Жұмыс бағдарламасы пән: «Қазақстан тарихы» Мамандығы : 0302000 «Медбике ісі»



бет3/19
Дата26.10.2022
өлшемі131,09 Kb.
#45335
түріЖұмыс бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19
2.Тақырыптық жоспар





Тараулар мен тақырыптардың аталуы

Сабақ түрі

Сағат саны

1

Ерте дәуірдегі Қазақстан.
Қола дәуіріне сипаттама және археологиялық ескерткіштер

теория

4

2

Ерте темір дәуірінің ерекшеліктері
Ғұндар, үйсіндер, қаңлылар мемлекеттері

теория

4

3

Түрік қағанаты. Батыс түрік қағанаты. Түркештер, Қарлұқтар, Оғыз және Қимақтар қағанаттары

теория

4

4

Қарахан мемлекеті. Қарақытайлар.Наймандар мен керейлер,
қыпшақтар.

теория

4

5

Моңғол мемлекетінің құрылуы және оның қазақ жеріне шапқыншылығы.

теория

4

6

Қазақстан Алтын Орданың құрамында . Ақ Орда, Моғолстан хандығы. Әбілқайыр хандығы.Ноғай Ордасы. Дешті-Қыпшақ.

теория

4

7

Қазақстандағы көшпелілер өркениетінің ерекшеліктері.
Көшпелілердің рухани мәдениеті.

теория

4

8

Қазақ халқының қалыптасуы.
Қазақ хандығының қалыптасуы мен нығаюы.

теория

4

9

XVI-XVII ғғ. қазақ хандығының саяси жағдайы мен әлеуметтік-экономикалық дамуы.

теория

4

10

ХVII-XVIII ғғ. қазақ-жоңғар соғыстары. Жоңғар басқыншыларына қарсы Отан соғысы.

теория

4

11

Ресейдің қол астына өткенге дейінгі қазақ елінің жағдайы.
Кіші жүздің Ресейге бодандығы. Әбілқайыр ханның саясаты.

теория

4

12

Патшалық Ресейдің отарлық саясаты. ХІХ ғасырдың 60-90 жылдарындағы Ресейдің Қазақстандағы әкімшілік және сот реформалары.


теория

4

13

Қазақ халқының ұлт-азаттық көтерілістерінің даму кезеңдері, ерекшеліктері, тарихи маңызы.
Сырым Датұлы бастаған Кіші жүз қазақтарының ұлт-азаттық көтерілісі.

теория

4

14

И.Тайманұлы мен М.Өтемісұлы бастаған көтерілістің сипаты.
1837-1847 жылдардағы Кенесары ханның басшылығымен болған ұлт-азаттық көтеріліс.

теория

4

15

XIX ғ.60-90 ж.Ресейдің Қазақстандағы әкімшілік және сот реформалары. Капиталистік қатынастардың дамуы.

теория

4

16

1900-1920 жылдардағы Ресейдің қоғамдық саяси өмірінің Қазақстанға әсері. Ақпан революциясы және Қазақстандағы саяси өмір. Қазан төңкерісі.

теория

4

17

1916ж. ұлт-азаттық революциясының себептері, сипаты, қозғаушы күші. Саяси партиялардың қалыптасуы және қызметтері.

теория

4

18

«Алаш» партиясының қызметі. Түркістан автономиясы. Алашорда үкіметі.

теория

4










72

19

1920-1930 ж. Қазақстан. Ф.И. Голощекин «Кіші Қазан» теориясының үстемдігі. Индустрияландыру.

теория

4

20

Күштеп ұжымдастыру, оның зардаптары. 1931-1932 жылдардағы аштық. Аштықпен күрес.

теория

4

21

Сталиннің казармалык режимінің орнауы. 30 жылдардағы жаппай қудалау, репрессиялар.

теория

4

22

Қазақстанның мәдени құрылысы. Сауатсыздықты жою. Ғылым, білім, әдебиет, өнердің дамуы. Өнер қайраткерлері.

теория

4

23

Қазақстан Ұлы Отан соғысы жылдарында. Қазақстан экономикасын майдан мүддесіне бағындыру.

теория

4

24

1950-1960 жылдардағы Қазақстан.
Индустриялық даму. Тың және тыңайған жерлерді игеру

теория

4

25

Патшаның көші-қон саясаты. Кеңес өкіметі кезеңіндегі депортация Қазақстандағы демографиялық жағдайға әсері.

теория

4

26

Қазақстандағы халықтар Ассамблеясы және оның қызметі.

теория

4

27

Қазақстан КСРО-ның құрамдас бір бөлігі. Қазақстандағы Коммунистік партияның қызметі. 1960-1980 жылдар арасындағы Д.А.Қонаевтың қызметі.

теория

4

28

Қоғамның саяси және әлеуметтік өміріндегі қайшылықтары. 1986 ж. Желтоқсан көтерілісі. КСРО-ның күйреуі.

теория

4

29

Диаспора, ирредента ұғымдары. Шетелде қазақ диаспорасының,ирредентасының қалыптасуы.

теория

4

30

Қазақстанның саяси жүйесіндегі өзгерістері. ҚР. Конституциялары. Қазақстан республикасындағы сайлау жүйесі.

теория

4

31

Қазақтардың дүниежүзілік құрылтайы.
Шетелдегі қазақтардың тарихи атамекеніне қайтып оралуы

теория

4

32

Әлеуметтік қауымдастық- Қазақстанның БҰҰ-на кіруі. Әлемдік аренадағы Қазақстан бейнесі.

теория

4

33

«Қазақстан- 2030» стратегиялық бағдарламасы. Елбасы жолдаулары. «Қазақстан-2050» стратегиялық бағдарламасы.

теория

4

34

Тәуелсіз Қазақстанның білімі, ғылымы және мәдениеті.

теория

2










62/134

3. Пәннің мазмұны
«Қазақстан тарихына» кіріспе
«Қазақстан тарихы» оқу пәніне заманауи көзқарас. Тарих, жеке тұлға, мемлекет. Отандық тарихтың қызметтері мен принциптері. Қазақстан тарихының дүниежүзі тарихындағы орны.
Қазақстан тарихындағы кезеңдер. Қазақстан тарихын оқудың негізгі әдістері. Отандық тарихты оқудағы жаңа концептуалдық жолдар.
Дерек көздері және тарихнама. Қазақстан тарихындағы заттық, этнографиялық, лингвистикалық, ауызша және жазбаша дерек көздері. Археологиялық ескерткіштер. Ежелгі Грек, ежелгі Қытай, ежелгі Рим тарихшыларының этнографиялық материалары, еңбектері. Ежелгі Парсы деректері. Көнетүркі жазбалары. Ортағасырлық авторлар еңбектері. Қазақстан тарихын зерттеудегі орыс ғалымдарының және қазақ ағарту ісі өкілдерінің сіңірген еңбектері. Қазақстан тарихындағы кеңестік тарихнама. Қазақстан тарихындағы шетелдік тарихнама. Қазақстан тарихының тәуелсіздік жылдарындағы тарихнамасы.
1 бөлім. Ежелгі дәуірдегі Қазақстан
Тақырып 1.1. Ежелгі дәуірдегі Қазақстан тарихы.
Палеолит (ежелгі тас ғасыры). Адамның пайда болуы (антропогенез). Африка және Азия территорияларындағы негізгі антропологиялық қазбалар. Қазақстанның табиғи жағдайы мен ежелгі гоминидтердің өмір сүру ортасы. Тас ғасырының археологиялық кезеңдері мен жылнамасы.
Мезолит (орта тас ғасыры). Табиғи-климаттың өзгеруі, мұздың еруі. Оңтүстік Қазақстандағы мезолиттік ескерткіштер. Материалдық мәдениеттің сипаттамасы. Табиғи жағдайлар мен еңбек құралдары арқылы шаруашылықтың өзгеруіндегі археологиялық көздерінің дәлелі. Садақ пен жебенің пайда болуы. Тастан жасалаған еңбек құралдар: микролиттер мен макролиттер. Тобыл, Нұра, Есіл өзендері жағалауларындағы ескерткіштер. Еңбек құралдарындағы айырмашылықтар. Мезолиттің тарихи орны.
Неолит (жаңа тас ғасыры). Неолиттің жалпы сипатамасы. «Неолиттік төңкеріс». Өндіруші шаруашылықтың яғни мал шаруашылығы мен егін шаруашылығының пайда болуы. Қазақстандағы неолиттік тұрақтар. Тасты өңдеу мен керамиканы даярлаудың технологиясы. Неолиттік өнердің көптүрлілігі: саздан жасалған ыдыстардағы ою-өрнектер, т.б. Матриархалдық-туыстық қоғам.
Энеолит (мыстық тас дәуірі). Мыстан жасалған құралдардың пайда болуы. Тас пен мыстан жасалған еңбек-құралдардың қатар қолданысы. Егін мен мал шаруашылығының дамуы. Орал-Ертіс өзендері арасындағы энеолит. Ботай мәдениеті. Материалдық мәдениет. Қоныстану мен баспана сипаты. Шаруашылығы. Жерлеу рәсімдері. Саз балшықтан ыдыс-аяқ жасау тәсілдері. Мәдениеттің көршілес елдер мәдениетімен өзара байланысы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет