Ситуациялық сауалдарының жауап эталондары №1 сауал Жауабы: 65кг.
№2 сауал Жауабы: 22,5
№3 сауал Жауабы: Дене салмағы индексі=28,8. Артық дене салмағы бар.
№4 сауал Жауабы : семіздіктің 2-ші дәрежесі
№5 сауал Жауабы: жақсы физикалық жұмыс істей алу қабілеті
№ 6 сауал Жауабы: орташадан төмен
№7 сауал Жауабы: қанағаттанарлық
№8 сауал Жауабы: жақсы
3 сабақ
1. Тақырыбы:Организм мен оның маңызды жүйелерінің функционалды жағдайын бағалау принциптері. Денсаулықты болжау мен физиологиялық жүйелер жағдайларының жас ерекшелігі динамикасы.
2. Мақсаты: Ағзаның жағдайын функционалдық бағалау принциптері. Физиологиялық жүйелердің жастық динамикасы және денсаулықты болжауды үйрену. Өсу кезінде және қоршаған ортаның тұрақты түрде өзгеріп отыруына байланысты ағзаның құрылымы мен қызметі де ауысып отырады, бұл аурулауды емдеу және алдын – алуда зор маңызға ие.
Денсаулықты болжау денсаулықты сақтау тәжірибесінде, емдеу – алдын алу мекемелерін жоспарлауда, медициналық қызметкерлерді дайындауда, тұрғындарды диспансеризациялауда маңызы зор.
3. Оқыту мақсаты: Студент білуі тиіс:
Функционалды жағдай түсінігі
Ағзаның функционалды жағдайы және оның маңызды жүйелерін бағалау принциптері