Тақырып 14. Ашық тұқымдылардың көбею мүшелерінің құрылыстық ерекшеліктері. Тұқымның пайда болуы, биологиялық маңызы. Тұқым мен жемістің таралуы.
Тақырып 15. Гүл құрылысыньің жалпы ерекшеліктері. Гүлшоғы және олардың типтері. Аталық. Тозаңдық. Жатаған сарғалдақ гүлінің құрылысын талдау және жапырақ тақталарының, күлтелерінің, аталықтары мен аналықтарының дөңес гүлтабанында орналасу заңдылықтарын анықтау. Гүлдің вегетативты өркен мен бүрге ұқсастығын байқау.
Тақырып 16. Аналықтың, тұқымбүрдің құрылысы, олардың типтері. Келесі рет бойынша өсімдіктерге толық морфологиялық сипаттау жасауды үйрену және меңгеру: гүлдің жалпы сипаты- гүл сағағы- андpоцей- гинецей.
Тақырып 17. Гүлдің диаграммасы мен формуласы. Лалагүл, итмұрын, жабайы шалқан, бұршақ, алма ағашы, шие, қияр гүлдерінің құрылысын зерттеу және олардың формуласы мен диаграммасын құру.
Тақырып 18. Жемістер. Жемістің жалпы сипаттамасы. Апокарпты, синкарпты, паракарпты және лизикарпты жемістер.
Тақырып 19. Бактериялар бөлімі. Бактерияларға жалпы сипаттамалар, жіктелуі. Клетка құрылысының ерекшеліктері олардың пішіндері.
Балдырлар бөлімі. Төменгі және жоғары сатыдағы өсімдіктер туралы тұсінік. Балдырлардың экоситемадағы алатын орны, жалпы сипаттамасы, ерекшелігі, тіршілік ортасы, көбеюі, ұрпақ аусуы. Балдырлардың систематикада алатын орны, классификациялау принциптері, филогениясы, эволюциясы, экологиясы, практикалық және табиғаттағы маңызы.
Тақырып 20. Санырауқұлақтар бөлімі. Жоғарғы және төменгі сатыдағы саңырауқұлақтар ерекшеліктері. Сапрофиттік және паразиттік тіршілікке бейімделуі, қоректенуі. Жыныстық көбеюінің эволюциялық тенденциялары. Қалта және базидия туралы түсінік. Саңырауқұлақтардың классификациялау принциптері, таралуы, маңызы.
Қыналар бөлімі. Қыналар туралы түсінік. Морфологиясы. Анатомиялық құрылысы, компоненттері. Қынадағы саңырауқұлақ пен балдырлардың арасындағы қатынасы, көбеюі. Өкілдері, таралуы, экологиялық белгілері, практикалық маңызы.
Достарыңызбен бөлісу: |