Бөлім 1. Әйелдер кеңес орнындағы медбике ісінің жұмысын ұйымдастыру
1 тақырып. Жүкті, босанушы әйелдерге және гинекологиялық ауруларға қызмет көрсету жұмыстарын ұйымдастыру. ФП, ФАП, СВА, Суб, РБ, ЦРБ, қалалық және облыстық юосану үйлеріндегі медбикелік жұмысты ұйымдастыру. Медбикенің атқаратын міндеттері. Әйелдер кеңес орнындағы санитарлы-ағарту шараларын жүргізу. Документтер толтырып, есеп беруді уйрену. Этика деонтология заңдылықтарын білу.
2 тақырып. Жүктіліктің ерте және кеш мезгілін диагностикалау. Жүктіліктің ерте диагностикасын жүргізу. Күдікті және мүмкін болу белгілерін білу. Қосымша тексеру әдістерін жүргізу( жүктілікке тест жасау). Жүктіліктің кеш мезгілін диагностикалау. Ұрықтың орналасуын, жүрек соғысын, жатыр биіктігімен іш айналымын және жүктіліктің мезгілін анықтауды жүргізу. Декретті демалысты , босану күнін анықтау, босануға психопрофилактикалық дайындық жүргізу, жүктілерге тиімді жаттығулар жасатуды үйрету. Тазалық ережелерімен таныстыру. Салмағын қадағалап өлшеп, кезеңді түрде жағдайын бақылау.
3 тақырып. Жүкті және босанған әйелдерге диспансерлі бақылау жүргізу. Қауіп қатер тобын анықтап, жүкті және босанушы әйелдерге диспансерлі бақылау жүргізу. Жыныс мүшелерінң жағдайын бақылап ерте және кеш гестоздың белгілерін дер кезінде анықтау. Сүт безінің күтімі, босанудан кейінгі инфекцияның алдын алу шараларын үйрену. Босанудан бұрын және кейінгі патронажды жұмыстарды ұйымдастыру. Ем-шара жүргізу бқлмесіндегі жұмысты ұйымдастыру, кеңестер жүргізу. Жүктілерге және босанушы әйелдерге күтім жасау, ондағы медбикенің ролі.
4 тақырып. Гинекологиялық науқастарға диспансерлі бақылау жүргізу. Гинекологиялық науқастарды тексеру, диспансерлеу және документтер толтыру. Әр түрлі тексерулерге жолдамалар жазу. Қынап тазалығына және цитологияға жағынды алу. Жергілікті емдерді жүзеге асыру мәселен қынапқа тампон салу, қынапты спринцтеу, қынапқа бүрку жүргізу, булау және шариктермен свечилер салу. Ем-шара бөлмесіндегі жұмыс( тері астына, бұлшық етке, көк тамырға инекция жасау). Құрал-жабдықтарды тазалау.
Гинекологиялық науқас әйелдерге күтім жасау, ондағы медбикенің ролі.
Қабылдау бөліміндегі жұмыс, ондағы документтерді толтыру ережелері. Науқастарды қабылдап оларды алғашқы өңдеуден өткізіп, біріншілікті қарау. Анамнез жинап гинекологиялық тексерулер жүргізу. Жалпы қарау яғни жыныс мүшелерін қарау, айнамен тексеру, қынаптық тексеру жүргізу. Жыныс мүшелерінің қабыну аурулары және қатерсіз, қатерлі ісікті аурулардың алдын алу шараларын іске асыру. Сүт безін пальпациялау.
6 тақырып. Жанұяны жоспарлау. Әйелдердің репродуктивті жүйесінің анатомия-физиологиялық ерекшеліктері. Жанұяны жоспарлаудың мақсатымен міндеті. Қазіргі замандағы контрацепциялық әдістер: барерді, химиялық, биологиялық, физиологиялық, жатыр ішілік контрацепция, гормональды, хирургиялық және лактациялық аменорея. Түсіктің алдын-алу. Салауатты өмір салтын ұстануды үйрету.
жұмысын ұйымдастыру
1. тақырып. Босанушы әйелге босану кезінде медбикелік көмекті ұйымдастыру. Нәрестені алғашқы өңдеу.
Босану блогындағы жұмыс. Босану блогындағы санитарлы ағарту шараларын білу. Киімдермен, құрал жабдықтарды тазартуға дайындау. Барлық заңдылықтармен танысып, оны жүзеге асыру. Ондағы нормативті документацияларды толтыру және іске асыру. Босанудың үш кезеңінде босанушыны бақылау, толғақты санау, судың жағдайын, ұрықтың жүрек соғысын қадағалау. Апгар шкаласы бойынша нәрестенің жағдайын бағалау. Кіндіктің алғашқы өңделуін жүргізу. Тыныс жолдарын, ауыз қуысын кілегейлерден тазарту. Нәрестенің бойын, салмағын өлшеп қолдарына браслет кигізу. Нәрсетеге күнделікті тазарту шараларын жүргізу. Шала туылған нәрестелерге күтім жасау оларға оттегі беріп, кувезде күтім жасау. Кеудемен емізудің заңдылықтарын үйрету, сүт безін таза ұстауға кеңес беру. Аралас тамақтандырудың көрсеткіштерін айтып, бутылка, соска және зондпен тамақтандыру заңдылықтарын үйрету қажет.
2. тақырып. Босанған әйелдерге, босанудан кейінгі аурулары бар және операциядан кейінгі әйелдерге медбикелік көмекті ұйымдастыру Жаңа босанған әйелдің жалпы күй-жағдайын бағалау. Босанудан кейінгі бөлімнің жұмысымен танысып, документациялар толтыру. Кезекшілікті өткізуге, ертеңгілік конференцияларға, дәрігермен болған обходқа қатысу. Босанушы әйелге күтім жасау, жыныс жолдарынан бөлінген бөліндіні бақылау, сыртқы жыныс мүшесін тазалау жүргізу. Жатыр жиырылуын бақылап отыру, сүт безін бала емізуге дайындау міндетті. Кеудемен емізу туралы кеңестер беріп отыру керек. Лихорадкалы әйелдерді жекелеп, оларға күтім жасау. Дене температурасын, артериалды қысымын және пульсін бақылау. Босанудан кейін жаттығулар жасату, кеңестер беру.
3.тақырып. Гинекологиялық көмекті ұйымдастыру. Гинекологиялық науқастарды тексеру әдістері . Қалалық және ауылдық жерлердегі гинекологиялық көмекті ұйымдастыру. Санитарлы ағарту жұмыстарын жүзеге асыру. Қабылдау бөліміндегі жұмыс, ондағы документтерді толтыру ережелері. Науқастарды қабылдап оларды алғашқы өңдеуден өткізіп, біріншілікті қарау. Анамнез жинап гинекологиялық тексерулер жүргізу. Жалпы қарау яғни жыныс мүшелерін қарау, айнамен тексеру, қынаптық тексеру жүргізу. Ал қосымша тексерулер жатырды зондтау, биопсияға материал алу, пункция жасау, жатыр ішін қыру, эндоскопиялық және рентгендік тексерулер жүргізу. Документтер толтыру, этика деонтология заңдылықтарын ұстану.
4.такырып. Гинекологиялық науқастарға медбикелік көмекті ұйымдастыру.Консервативті гинекологиялық бөлімдегі жұмыс. Жыныс мүшелерінің қабыну аурулары және қатерсіз, қатерлі ісікті аурулармен етеккір қызметі бұзылған науқастарға күтім жасау. Гинекологиялық көмектің түрлері(амбулаторлы, стационарлы, санатория-курортты). Консервативті емдеу шараларын жүзеге асыру( медикаментозды емдер, физио, сумен, массаж, электрлі, емдік жаттығулар). Жергілікті емдерді жүзеге асыру мәселен қынапқа тампон салу, қынапты спринцтеу, қынапқа бүрку жүргізу, булау және шариктермен свечилер салу. Оларды қағазға тіркеу, қабыну ауруларының алдын алу шараларын жүргізу. Кеңестер жүргізу, контрацепцияның түрлерімен таныстыру.
5.тақырып. Гинекологиялық науқастарды операцияға дайындау және операциядан кейінгі медбикелік көмекті ұйымдастыру.
Науқастрады жедел және жоспарлы операцияға дайындау. Көрсеткіштерімен қарсы көрсеткіштерін білу. Қынаптық операцияларға дайындау. Опреациядан кеінгі кезеңде науқастарға күтім жасау. Интенсивті палаталардағы науқастарға бақылау жүргізу, олардың жағдайын кезеңді түрде бақылап отыруға міндетті. Дәрігердің тағайындағандарын орындап, документке тіркеп отыру.
Акушерлік және гинекология бойынша практикалық біліктер мен дағдылар тізбесі: