша өткізіледі.

Нормативті - техникалық база

Энергоаудитті жүргізудің нормативті – техникалық документациясы энергия үнемдеудің нормативтті базасын құраушы бөлігі болып табылады. Нормативті – әдістемелік қамту мыналардын тұрады:



  • мемлекет аралық (ГОСТ), мемлекеттік (ГОСТ Р), салалық (ОСТ) дәрежелердегі энергия үнемдеу облысындағы нормативті құжаттар;

  • техникалық регламенттер, ережелер, басшылықтар және мемлекеттік өкіметтің атқарушы органдарымен қабылданған энергия үнемдеу бойынша басқа да нормативті құжаттар;

  • энергия үнемдеу жобаларының экономикалық тиімділігін негіздейтін және энергия тасығышыты үнемдейтін есептеулер бойынша әдістемелік құжаттар;

  • ұсыныстардың түпдеректері сілтеме түрінде немесе толығымен баяндалған әдістемелік құжаттар, біріншілікті ЖЭР – дың шығынын төмендету және қолданылу тиімділігін жоғарылату есебінде энергия үемдеудің модельдері, алгоритмдері, сызбанұсқалары, тәсілдері, әдістері, екіншілікті ЖЭР – ды қолдану;

  • сақтау және тұтынуға, тасымалдауға, қайта өңдеуге, өндіруге, шығару сатыларында ЖЭР – ды есепке алу кезіндегі қадағалу және метрологиялық бақылауға, өлшеулердің бірліктерін қамтамасыз етуге, өлшеу әдістерінің дәлдігіне талаптарды реттейтін әдістемелік құжаттар;

Негізгі нормативті – техникалық документациялар энергоаудит үшін маңызды жәйттарды реттейді:

  • энергетикалық ресурстарды жүргізу ережелері, ЖЭР – ң (ГОСТ Р 51380-99) өнеркәсіптік тұтынушысының энергетикалық паспортының құрамы;

  • энергоресурстарды тұтынушылардың энергобалансын есептеу әдістері (ГОСТ Р 51379); ЖЭР – ды (ГОСТ 51380) пайдаланудың тиімділігінің көрсеткішін топтастыру және номенклатуралық құрамын;

  • энергия үгемдеудің (ГОСТ Р 51380) талаптары бойынша объектілерді сертификациялау және сынаудың әдістері;

  • жылу режимдерінің тиімділігін есептеу әдістері, жылуоқшаулағышқа, температураны ұстап тұру бақылауына,ғимараттың паспортизациялануы бойынша жалпы энергобалансына талаптар;

  • отынды және энергияны шығындау нормативтері, оларды анықтау әдістері,; өнімді дайындау және оны пайдалану кезіндегі энергия мен отынның шығынын төмендету бағытындағы анализдар мен есептеу тәсілдері;

энергия үнемдеуді метрологиялық қамтамасыз етуге талаптар;


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   57




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет