2.2 Пәннің мақсаты: пациенттерде егде және қарттық шақта туындайтын мәселелерді өз бетінше шешу үшін геронтология мен гериатрияда мейірбике процессін жоспарлау, іске асыру, ұйымдастыру туралы білім қалыптастыру.
2.3 Міндеттері: • егде және қарт науқастың денсаулығының жағдайын бағалау туралы терең, жүйелі білім беру;
• егде және қарт науқастарға күтім көрсетуге қажетті теориялық және практикалық негіздерді оқыту
• қарттарға стационарда және үйде медициналық көмек көрсетудің принциптерін оқыту
• кәсіби этика және гериатрия деонтологиясының принциптерін оқыту
2.4 Оқытудың соңғы нәтижесі Студент білуі керек: • гериатриядағы деонтология мен медицина этикасының негіздерін;
• қартаюдың теориясы мен механизмін;
• қарт және егде жастағы адамдардың жассына қарай организміндегі өзгерістерді;
• қарт және егде жастағы науқастармен сөйлесу ерекшеліктерін;
• реабилитация негіздерін, түрлерін, ерекшеліктерін;
• стационарда қарттардың күтімі мен медициналық көмектің принциптерін;
• қарт науқасқа үй жағдайында күтім көрсету принциптерін
• геродиететика принциптерін;
• ұзақ өмір сүрудің негізгі факторлары мен себептерін.
Үйреніп алуы керек: • қарт және егде адамдармен жұмыс жасағанда медициналық этика мен деонтологияның принциптерін қолдануды;
• науқастың жалпы жағдайын бағалауды;
• алған білімі мен дағдыларын мейірбикелік диагноз қоюда қолдануды;
• қарт және егде жастағы нақастарға стационарда және үйде күтім жасауды іске асыруды;
• гериатриялық науқастармен сөйлесуді;
• қарт және егде жастағыларға тиімді тамақтану туралы ұсыныстар беруді.
Машықтануы қажет: • науқастың функциональды жағдайын бағалауға;
• гериатриялық науқастың психикалық статусын зерттеудің экспресс-әдіспен жүргізуге;
• қарт науқасқа күтім көрсетуге;
• күтім процесіндегі науқастың орнын ауыстыру техникасына.