Дисперстік жҮйелердіҢ тҰрақтылыҒы мен коагуляциясы
Агергативтік және седиментациялық тұрақтылықтар. Коагуляция. Баяу жә-не жылдам коагуляцияның кинетикасы. Дисперстік жүйелер тұрақтылығының электрстатикалық және адсорбциялық-сольваттық факторлары. Электролиттер әсерінен жүретін коагуляция. Коагуляция табалдырығы. Шульце-Гарди ереже-сі. Эйлерс-Корф критериі. Бөлшектердің таңба ауысуындағы байқалатын тұрақ-тылық белдеулері, пептизация, зольдердің бір-бірімен коагуляциялануы. Лио-фобты зольдерді электролиттермен коагуляциялаудың қазіргі заманғы Дерягин-Ландау-Фервей-Овербек (ДЛФО) теориясының негізі. Дерягин бойынша оң жә-не теріс сыналық қысымдар. Коллоидтық бөлшектердің арасында әрекеттесуші электрстатикалық және молекулалық күштер. ДЛФО теориясының жалпы тең-деулері. Агрегативтік тұрақтылықты сипаттайтын потенциалдық қисықтар. Су тазарту технологияларында коагуляция және флокуляция процестерін қолдану.
ТабиҒаты ӘртҮрлі дисперстік жҮйелердіҢ ҚҰрылымдарының ерекшеліктері
Аэрозольдер. Аэрозольдердің электрлік қасиеттері. Атмосфералық және өнеркәсіптік аэрозольдердің тұрақтылықтарын реттеу.
Эмульсиялар. Сұйытылған және концентрлі эмульсиялар. Эмульсия-лардың тұрақтылығы. Эмульгаторлар. Эмульсияның бұзылуы. Коалесценция. Мұнайды эмульсия ретінде қарастыру. Деэмульгирлеу, мұнайды сусыздандыру және тұзсыздандыру. Тура және кері эмульсияларды сіңімді тағам өнімдер кү-йінде, дәрілерді дайын препараттар ретінде және дайын косметикалық бұйым-дар деп қарастыру. Көбіктер. Көбіктердің тұрақтылығы мен бұзылуы. Тұрмыс-тық химиядағы аэрозольдер, эмульсиялар және көбіктер.