Түсіндірме жазба
Осы жұмыс оқу бағдарламасы техникалық және кәсіптік білім беру бойынша үлгілік оқу жоспарлары мен білім беретін оқу бағдарламаларына (ҚР БжҒМ 2016 жылғы 22 қаңтардағы №72 бұйрығының 361-362 қосымшаларына) сәйкес 0111000 «Негізгі орта білім беру» мамандығы 0111093 «Информатика мұғалімі» біліктілігі бойынша әзірленген.
Пәннің мақсаты – практикада тиімді қолдануға қажетті негізгі математикалық ұғымдар мен олардың арасындағы байланысты зерттеу,логикалық және алгоримдік ойлауын дамыту, математикалы есептерді қояа білу,оларды зерттеу және әдістерімен меңгеру.
«Математикалық талдау негіздері» пәні бойынша үлгілі оқу бағдарламасын іске асыру үшін оқытуды ұйымдастыру үшін келесі түрлері ұсынылады: лекция, семинар, тәжиірбелік сабақтар және басқалар.
Курс: 3
Семестр: 5-6
Барлық сағат саны: 61
Теориялық: 37
Зертханалық-тәжірибелік: 24
Бақылау: 5- семестр
Сынақ: 6- семестр
Оқу материалы мазмұнының ерекшелігі мен күрделілігіне байланысты келесі оқыту әдістері ұсынылған:Әңгіме,пікірсайыс, жағдайлық мәселелерді шешу, материалды рәсімдеу шағын топтарға жұмыс және басқалар.
Танымдық іс-әрекеттерді ұйымдастыру нысаны ұсыныстық сипатта болады.
Бөлім мен тақырыптардың тізбесі оқылатын тақырыптарды кеңейту және тереңдету жағына қарай өзгертілуі мүмкін.
Үлгілік оқу бағдарламасы келесі пәндер бойынша білім алушылардың біліміне, іскерліктері мен дағдыларына негізделеді; математика алгебра геометрия, физика, бейнелеу өнері, математикалық логика, экономика.
Пәнді келесі пәндермен байланыстырып оқыту ұсынылады: педагогика ,психология,этнопедагогика, матиматика ықтималдар теориясы математикалық теория және жаңа педагогикалық технология.
Достарыңызбен бөлісу: |