Жұмыс бағдарламасы пән: Қазақ әдебиеті Мамандығы: 0302000 «Мейірбике ісі»



бет4/7
Дата03.12.2023
өлшемі252,5 Kb.
#133655
түріЖұмыс бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Жұм.бағ.-қаз-әдебиеті.-мейірбике-ісі-1-курс

Тақырып 6.3 Сәбит Мұқанов
Өмірбаяны. Әдебиеттің барлық жанырында сүмбелі туындылар Берген ірі суреткер екені. Әдебиетті дамыту мен жас таланттарды қанатттандырудағы зор еңбегі. Ұйғырлар өмірінен алып жазған туындылары, ұйғардың көрнекті әдебиет қайраткерлерімен шығармашылық, достық, қарым-қатынасы.
Шығармалары: өлеңмен жазылған «Сұлушаш» романында әлеументтік теңсіздік құрбаны болған екі жастың өмір драмасы әсерлі өрлегені, тілі бай да бейнелі, оқиғасы қою да қызықты екені. «Ботагөз» романы – отаршылдық өктемдік пен ұлт-азаттық көкөтерілістен Кеңес өкіметінің орнауына дейінгі қилы заман хикаясын баяндайтын күрделі әлеументтік-тарихи роман.
Тақырып 6.4. Мұқтар Әуезов
Өмір жолы. Туындыларының ізігілік пен гуманистік көзқарасқа, туған халқына шексіз сүйіспеншілік пен оның тағдырына деген жанпидалық сезімге толы, философиялық терең толғаныстар пен поэтикалық сұлу сезімдерін өрлеген биік көркемдігі. Ұлы жазушының үздік әңгіме, хикаяттары, драмалары, әсіресе, «Абай жолы» романы-эпопеясыи әлем әдебиетінің таңдаулы үлгілеріне жатады. Дүние жүзінің атақты жазушыларыа мен әдебиет сыншыларының берген бағалары, 100 жылдық мерейтойының ЮНЕСКО шеңберінде атап өтілген.
Шығармалары: «Қорғансыздың құны», әңгімесі «Еңілік-Кебек» трагедиясы, «Абай-жолы» эпопеясыт т.б.
Тақырып 6.5. Ғабит Мүсірепов
Шығармашылық өьірбаянына шолу. Әңгіме жанырының шебері екені. Оның романдарымен дарамалары ХХ ғасырдағы қазақ әдебеиетінің алтын қорына қосылған әдебиет-көркемдік табысы болып саналатыны. Сөз зергері, стилист.
Халықаралық әдеби қозғалыстың көрнекі қайраткері.
Шығармалары: «Өмір жорығы», әңгімелері, «Ұлпан» романы.
Тақырып 6.6. Ғабиден Мұстафин
Жазушының өмірі мен шығармашылығы. Романист жазушының туындыларына ХХ ғасырдағы 1-жартысындағы ел өміріндегі өзгерістердің көркем бейнесі жасалғаны. «Даулдан кейін» романында Кеңес өкіметі орнағаннан кейінгі алғашқы 10 шақты жылындағы қазақ ауылының күрделі өмірі, замана шындығы, кейіпкерлердің реалистік толыққанды бейнелері сомдалған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет