1. ТҮСІНІКТЕМЕ ХАТ
Осы оқу бағдарламасы 0302000 «Медбикелік іс» мамандығы 0302033 «Жалпы
тәжірибелі мейірбике» квалификациясы
бойынша ҚР-ның 2013 жылғы бойынша
Мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандартына сәйкес өңделіп жасалынды.
Жұмыс кезінде мейірбике бірінші кезеңдерде тек қана мед.қызметкерлердің
жұмысын бақылауы, соңынан белгілі мейірбикелік манипуляцияларды өз бетімен
жасауға болады. Практика өту кезінде мейірбике теориялық және практикалық
білімдерін кеңейтеді, медициналық деонтология мен этика бойынша білімдерін
нығайтады, дәрігерге дейінгі көмек көрсетуге үйренеді.
Достарыңызбен бөлісу: