Ситуациялық сауалдар: 1. Операциядан кейінгі палатада асқазан ойық жара ауруы бойынша асқазан резекциясы жасалған науқас жатыр. Алғашқы тәуліктің соңында науқас жағдайы нашарлады, іш ауыруының күшеюі және ықылық қату байқалған. Жалпы жағдайы орта дәрежелі ауырлықта. Тілі құрғақ, ақ жабындымен қапталған. Іші кепкен, тынысы тарылған, ішек перистальтикасы естілмейді, жел шықпайды.
Тапсырма:
Науқаста туындаған асқыну түрін атаңыз?
Науқаста қандай қажеттіліктері бұзылған?
Науқастың мәселелерін анықтаңыз және оның басты мәселелерін айырыңыз?
Мейірбикелік процестің жоспарын және мақсатын құрыңыз.
2. Сепсиске шалдыққан науқасқа гемосорбцияның кезекті сеансын жасағаннан кейін иектен қансырау, терісінде геморрагиялық бөртпенің пайда болуы және мұрыннан қан кету байқалды.
Тапсырма:
Науқаста туындаған асқыну түрін атаңыз?
Науқаста қандай қажеттіліктері бұзылған?
Науқастың мәселелерін анықтаңыз және оның басты мәселелерін айырыңыз?
Мейірбикелік процестің жоспарын және мақсатын құрыңыз.
САБАҚ
1. Тақырыбы 5 : Травмалық шок синдромы. Диагностика және емдеу принциптері. Мейірбикелік процесті ұйымдастыру. Кеуде зақымдануында пайда болатын негізгі клиникалық синдромдар. (гемоторакс, пневмоторакс). Диагностика және емдеу принциптері. Мейірбикелік процесті ұйымдастыру.
2. МАҚСАТЫ: - Травматикалық шок синдромы кезінде мейірбикелік үрдісті ұйымдастыру, жоспарлау және оны іс жүзіне асыру бойынша білімді нықтау.
- кеуде қуысының механикалық зақымдануы кезінде науқасқа мейірбикелік процесті ұйымдастыру, жоспарлау және оны іс жүзіне асыру бойынша білімді нықтау; кеуде зақымдануында науқастың мәселелерін анықтау және оны шешу.
3. ТАПСЫРМА:
Студенттің өз бетінше атқаратын жұмыс тақырыбы бойынша әдебиеттерді жинақтау (каталогпен, журналмен, монографиялармен, анықтама кітаппен, оқу әдебиетімен, бұйрықтармен, интернетпен жұмыс жасау);
Сабақ тақырыбы бойынша конспект жазу, реферат немесе презентация, сонымен қатар көрнекі құралдар жасау;
Сабақ тақырыбы бойынша тесттік сұрақтарды шешу және ситуациялық сауалдарды талдау;
Сабақ тақырыбы бойынша 5 тесттік сұрақтар мен 2 ситуациялық сауалды өз бетінше құру;
Кеуде зақымдануында науқасты күту кезінде жеке қорғану ережелері мен танысу.